ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ТАБИҒИ ГАЗ САЛАСЫ

Төлеби ауданы бойынша 55 елді мекеннің 48 елді мекені (халық саны 98174 адам, 83,7%) табиғи газ жүйесімен қамтылған. Қалған 7 елді мекенді (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кенесарық) газдандыруға республикалық бюджет есебінен 600 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі. Одан өзге Ленгер қ., Күмістөбе және Кенші көшесін Киелітас а/о, Достық елді мекенінің Астана көшесін Киелітас а/о, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе көшесін және Қорған көшесін, Кемеқалған ауыл округі Қарақия елді мекенінің Қарақия көшесін газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 173,8 млн теңге қарастырылып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан елді мекендерінің қалып кеткен көшелерін толық табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жоба құны 134 млн теңгеге сараптама қорытындысы алынып тиісті облыстық басқармаға қаржыландыруыға ұсынылды. (Көксәйек елді мекені Жастар, Төлеби көшелеріне, Жіңішке елді мекені Тұрсынбай көшесіне, Ленгір қаласындағы Сәулембаев, Таскешу және Солтүстік мөлтек ауданына және Бірінші Мамыр ауыл округі Социал елді мекені)

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

Өнеркәсіп саласында ауданда 20 кәсіпорын, оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар жұмыс атқаруда. Өнеркәсіп саласында 2022 жылдың басынан 30 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда нақты көлем индексі 80,1 пайызды құрады. Оның ішінде қайта өңдеу өнеркәсібінде 2022 жылдың басынан 28 млрд 542 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар.
2022 жылдың 9 айында 11 млрд 785 млн теңге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 104,5 пайызды құрады (2021 жылдың 9 айында - 10 млрд 946 млн теңгені құраған).
Мемлекеттік бюджет есебінен:
Республикалық бюджет - 1 млрд 667,1 млн теңге;
Жергілікті бюджет - 1 млрд 697,7 млн теңге;
Кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен – 7 млрд 090,7 млн теңге
Банктердің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттар есебінен – 1 млрд 329,1 млн тг

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Төлеби ауданының аумағы 301398 гектар. Оның ішінде, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіретін жердің көлемі 146997 га (Сайрам Өгем ұлттық табиғи паркінде жер көлемі 45398 га. «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік қорығында жер көлемі 101488 га), яғни аудан аумағының 48,5 пайызы.
Жер пайдаланушы ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін барлық агроқұрылымдар саны 3746 бірлік, оның ішінде 48 ӨК, 128 ЖШС-гі, 3570 шаруа қожалығы. Ауылшаруашылығы мақсатына пайдаланатын жердің 24,1 пайызы ӨК үлесінде, 10,2 пайызы ЖШС үлесінде, 65,7 пайызы ШҚ үлесінде. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министірлігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы №1-1/277 бұйрығына сәйкес, ауылшаруашылық өнімдерді өндіру үшін алқаптардың оптималды мамандануын пайдалану бойынша Төлеби ауданына арпа, бидай, мақсары, мал азықтық дақылдар, суармалы жерлерге; жеміс-жидектер, жүзім, картоп және көкөністерді егу белгіленген.
Мал шаруашылығы саласында етті, сүтті бағытындағы ІҚМ, жылқы, етті қой және биязы жүнді қой өсіру көрсетілген. Елбасымыз 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік резолюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдаудың аясында 5 жыл ішінде АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кемінде 2,5 есеге арттыру мақсатында «Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының 2017-2021 жылдарға арналған болжамдық еңбек өнімділігі көрсеткіштері» экономикалық даму концепциясын әзірлеген.
Бағдарлама 2018 жылдың 21 шілдесінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаға сәйкес АӨК-дегі еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есеге ұлғайту межеленіп отыр. Аталған межеге жету жолында нысаналы индикаторлар бекітіліп, Төлеби ауданының ауыл шаруашылығы саласының 2017-2021 жылдарға арналған концепциясы жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Егін шаруашылығындағы интенсивті даму өзінің шыңына жетіп отыр. Себебі, өнім көлемін ұлғайтатын, қосымша қосылатын егістік алқаптарды суармалы жерлерді улғайту арқылы қол жеткізуге мүмкіндік қарастырылуда. Жоғарыдағы талдаудың нәтижесінде аудандағы жер көлемінің өте аз болуы жерді тиімді және интенсивті пайдалану өзекті:
- Жерді тыңайту;
- Ауыспалы егіс жүйесіне көшу;
- Табиғи және минералды тыңайтқыштарды, гербицидтерді дұрыс қолдану.
- Дақылдардың жоғарғы репродукциялы жаңа сорттарының аудандастырылған тұқымдарын қолдану.
Сол себептен, егін шаруашылығында өнім көлемін 2,5 есеге арттыру бағытында суармалы жер көлемін ұлғайту, қарқынды жеміс-жидек дақылдарын егу және қайта өңдеу кәсіпорындарын салу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Егістік көлемдері бойынша 1991 жылғы статистикалық мәліметтермен салыстырып талдау жүргізілді.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Төлеби ауданында кәсіпкерліктің саны артып келеді. Қазіргі таңда ауданда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 8121 бірлікке жетіп, оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны - 7882 субъекті (97%). Жұмыспен қамтылғандар саны - 16 699 адам (алдынғы жылмен салыстырғанда 101,3% артты), олардың өндірген өніммен көрсетілген қызметтер көлемі 29 529 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,3% құрап отыр. Өзіңізге белгілі, ауданымыз аграрлық өлке болғандықтан, кәсіпкерліктің басым бөлігі осы салада қызмет етеді. Одан әрі сауда, туризм және қызмет көрсету, өндіріс салалары. Несиелендіру саласында кіші және орта бизнесті дамыту үшін жыл басынан 6100 жеке азаматтарға 3 млрд 921 млн теңгеге несие берілді. Оның ішінде «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы 2022 жылдың басынан нақты 296 млн 100 мың теңгеге 39 жоба қаржыландырылды (2021 жылдың тиісті кезеңінде 241 млн 500 мың теңгеге 32 жоба қаржыландырылған).

