ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР

САРҚЫРАМА - ауыл маңында үш археологиялық ескерткіш бар: Базарбайтөбе IV ғасыр (қызыл көпірдің жанында), Қарауыл Төбе VII ғасыр (су айдайтын үйдің жанында), Көлбай-қала МІІ-ХІ ғасырлар (Ақсу өзенінің жағасында). Алғашқы кезде ол Көлбай ауылы атанған. Кейін табиғат ерекшелігіне байланысты Сарқырама аталған. 1905-1907 ж.ж. мұнда орыс қарашекпендері орнығып, жергілікті халықты тау етегіне қарай ысырады да, ауыл атын Подгорная деп атайды.

АҚБУРА - Қазығұрт тауының батыс беткейінің түбіндегі жыра ішінен шыгып жатқан суы мол бұлақтың атауы. Атам заманнан әулиелі жер саналып келеді.

АҚБАСТАУ ӘУЛИЕ БҰЛАҒЫ - Қазығұрт етегіндегі бұлақ. Бұлақ суының адам денсаулығына пайдасы зор. Қасиетті бұлаққа алапес ауруымен ауырған сырқаттар келіп, емделеді.

ҒАЙЫП ЕРЕН-ҚЫРЫҚ ШІЛТЕН - Ленгір қаласынан 10 шақырымдай жерде орналасқан әулиелі орын. Ол жайында ел арасында аңыз көп. Қазығұрттың басына тоқтаған Нүх пайғамбардың кемесімен байланыстырыла айтылатын Әулие Ғайып Ерен-Қырық Шілтен халық ауыз әдебиеттерінде, батырлар жырында, көптеген діни кітаптарда адамдарға септігі тиген әулие, тылсым күш иесі ретінде сипатталады. Әсіресе, әулие «МұңлықЗарлық», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Көрұғлы» жырларында көп айтылады. Аталған жырларда бұл Ислам дінімен ұштаса келген алғашқы элемент екенін бағамдау қиын емес. Қырық Шілтен (яки Иран-Ғайып) ең алдымен Хорезм, Орта Азияда туады, шеті Түркістан, Тараз. Соның бір жағы ертедегі Шашты Әзиз, Қорқыт культімен байланысты болған. Толстов өзінің «Древний Хорезм» деген еңбегінде «Қырық Шілтен» (Риджал ӘлҒайып) кейін софылық (исмайлизм) культіне айналған Мазхаб болған, олар Орта Азияда қырық- қырықтан ұйысып, ресми дінмен, саяси тәртіппен жасырын күрескен. Өздерінің құпия орындайтын салттары болған. Шілтендердің бастығы яктан, төрт құтыбын Полус деген. Иран шілтендері өз- дерін жетіпір деп атаған дейді. Шілтен - шырақшы деген сөз. Үлкен мазар, обаларды мекендеген. Толстовтың ойынша, шілтендер күндіз мешітке барып, түнде мазарларда болған, шөл кезіп, жол тосқан, молдаларды өлтірген, жолаушыға болысқан, шөлде оларға соқпай өтетін жан болмаған. Екінші жағынан олардан қорқуға да болады деп жазған. Мұндай аңызды орыс ориенталисі Андреев Түркістан ауданынан да жазып алған екен. Шілтендер жақсы жұлдызшы, уақытты аймен санаушы балгер болған. Жұрт шілтендерге жалбарынған. IX ғасырда Бағдат патшасы «Амалхан» дегені үшін түрік софысы (Калашруы) Мансұр Халлжды дарға асады. Суфизм оқуын түтынғандар Орта Азияға дәруіш, шілтен, түрінде күзгі қарғадай боп ауып келе бастайды. Өздері жеке-жеке топ болса да, әлденеше жүз мың диуана болып жүрген. «Ғайып-Иран шах Абаз» дейтін қиссада Үргеніш патшасы да соларға қосылып. «Ғайып болған». Сол негізде Орта Азияның Қазақстанға қараған шетінде «Ға- йып Ирандар» (суфизм) поэзиясы туған еді. Оның басты өкілдері - Арыстанбаб, Бақырғани, Ясауилер. «Түркістанда Түмен баб, Отырарда отыз баб, Сайрамда бар сансыз баб» дейтін сөздер содан қал- ған. Дервишизмнің өз кезінде Орта Азия поэзиясына тигізген эсері болған. Олар өз культін жырға айналдырған. Бірақ бұл Бабай-Түкті емес, онымен ұштаса келген құбьшыс. Х-ХІІ ғасырларда бүкіл суфизм оқуының орталығы - Сыр бойы (Түркістан) болған еді. Қырық Шілтендер Иран жеріндегі ассасиндер мазхабына ұқсас болған. Көп жағдайда олар хандар, молдалармен өштескен. Сөйте тұрып, өздері Орта Азияға Ислам дінін таратқан. Шыңғыс хан дінге қарсы күрес жүргізбегендіктен, шілтендер даланың талай жеріне барған. Басында шілтендер культі зороастризмнен туса керек. Өйткені шілтендер де молаға, мазарға жиналып, түні бойы 40 жерден шырақ жағып, зікір салатын болған. Парсыша «Шахл» - шырақ. Сонда бұл үрдістің дін кастасы ортасында туған Исламдық сал тұғым, мистицизм болға-нын айыру қиын емес дейді ғалымдар. Қырық Шілтен Қырғыздың «Манас» эпосында да кездеседі. «...Үлкендерден именген Манас сәлем беріп: - Ағалар, қозы бөктерген бөріні көрдіңдер ме? - деді.

