ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ТІЛЕУОВ Сатыбалды

халық ақыны. Ел еңбегін жырлаған, елі сыйлаған қадірлі азамат. Соғыс жылдарында тылда еткен еңбектері бағаланып, сол үшін «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен наградталган. 1952- 1965 жылдар аралы- гында Ленин ауданының халық ақыны атағымен аудан және облыс көлемінде бірнеше рет ақындар айтысына қатысып, жеңімпаз атанған.

БАЙТУОВА Жезмарал

1985 жылы туған. Айтыскер, жазба ақын. Төлеби аудандық мәдениет үйінің мәдениет қыз- меткері. «Ғ.Мүсіреповке - 100 жыл» жэ- не «Ұлы түркіден қалған Ұлы мүра» атты облыстық ақындар айтысында Бас жүл- дені иеленген. Сонымен қатар аудандық, облыстық, республикалық бірнеше байқаулардың жеңімпазы, Арыс қала- сында өткен облыстық «Тәуелсіздік — тү- ғырың» ақындар айтысында II орынды, облыстық «Аналарды ардақтайық!» атты айтыста Т.Әбуова атындағы жүлдені иеленген.

ДУЛАТИ Сатыбалды

1942 жылы 26 қазанда Майбұлақ ауылында туған. Орта мектептен соң 1960-80 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио комитетінде тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарған. Кәсіби орта мектепте эстетикалық тәрбие пәнін жүргізіп, ұстаздық еткен. 1982 жылдан бері шығармашылықпен айналысады. Тұңғыш өлеңдері 1960 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланып, 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен», 1990 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Мерейлі мекен» атты ұжымдық жинақтарға енген. 1993 жылы «Рауан» баспасынан «Дәуір дастан», 2000 жылы «Жалын» баспасынан «Көзімнің қарасы» және «Жан шуағы» атты өлендер жинағы шыққан.

ЗИЯБЕКОВ Сәрсенбай

1955 жылы туған. Тарихи деректерді жинақтаушы, жазба ақын. Аймақтық «Төлебидің ғажайып өрнектері» байқауының бас жүлдегері. «Ата жұрт» атты кітаптың авторы. Мұнда аудан аумағындағы жер, су, атауларының шығу тарихы, аудан аумағында ғұмыр кешкен тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметтері кеңінен баяндалған. 2016 жылы «Ең үздік жазба ақын» номинациясын алған.

ИСАТАЙҚЫЗЫ Зияда

1950жылы 2 қазан Ұйымшыл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Көп жыл Сайрам ауданындағы орта мектептерде ұстаздық еткен. Алматы, Қарағанды қалаларында өткен өнер фестивалдарының лауреаты. КСРО мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталған. Ақын. «Сәуір самалы», «Мұхтар» сынды жыр жинақтарының авторы.

КӨПБАЕВ Темірғали

1962 жылы 7 ақпанда туған. Ақын, журналист, ғалым, баспагер. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағы өткізген «Жігер» фестивалінің дипломанты. 1988 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Талай сырды ұқтырып» деген тақырыппен алғаш рет бір беттік жеке өлеңдер топтамасы жарық көрген. Бүгінгі күнге дейін «Көзмоншақ», «Жаңғырық», «Кие», «Оңтүстік», «Аңсар» атты бес жыр жинағы жарыққа шыққан. Ақынның өлеңдері бірнеше поэзиялық антологияларға енген. 2012 жылы «Кие» жыр жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілген.

ҚАЛДЫБАЙ Мамытбек

1939 жылдың 9 наурызда Қызыл Жалау ауылында туған. 1956-57 жылдары Шымкент қаласындағы кәсіптік техникалық училищесіне, 1958 жылы Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. 1969 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, 1978 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1980 жылдан 1990 жылға дейін Қазақ мемлекеттік С.М.Киров (бүгінгі Әл- Фараби) атындағы университеттің журналистика факультетінде оқытушы, 1984 жылы «Қазақ совет деректі прозасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1990 жылдан 2004 жылга дейін спорт және туризм академиясында орыс және қазақ тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2005 жылдан бері Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы. «Мерей», «Ақ жайық», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады», «Ұмытылмас кесдесулер», «Ұлы бабаларды үрпақ ұмытпайды», «Бәйдібек баба арманы», «Академик Лесбек Сейітбеков», «Бекасыл әулие», «Баукеңнің інісі», «Сахара ғұламасы», «Атақ пен шатақ», «Димекеңе кешігіп жеткен ақиқат», «Жорга мінген жорлаушы», «Елім деген ерлер», «Ешкімнен қорқып ықпаған», «Ажал апанында» деген кітаптардың авторы.

