ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ЕСЕБАЕВ Бауыржан

-1975 жылы 22 қаңтарда Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1992-1996 ж.ж. Тараз мемлекеттік университетінде, 2000-2004 ж.ж. Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып, заңгер мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Қазіргі таңда «М-проект» Өнер орталығының директоры. Композитор. «ҚР Мәдениет қайраткері», Алматы облысы, Жамбыл ауданының «Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Көпшілікке танымал «Аққуым», «Сені ойлап», «Дариға жүрек», «Таңғы елес», «Анама», «Ақ бұлт», «Жетімнің арманы», «Арман», «Моншақтым», «Жарығым-ай», «Ауыр- майды жүрек» әндерінің авторы.