ЖАЛҒЫЗ АҒАШ ӘУЛИЕ - Айналасындағы төбелерден, қыраттардан оқшауланып тұрған оңашалау биік төбеде өсіп тұрған жалгыз ағашты жергілікті жұрт әулие ағаш санайды. Ол Аққұм ауылының солтүстігінде тұр.

ЖАППАС АТА - әулиелі орын. Қаратөбе ауыл әкімшілігіне қарасты Майбұлақ ауылының жоғарғы жағында орналасқан. Қабырғаларының аумағы 3x2 метр, кесененің биіктігі ірге тасымен қоса есептегенде 2,5 метр, төбесі төрт жақтама жабылып, ортасына үш бұрышты күмбез үлгісімен жасалған. Кесене 7x5 метрлік сым темір шарбақпен қоршалған. Кесене есігі оңтүстікке қараған, темір есігі 1,50x0,90 метр. Кесененің солтүстігі төбе, оңтүстігі мен мен батысы ауыл, шығысы жазықты болып келеді. Жаппас әулиенің шырақшысы Райымбекқызы Хадиша апаның әңгімесіне қарағанда, Жаппас ата Нұр атаның нағашысы екен.

ЖЕТІМ БАЛА- Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Рабат-Леңгір автомобиль жолының жиегіндегі мазар-әулие. Аумағы 3x3 метрлік кесененің іргетасына 0,20 метрлік биіктікте цемент құйылып, 3 метр қабырғасы силикат кірпіштен өрілген. Кесене есігі оңтүстікке қараған, ашық, есік қойылмаған. Есіктің екі жақтауында 1,0 х 0,80 метрлік екі терезе бар. Кесенені айналдыра 0,70 метр ендікте цемент құйылып, оның сыртын темір тормен қоршап қойған. Қоршаудың ұзындығы мен ені 4,5 метр, биіктігі 0,90 метр. Кесене төбесі қышпен күмбезделген, диаметрі 3 метрлік күмбез биіктігі 2,0 метр шамасында.

ЖЫЛАҒАН АТА - Қайнар ауылының етегіндегі киелі жер. Көлемі кішірек, өзі келген ойпаң сайда орналасқан. Осы киелі орын жайында ел аузында мынадай аңыздар бар: Бірінші аңыз - «Ежелгі заманда қоныс жайлаулары бір-бірінен қашық, дара- дара боп отырған қазақ ауылдары әккі жаудың тұтқиылдан шабуылына қашанда әлсіз болатын. Білек біріктіріп үлгерсе жақсы, үлгермесе жау табанының астында қалатын. Осындай бір дүрбелең кезінде бір ауылдың адамдары кеп қалған қалың жаудан жасқанып, асығыс-үсігіс дүр көтеріліп, іргедегі елге жетіп, жауға қарсы тұрмақ болады. Үдере жөнелген елдің көзіне екі кішкене бала ілінбей қалады. Жаудың жендеттері әлгі екі баланы найзамен шанышқылап, сайдың екі бетіне кезек-кезек қуалап әбден-ақ азаптайды. Өкпелері өшіп, қансыраған екі баланың біреуі сайдың бір

КӨЗДІ АТА - әулиелі жер. Кеме- қалған ауыл әкімшілігіне қарасты Ақбастау ауылынан екі шақырым оңтүстік- шығысында жатыр. Сол жердегі қорым «Көзді ата әулие» атымен аталады. Көзді ата қабірінің үстіне аумағы 3x3 метрлік кесене түрғызылған. Кесененің батыс және шығыс қабырғалары ашық. Қалған екі қабырғасы 3 метр көтеріліп, төбесінің диаметрі 2,5 метр, биіктігі 1,50 метрлік күмбезбен көмкерілген.