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Ауданда 2007 жылдың 6 айында 1056,2 млн теңге инвестиция игерілді.
Облыстық бюджеттен 204,476 млн теңге игерілді. Атап айтқанда білім саласына, денсаулық сақтау саласына және елді мекен су құбырлары құрылысына.
Кәсіпорындар мен тұрғындар есебінен 575,2 млн теңге, тұрғын үй құрылысы мен басқаларға 573,2 млн теңге игерілді.
Білім беру саласы бойынша облыстық бюджет есебінен Жоғарғы Қасқасу мектебін аяқталуы үшін 2007 жылы 18,8 млн теңге бөлінді.
«Таза су» бағдарламасына сәйкес облыстық бюджет есебінен Алғабас елді мекеніне су құбыры құрылысын аяқтау үшін 2007 жылға 34,7 млн теңге бөлінді. Ақжар елді мекеніндегі су құбырына қайта жабдықтау жұмыстарды аяқтауға 41,9 млн теңге бөлінген, игерілгені 31,1 млн теңге. Бұл нысандардың аяқталу мерзімі 2007 жылдың ІІІ-тоқсаны Инвестица тартылып, құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген нысандар:
Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Көксәйек, Қайнар, Зертас елді мекенндеріндегі жаңа массивтерінің (ауыз су, электр жүйесі) жалпы жер көлемі – 215,6 га, жер телімінің саны – 1062 дана. 2021 жылы қаралған қаражат барлығы – 1 млрд 264 млн тенге қаралып, толығымен игерілген.
Қаратөбе (электр жүйесі), Көксәйек (ауыз су, электр жүйесі), Қайнар (электр жүйесі), Зертас (ауыз су, электр жүйесі) елді мекендеріндегі жаңа массивтерінің құрылыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Ал, Қаратөбе (ауыз су), Қайнар (ауыз су), Бірінші Мамыр (ауыз су, электр жүйесі) елді мекендеріндегі жаңа массивтерінің құрылыстары 2023 жылға ауыспалы. Облыстық бюджеттен қаралатын қалдық қаражаттар (софинансирование) қаралмай отыр.
Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Көксәйек, елді мекенндеріндегі жаңа массивтерінің (табиғи газ). 2022 жылы республикалық және аудандық бюджеттерден қаралған қаражат барлығы – 109,810 млн тенге. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нысандар 2023 жылға ауыспалы. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС.
Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданындағы жаңа массивіне инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысына (электр жүйесі) нысанының құрылысына 2022 жылы бастауға республикалық бюджеттен 100 000,0 мың теңге қаралды. Нысандар 2023 жылға ауыспалы. Мердігер мекеме «ХМСУ Шымкент Мелиорация» ЖШС.