ӨНЕРБАЙҰЛЫ Әлтай

Қазақстан ауылында дүниеге келген. Бүкіл саналы ғұмырын адал да абыройлы істерге арнаған қарапайым еңбек адамы. «Бойында Сайрамсудың бір ауыл бар» атты ғұмырнамалық повестің авторы. Өзінің өмір жолын кестелі тілмен баяндай отырып, автор келешек ұрпаққа да адамгершілік әңгімелерін арнайды. Шығармадан ауылымыздың тарихы туралы көптеген мәліметтер алуга болады.

СҰЛТАНОВА Қалампыр

Төлеби ауданында туған. Ақын, Қазақстан Жур- налистер одағының мүшесі. 1996 жылы аудан әкімінің «Ана тілге құрмет» сый- лығының иегері. 2005 жылы респуб- ликалық «Жас қазақ» газетіне жариялан- ған «Әлемде элдиден асқан ән жоқ» мақаласы Ә.Бөкейхан атындағы бәйгені иеленген. 2007 жылы Төлеби ауданының 75 жылдығына арналған «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты өнер фестивалінің жеңімпазы, аудан әкімінің арнайы дипломымен марапатталған. Туған жерге деген сүйіспеншіліктен туындаған өлеңдерімен ерекшеленетін ақын.

ТАНАБАЕВ Дәркен

1968 жылы Әңгірата ауылында дүниеге келген. 1974- 1984 ж.ж. Абай орта мектебін тәмамдаған. 1991-93 ж.ж. Қызылорда мұнай қазу экспедициясында б ұ р ғ ы ш ы н ы ң көмекшісі, 2007-2009 ж.ж. Халықтар Достығы университетінің магистранты. 1993 жылдан қазіргі кезге дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытында Насос қондырғылар машинисі, бөлім шебері қызметін атқарады. «Қызға ғашық жүрегім», «Ана-ЖерАна», «Қазығұрт», «Таңғы шуақ», «Мәуелі бақ» атты өлеңдер жинағының авторы.

ХАЛМЕТОВ Талыбжан

1955 жылы Сұлтанрабат елді мекенінде дүниеге келген. 1985 жылы ансамбль жанынан «Парвоз» тобын құрған. Республикамыз бен көршілес өзбек еліне танымал көптеген әндердің авторы. Өзбекстан композиторлар кеңесінің мүшесі. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Мәде- ниет комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2001 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағына ие болған. Ол жас таланттарға сүйеу болған танымал өнер ұстазы. Сонымен қатар музыка өнеріне өз өмірінің 34 жылын арнап, ел құрметіне бөленген өнер саңлағы.

ТАСТАНБЕКОВ Үшкемпір

1938 жылы 18 ақпанда Сайрамсу елді мекенінде дүниеге келген. 1954 жылы №5 Сайрамсу 7-жылдық мектебін бітірген. 1960 жылы Шымкент цемент заводында жұмысшы болып жүріп, В.Маяковский атындағы жүмысшы-жастар кешкілік мектебінде оқып, орта білім алған. 1961 жылдан 2001 жылға дейін С.Сейфуллин атындағы колхозда әр түрлі салада жұмыс істеген. Өзіне тапсырылған жүмысты абыроймен орындап, сыйлы азамат екенін көрсете білген. Ана сүтімен келген қасиеті - өлеңге деген құштарлығы. Осы уақытқа дейін ол бірнеше дастанның (жарияланғандары - «Жолан батыр», «Қойгелді батыр» т.б), 200-ден аса өлеңнің авторы, «Өлеңім - өнер құдірет», «Жүрегіммен сырласу», «Сыр ұғынар өлеңде жатыр көмбе», «Өмір - жол, жүрегіме із тастайсың» атты әндері бар.

ТАСТАНБЕКОВА Лаура

1988 жылы Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, 8- Март елді мекенінде дүниеге келген. Шымкент қаласындағы облыстық жас ақын, термешілер мен импровизаторларға арналған мектепті бітірген. Мектеп қабырғасынан бастап жас ақындар айтысына қатысып, суырып салма өнерімен көзге түскен. Бірнеше облыстық, республикалық жастар айтысының жүлдегері, Астана, Алматы, Қызьшорда, Байқоңыр, Ақтөбе, Павлодар қалаларында өткен айтыстарда көрермен көзайымына айналып, түрлі деңгейдегі жүлделі орындарды иеленген. Соңғы жылдарда журналистік еңбегімен көзге түсіп жүрген қаламгер. Аудандық қоғамдық-саяси «Төлеби туы», одан соң облыстық «Оңтүстік Қазақстан» саяси-қоғамдық газетінде он екі жыл аға тілші болып қызмет етті. Қазір республикалық «Өзге пікір» газетінде руханият-әлеумет бөлімінің меңгерушісі. Өнер мен мәдениетке жаны жақын ақын қыз өңір руханиятының дамуына қаламмен қызмет етіп жүр.