ҚАЙНАР АТА - әулиелі жер. Ордабек бауы мен Қотырбұлақтан шығыс торабында Аңырақай атты кішкене өзен бар. Қайнарбұлақ сол өзеннен бір төбе асып түскен жерде. Оны Қайнар ата деп те атайды. Қайнар ата туралы нақты дерек жоқ. Ел арасындағы әңгіменің бірінде ол кісі емші болған екен. Осы маңда қоныстанған ауылдарды аралап, ем жасайды екен. Екінші бір әңгімеде ол кісіні жаугершілікпен байланыстырады. Бір шайқаста қатты жараланған бір жауынгер қатты сусап, осы араға келгенде әлдәрмені құрып, атынан құлайды. Қатты жарақаттан есінен танып, денесіне тиген қатты салқын судан өз-өзіне келіпті. Қараса айналасы су. Жатқан жерін қоршай ағып, үш жерден бұлақ көзі шығып жатыр екен. Содан жуынып, шайынып, жарақатын тазалайды. Осы арада бір жүмадай болып, бұлақ суымен жуған денесі жарақаттан жазылған екен. Содан Аллаға шүкіршілік жасап, әлгі жігіт осы арада тұрақтап қалыпты. Кейіннен осы бұлақ суының құдіретімен емші болған екен деседі. Бұл - ел аңызы. Бірақ аңыз астарында ақиқат бар екенін кейінгі ұрпақ дәлелдегендей. Себебі, осы бұлақ суының басына жергілікті халық мен сонау алыстан арнайы адамдар келіп, шипа тауып жатады. Қайнар ата немесе Қайнарбұлақтың басында үш көз бар. Бірінің — суы мол, екіншісі - орта, үшіншісі - тіпті аз. Үшеуінен де су қайнап, атқылап шыгады. Содан, оны жергілікті халық «Қайнар» деп атап кеткен.

ҚОТЫРБҰЛАҚ - әулиелі бұлақ. Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Зағамбар елді мекеніне жақын жердегі Алмалық деп аталатын жердің маңынан шығып жатқан суында емдік қасиеті бар бұлақ. Қотырбұлақ шипа суының айналасына сасыр, жалбыз, бүлдірген, меңдуана мен сары алма өскен. Бұлақ көзінің батысы, солтүстігі, оңтүстігі Қазығұрт тау жонымен, шығысы топырақ жол арқылы үлкен тогайлы алқаппен шектеседі. Бұлақ басы 20 х 8 метрлік темір шарбақпен қоршалган. Бұлақ суы қышыма ауруына шалдыққан науқастарга ем. Суының осы қасиетіне байланысты жергілікті жұрт бұл бұлаққа - «Қотырбұлақ» деп берген.

ҚЫЗЫЛ ҮҢГІР - Қорған ауылы мен Біркөлік санаторийі арасында тіп-тік келген, құмды топырағы қызыл түсті жартас биігінен тамптылап ағатын бұлақ бар. Жергілікті жұрт қызыл жартастағы тамшы бастаудың ерекшелігін бағалап, оны киелі бұлақ санаған. Көне әңгіме- лерге қарағанда, ерте замандарда осы бұлақтың астында аузы үңірейген, бірақ ішкі жағы тар үңгір болыпты. «Қызыл үцгір» атауы - сол үңгірге байланысты шығыпты. (Қазір ол үңгірдіц аузы жабылып калган). Кезінде осы жердегі біраз аумақ - Қызылүңгір маңы деп аталған. Тіпті, 1934- 1954 жылдары бұл жерде үш- төрт ауылды біріктірген «Қызылүңгір» ауылдық кеңесі де болған. Оның атауы да - осы үңгірдің атынан алынған. 1954 жылы Қызылүңгір ауылдық кеңесі—Карл Маркс ауылдық кеңесіне бірігеді де, атауы тарих қойнауына енеді.

МЕЙРАМ АНА - жұрт әулие санаған ана. Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Ұйымшыл ауылындағы қорымда қабірі үстіне кішкене кесене салынған. Кесененің биіктігі 2,80 метр, төбесі төрт жақтама ақ түнкемен жабылған, диаметрі 2,50, биіктігі 2,0 метрлік күмбез қойылған. Темір есігі солтүстікке қараған, кесененің іші-сырты әктелген. Кесене маңында бұлақ бар. Ол «Мейрам ана» бұлағы деп аталады. Ел арасындағы аңызәңгімелерге қарағанда, Мейрам ана Әңгір атаның (Ақ атаның) жұбайы, Ақбура әулиенің қарындасы екен. Мейрам ана мен Әңгір атаны (Ақата) ел Нұх пайғамбардан қалған пірлер деп біледі. Мейрам ана мен Әңгір атаның (Ақата) Асық және Салық деген екі баласы болыпты.

МЫҢШЕЙІТ ӘУЛИЕ - Ертеректе Қарасора аталған ауыл кейінірек Кеңес өкіметі орнаған соң, Кеңесарық ауылы деп аталған. Осы Кеңесарық ауылына жақын жерде Жергентал, Сарымсақсай, Қорғантас, Қапшағай, Мыңжылқы деген жайлау-қоныстар бар. Сарымсақсайдың етек жағындағы Сайрамсудың бойынан Мыңшейіт деген әулие көрінеді. Алқап ішінде диаметрі әртүрлі көп төбешіктер бар, оны жергілікті халық «Мыңшейіт әулие қорымы» деп атап, киелі мекен ретінде бағалайды. Кейде «Мыңшейіт әулие аңғары» дейді.

НҰРАТА ӘУЛИЕ - Қаратөбе а.о. қарасты Майбұлақ аулына жақын жерде орналасқан киелі орын. Көне әңгімелерге сенсек, Шыңғысханның замандасы атақты Майқы би атамыз қартайған шағында осында келіп тұрақтап, дүниеден өткен екен. Оны жұрт өз атымен атамай, Нұр ата деп атайды екен. Оның мүрдесі қойылған жер де Нүрата атаныпты. Көп жылдан бері Нұр Ата әулие жайлыдеректер жинап, іздестіріп жүрген Майбұлақ орта мектебінің байырғы мұғалімі, зейнеткер Жақсылық Сыдықбаевтың жазуынша, Нұр ата көне түркі тайпалар одағынан құрылған Қарахан мемлекетінің билік құрған кезінде өмір сүрген.

СОҚЫШ АТА - шын аты - Әшет. Шілде айында шалық ұрып, есінен ауысып, кеселге ұшырағандарды емдейтін халық арасындағы аузы дуалы, әулие кісілер болған. Ел арасында қамшысымен бір сипап өтіп, дем салатын Соққыш атаны кезінде Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт, Арыс, Ордабасы аудандарының тұрғындары пір тұтып, осындай ауруды емдейтін әулие кісі ретінде бас иген. Соққыш ата жас кезінен-ақ арқалы кісі болған екен. Кеңестік саясат бойынша дінге қарсы шығу кезеңінде қуғынға ұшырап, екі рет түрмеге жабылған. Ем іздеп келгендерді алдына етпеттей жатқызып, жауырынына қамшысымен бір-екі соғып, ары-бері аттап өтеді екен. Есі ауысқандар, шошымалыға ұшырағандар, бала көтермей жүргендерді емдеген. Ол келе жатқанда әйелдер етпеттей жата кетеді екен. Соққыш ата атымен үстерінен өтіп, қамшысымен арқаларын соғып өте шығады екен. Ол 1982 жылы жетпіс жасында қайтыс болған.

СУЛЫ ҮҢГІР - әулиелі жер. Қасқасу ауылдық округінен 12 шақырым оңтүстік-шығыстағы тау бөктерінде орналасқан. Сайрамсу өзені бойымен жоғары өрлегенде, сол қанаттан Қорғантас қойнауы басталады. Оңтүстікке бұрылып, қойнау бойымен 4 шақырымдай өзен бойлай жүрген соң, екі беткейден бірбіріне қарама-қарсы орналасқан үлкен қойтасты алқап кездеседі. Оң қанаттағы тас шоғырының биіктігі 350-400 метр аралығында болса, сол қанаттағы тас шоғыры солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай 750- 800 метр созылып, өзен жиегінде аяқталады. Сулы үңгір өзен жиегінде аяқталатын биіктігі 22-25 метрлік тас шоқысында орналасқан. Тас бойын жағалап 20-22 метрдей жоғары өрлеген соң, тас шоғырларының алғашқы шоқысы басталады. 750-800 метрлік тас шоғыры бойында осындай шоқылардың саны - жетеу. Сулы үңгір киелі орны алғашқы шоқыда. Үңгір аузы солтүстікке қараған, диаметрі - 1,20 метр. Үңгірге кірген соң, бөлме іші екіге бөлінеді: оң және сол. Оң қапталдағы бөлме диаметрі 2,0 метр, биіктігі 1,80 метрдей. Ол бөлмені жатын бөлмесі деп атайды. Өйткені бөлме іші құрғақ, ауасы таза және жарық. Бөлме іші әрі жылы. Сол қапталдағы бөлме диаметрі - 5,5 метр, биіктігі - 4,5 метр. Бұл бөлменің іші дымқыл, сызды, әрі сулы. Екі бөлмені ортадағы диаметрі 1,0 метрлік тіреу тас бөліп түр. Тіреу тастың оңтүстік бетімен де, солтүстік бетімен де үлкен бөлмеге өтуге болады. Диаметрі 5,5 метрлік бөлме шығысқа созыла түсіп, сүйірлене келіп, 2,0 метрдей биіктікке көтеріледі. Үлкен бөлменің барлық жері намданып, суланып, су шығып тұрады.

ШҮҢКІЛДЕК ЖАЙЛАУЫ - Ертеректе Сайрамда Шүңкілдек деген бай болған екен. Ол бірде балгерлерге бал аштырғанда, сенің ажалың қарақұрттан келеді деген сөз естиді. Ажалдан қорыққан Шүңкілдек жаз шығысымен Алатаудың ең биік асуынан асып шыбын-шіркейі, құрт-құмырсқасы болмайтын кең жайлауды жайлайды. Күзгі суық түскен соң ғана Сайрамсу бойындағы қыстауына келеді екен. Ол осылайша талай жыл өмір сүріпті. Қартайған шағында елден жүзім алдырып жепті. Жүзім арасынан бір қарақұрт ілесе барған екен. Шүңкілдек түнде ұйықтап жатқанда, сол қарақұрт шағып, ажалы содан келген екен. Оның бейіті осы күнге дейін бар. Әрі-бері өткен адамдар құран оқып, зиянат етеді.

ТӨРТТАЛ БҰЛАҚ - қазіргі Аққүм ауылының шығыс-түстік бетіндегі мөлдір сулы бастау. Ертеректе осы бастаудың басында қазқатар болып төрт тал ағашы өсіп, жайқалып түрады екен. Соған байланысты бұлақ атауы - «Төрттал бұлақ» атанған. Суының емдік қасиеті болғандықтан, жергілікті жұрт бұл бастауды «Әулие бұлақ» деп те атайды.

ТЕСІКТАС ӘУЛИЕ - Қарасора өзеншесінің Сайрамсуға қосылған жартас үстіндігі мүйісте үлкен тас шоғыры бар. Осы тасшоғырының батыс мүйісіндегі диаметрі 5,5-6,0 метрлік үлкен тастың батыс қапталына таяу, дәл орта тұсында адам еркін сыйып кететін тесік тасты жергілікті халық «Тесіктас әулие» деп атайды.

ҮҢГІРЛІ ӘУЛИЕ - Бірінші Мамьір ауылдық округіне қарасты Қоңырбөрік ауылының шығысы жағында, анықтап айтқанда, шағын өзен бойынан 35-40 метрдей биік беткейде орналасқан. Бет- кейде биіктігі 8 метр, ұзындағы 28-30 метр келетін қатпар тасты алқап бар. Осы жерде үлкен үңгір бар. Үңгірдің үсті де қатпар тасты келген. Алыстан қарағанда, осы көрініс екі көз бен мұрынды, ал қатпарлы тастар қалың қасты адамның бет- бейнесін көз алдыңызға елестеді.

ҮШБҮЛАҚ ӘУЛИЕ - Қасқасу ауылдық округіне қарасты Кеңесарық ауылындағы сай етегіндегі бұлақ. Бұлақ суы үш жерден шығып, бір арнада тоғысады. Ара қашықтықтары әр түрлі. Бірінші бұлақ пен екінші бұлақ көзінің арасы 3 метрдей, ал екінші бұлақ көзі мен үшінші бұлақ көзінің арасы ұзақтау - 10-12 метр келеді. Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік бұлақ көзі деп аталатын үш бұлақ суы Қарасора өзеніне құяды.

АҚҚҰМАЙ - қазіргі Жаңакүш ауылынан жоғарырақ тұрған Төменгі Қақпатас маңындағы киелі жер аты. Көнекөздердің айтуынша, ілкі заманда жаумен шайқасқан қазақ сарбаздары Тоғысты өрлей шегініп, осы тұста өкшелеген дұшпандарды тосып алған екен. Сол соғыста қазақ жасақтарының Аққұмай деген батыры мерт болып, сондагы шағын төбе түбіне жерленген екен. Осыған байланысты сол жерді жергілікті жұрт киелі орын санайды.

АҚМЕШІТ - Бірінші Мамыр а.о. қарасты тау шатқалы арасындағы әулиелі жер. Аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбардың төрт шарының бірі - Хазірет Әлі ислам дінін насихаттау мақсатында осы өңірге келіп, сол жердегі үңгірге таяу жерге ақ тастардан мешіт салыпты. Және сондағы бастау басындағы тастарға оның аяқ, қол іздері қалыпты. Бірақ қазіргі күндері мешіт жоқ. Сонда да болса, сол бір табиғаты аса көрікті шатқалдың «Ақмешіт» деген атауы ғасырдан-ғасырға өшпей келеді.

ӘҢГІРАТА - «Кемеқалған» а.о. қарасты ауыл. Ауыл атының Әңгірата аталуы жайында ел аузында қалған мынадай әңгіме бар: «Ілкіде Қазығұрт өңіріне Әңгір және Шәңгір деген екі ғұлама ислам дінін таратуға келген екен. Екеуі де көзі тірісінде-ақ әулие атаныпты. Құрани ілімдер мен Алладан берілген құдіретті қасиеттің арқасында олар табиғаттың бар тылсым күштерін игеріпті.

БАЙНАЗАР ЖОТАСЫ - Мәдени ауылына таяу жерде тұрған үлкен жотаның атауы. Ілгері заманда осы жота етегінде елге қайырымды, қолы ашық Байназар деген бай тұрған екен. Жота сол кісінің намымен аталып қалған.

ГЕОРГИЕВКА - Патшалық Ресей кезіндегі және кеңес үкіметі тұсындағы село. Ескілікті атауы - Көксәйек. 1890- 1892 жылдары мұнда ішкі Ресейден ауып келген славян келімсектері орнығып, село атын Егорьевка деп атаған. 1902 жылы мұнда православ келімсектердің шіркеуі тұрғызылып, ол «Жеңімпаз әулие Георгий храмы» (Храм святого Георгия Победоносца) деп аталады. Осы шіркеудің атына байланысты Егорьевка селосы да Георгиевка деп атала бастайды.

ДАРБАЗА - Үлкен Балдыберек өзенінің бастау алатын жерде қырғыз еліне асатын етек табанында тар жолы бар шатқал. Бұл жол ерте заманнан бері бергі жақтағы қазақ ауылдары мен Алатаудың арғы бетіндегі қырғыз елінің арасын жалғаған. Шатқал аузы әдейі қолдан қашалып, ойып жасалған сияқты. Сондықтан да оны халық «Дарбаза» деп атап кеткен. Ол тау арасындағы осы жолға кіре беріс қақпа болған соң «Дарбаза» атанған.

ДАҢҒЫРАШАЛДЫ - Төңкеріс ауылының етек жағындағы үштұмсықтанып батысқа сүғына орналасқан үлкен төбе. Кейбіреулер оны Домбырашалды деп те атайды. Негізінде, оның дұрыс атауы - Даңғырашалды. 1627 жылы Есімхан мен Тұрсынханның атақты соғысы тура осы тұста басталған. Арғы Иірсу жақтан келген Есімхан бергі Қаратөбе етегінде тұрған Тұрсынханның әскеріне қарсы соғыстың алдында тура осы төбенің басында тұрып, майданның басталуы жайында даңғыра (дауылпаз) шалдырған. Осы оқиғаға байланысты төбе «Даңғырашалды» атанған.

ДИХАНКӨЛ - қазіргі Диханкөл ауылының түрғындарының ата-бабалары бұрындары тауға жақын Мыңбайыр деген қыраттың етегінде отырған. Үкімет белсенділері 1930 жылдардағы ұжымдастыру кезінде сол тұрғындары бергі етекке түсіріп, егіс әртелін ұйымдастырған. Жаңадан ұйымдасқан әртел мүшелері егіншілікпен шұғылдануы үшін таудан келетін Қызылсу, Сарқырама деген кішігірім өзеншелердің етегінен су жиналатын көл жасаған. Сол жасанды көлдің суымен егіндерін суарған. Кеңестік ұран бойынша, қолдан жасалған көлге «Дихандардың көлі» деген мағынаны беретін «Диханкөл» деп ат қойған. 1933 жылы сол ауылда алғаш құрылған колхоз да сол атаумен аталған.

ДОҢЫЗТАУ - Қаражантау сілемдері етегінен бастау алып, Достық ауылы маңында Бадамға құятын өзен. Жолай оған Біркөлік суы қосылады. Ертеде оның қалың ағаш пен жалбыз-қамыс басқан нулы бастауының жағасында жабайы шошқалар көп болады екен. Жабайы шошқаны ертеде қазақтар «доныз» деп атаған. «Доңызтау» атауы - сол доңыздарға байланысты қалыптасқан. 1900 жылдардағы орыс жазбаларында -Доңызтау ауылын №2 ауыл деп көрсетеді. Ол - қазіргі Екпіндінің орнындағы ауыл.

ДОРОФЕЕВКА - 1892 жылы бұрынғы Жалғандық ауылының шығыс бетіндегі жазыққа орын тепкен алғашқы орыс селосы. Дорофеев генерал Черняевтің қол астында қызмет етіп, 1865 жылы осы өңірге алғаш рет барлау жасаған капитан. 1891 жылы алғаш рет Мұнда 25 орыс отбасы көшіп келген. 1902 жылғы дерек бойынша, бұл селода славяндардың 115 үйі болған. Оларда 727 адам (387 еркек, 340 әйел) тұрған. 1900 жылы Дорофеев селосында әрқайсында 50 баладан оқитын орыс мектебі жұмыс істеген. Бұл село 1924 жылы - Первомаевка селосы болып өзгертілген.

ЕГОРЬЕВКА - қазіргі Төлеби жерінде бірінші пайда болған славяндар селосы. Алғашқы негізі 1890 жылы қаланған. Сол жылы Мұнда 30 славян отбасы келіп қоныстанған. 1891 -92 жылдары бұл селода қарашекпендердің қатары көбейеді. Соның негізінде, Сайрамсу бойынан келімсектердің жаңа селосы құрылады. Олардың Егоров деген старостасы болған екен. Бір жылдан кейін уезден келген жер өлшеушілер жаңа селоны әлгі старостаның намымен Егорьевка деп атап кетеді. 1902 жылы Егорьевка - Георгиевка деп аталады.

ЖАЛҒАНДЫҚ ПЕН КӨКТАЛ - қазіргі Бірінші Мамыр жеріне орыс отарлаушылары келмей тұрып, бұл ауылдың Бадам беттегі бөлігі - Көктал, жағалаудан сәл ұзақтау орналасқан бөлігі - Жалғандық деп аталган. Дорофеевка осы Жалғандыққа жалгас шығыс беттегі жазыққа орын тепкен.

ЖАҢАЖОЛ - Бірінші Мамыр а.о. қарасты ауыл аты. Патшалық Ресей отарлаушыларының 1900 жылдардагы деректерінде бұл ауыл - «Қоңырбөрік» деген атпен кездеседі. 1930 жылдары ауыл - «Жаңажол» және «Қызыл әскер» деген екі колхозға бөлінген. 1950 жылы «Жаңажол» мен «Қызыл әскер» колхоздары - «Октябръ-Төңкеріс» колхозына бірігеді. «Октябрь-Төңкеріс» колхозы 1957 жылы «III Интернационал» колхозына қосылады. Сөйтіп, «Жаңажол» мен «Қызыл Әскер» бірігіп, бір Қызыл Әскер ауылына айналады. 1961 жылы «III- Интернационал» колхозы - жаңадан ашылған «Бірінші Мамыр» совхозына қосылады да, Қызыл Әскер оның бір бөлімшесі болады. 2008 жылдан Қызыл Әскер ауылы — Жаңажол ауылы болып өзгертілген.

ЖАРТЫТӨБЕ - Қаратөбе а.о. қарасты Қостөбе ауылының маңындағы көне қорымы бар төбе. Негізінде, ескілікті заманнан қалған қолдан үйілген төбе. Ескі Сақ-Үйсін заманының қорым-обасы болуы да кәдік. Тұрқының ерекшелігіне байланысты ауыл қариялары оны Қарауылтөбе деп те атайды.

ЖОЛБАРЫС ТӨБЕ - Шұбарағаш пен Шатыртөбе ауылдары аралығында үлкен сайдың жиегіндегі үлкен көне қорым орны. Сырттай қараған адам оның ертеде осы жерді жайлаған тайпалардан қалған ескі қоныс екенін бірден ажыратады.

ЖЫЛАНБҰЗҒАН АУЫЛЫ - Қазығұрттың солтүстік бетін ала батысқа қарай созылған жотаның табанын бойлай ағатын Бадам өзенінің Тоғыспен қосылар тұсынан біршама Жоғарырақ жатқан боз далаға орналасқан. Атаудың шығу тарихы туралы мынадай тарихи аңыз бар: Бұл жерге алғаш қоныстанған сайрамдық сұлтан деген қожа кісі екен. Жылдар өте ауыл үлкейіп ірі сауда орталығына айналады.

ЗАҒАМБАР - Бірінші Мамыр а.о. қарасты ауыл аты. Кейбір зерттеушілердің тұжырымы бойынша, ерте заманда өңірімізді жайлаған Сақ тайпаларынан қалған атау. Олардың айтуынша: бұл сөздің түбірі - «Сақ». Ал «амбар» - «қоныс», «ұялы жер» деген мағынаны білдіреді екен. Осы екі сөздің бірігуінен «Сақамбар» деген атау шыққан. Ол келе-келе - «Зағамбар» атауы болып қалыптасқан екен.

ЗЕРТАС - ауыл аты. Ілгеріде осы жерде Сүлеймен есімді әр түрлі асыл тастардан зергерлік бұйым жасайтын зергер тұрыпты. Оның арнайы шеберханасы болыпты. Шеберханада жасаған әшекей заттарына осы маңдағы зерлі тастарды да пайдаланыпты. Содан Сүлеймен зергердің есімі алысқа жайылып, оның тұрған жері Зертас аталыпты.

КЕҢЕСАРЫҚ - Қасқасу а.о. қарасты ауыл аты. Ертеректе Қарасора аталған. Кеңес кезіндегі ұжымдастыру уақытында Қарасора бастауынан әртелдер мен шаруашылық серіктестіктерінің егістіктерін суаруға арықтар қазылыпты. Осы жұмысқа және кеңестік жаңа саясатқа байланысты ауыл аты - «Кеңесарық» атаныпты. Бұл атаудың шығу тегінің тағы бір нұсқасында - «Ілкіде осы жердің тұрғындары жыл сайынғы жазда, көктемде Қарасора арығының басында ел мәселесін шешетін кеңес өткізеді екен. Ауыл аты осындай жиындарға орай «Кеңесарық,» аталған» делінеді.

КЕМЕҚАЛҒАН - Қазығұрт тауындағы киелі орын. Топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесі қайырылған жер. Тау басында кеме орнындай жазық жер бар. Бұл таудың батыс сілеміндегі мүйісі. Осы жерде үңгір бар. Осындагы биік жартастың біріне соңгы кезде Қазығұртты қасиет тұтатын азаматтар «Осында Нұх пайғамбардың кемесі қайырылған» деген ескерткіш белгі орнатқан.

КӨРІК - Зертас ауылының шығыс жағындағы бүрынғы елді-мекен атауы. Ежелгі кезде мұнда тұрмысқа қажетті керемикалық заттар шығаратын шеберханалар мен металл өңдейтін ұстаханалар болған екен. Жалпы, қазақ көрік деп темір ұстаханаларда металл балқытатын пештің отын қыздырып тұратын былғарыдан немесе теріден жасалған жел үрлейтін құралды атайды. Осы құралда жұмыс істеушіні көрікші дейді. Ауылдың ескілікті Көрік деген атауы осы себепке байланысты шыққан. Осы жерде тұратын қариялар өз ауылдарын әлі күнге дейін Көрік деп атайды. Көрік бүгінде Зертасқа қосылып кеткен.

ҚЫРЫҚҚЫЗ - Бадам өзенінің бастау тұсындағы таудың қия беткейінде бір- біріне арқа сүйеп, қатарласа тұрған адам бейнесіне ұқсас тастар шоғыры осылай аталады. Бір жаугершілік заманда Гүлайым есімді қыз қасына өзі сияқты кілең өжет қыздарды жинап, басқыншы дұшпанмен айқасқа түсіпті. Бір шайқаста Гүлайым бастаған қырық қыз жаудың қоршауында қалады. Сонда жаудың қолына түсіп, қорлыққа тап болғысы келмеген қырық қыз: «О, Құдай, бар болсаң, бізді жаудың мазағы мен қорлығына ұшыратқанша, бәрімізді тасқа айналдыра сал!» деп барлығы бірдей күңірене жалыныпты. Көктегі Құдай жаны таза, жүрегі пэк, болмысы адал өжет қыздардың тілегін ілезде қабылдап, бәрін бірдемде тасқа айналдыра салыпты». Осы аңызға орай бұл тастар шоғыры ел ішінде «Қырыққыз» аталады.

ЛЕНГІР - қала атауы. Оның этимологиясы әлі күнге дейін бір ізге түскен жоқ. Біреулер жұртшылыққа бұл атаудың түп-төркінін тек ел аузында айтылып жүрген аңыз бойынша ғана түсіндіріп жүр. Сол аңыз бұл атаудың сырын былай баяндайды: «Ілгері заманда Көктерек (Момынайсу) өзенінің жағасы қалың қамыс пен жыңғыл, тікенікті ағаштар басқан ну екен. Осы нудан мал атаулы ары-бері өткенде әлгі тікенекті ағаштар олардың жүндерін іліп алып қалып отырады екен. Содан бұл сай «Іліңгір сай», кейін осы сөз жалғыз «Іліңгірге» айналыпты. Ал тағы біраз уақыт өткенде «Іліңгір» қазақтың жалпақ тіліне орай «Ленгір», орысша нұсқада «Ленгер» аталыпты».

МАМАШӘРІП ҚОРЫМЫ - Таске- шу ауылының оңтүстік-батысындагы Бадам өзенінің жағасында орналасқан Қарауылтөбе қорғанының етегінде жатқан көне мазар. Аңыз бойынша, Мамашәріп кезінде күллі Сайрам аймағына аты шыққан діндәр, ел басқарган ақьлгөй адам болыпты. Ол бақилық болғанда, мәйіті осында қойылған. Кейінгі заманда бұл жер үлкен молаға айналып, әулиелі қорым атанған.

МӘДЕНИ - Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты ауыл. Мұнда алғаш рет 1795-1895 ж.ж. өмір сүрген Сиқым руынан шыққан Жаманби өрені Сеңгірбай бастаған топ келіп қоныстанған. Ақсу өзені жағалауынан солтүстікке қарай өрлей жалғасқан үлкен аңғардың, сайжыраның бойында орналасқан. Ауылдың алғашқы атауы - Ақсай болыпты.