ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
АБДУЛЛАЕВ Қалық

1942 жылы 28 маусымда Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтын, Мәскеу қаласындағы КОКП ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын, Мәскеу қаласындағы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашьшығы академиясын бітірген. Еңбек жолын «Южказәнергоның» аудандық басқармасында инженер қызметінен бастаған. 1974 жылы «Южказәнерго» аймақтық басқармасына бас инженер, кейін басқарма бастығы, 1982 жылы Қазақ КСР Энергетика министрінің бірінші орынбасары. Шымкент қалалық, ОҚО Халық депутаттары кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты, 1992-95 ж.ж. Қазақстандық іскер ынтымақтастық орталығы «Атакент» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы, 1996- 1997 ж.ж. ҚР Президентінің кеңесшісі, 1997-1999 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері.

АЙДАРБЕКОВА Күлия

1960 жылы 15 қазанда Аққүм ауылында дү- ниеге келген. 1982 жылы Алматы қала- сындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік у н и в е р с и т е т і н і ң журналистика факультетін бітірген. «Фосфор үшін», Ленгір аудандық «Ильич жолы», «Путь Ильи- ча» газеттерінде тілші, бөлім меңге- рушісі болды. Одан кейін аудан әкімі аппаратының инспекторы, тіл бөлімінің меңгерушісі, аудандық ақпарат жэ- не мәдениет бөлімінің бас маманы, осы бөлімінің меңгерушісі, облыстық мәде- ниет басқарма бастығының орынбасары, басшысы болған. «Аманат», «Анаға тағзым», «Әкеге құрмет», «Қазақ қызы» атты кітаптардың авторы. «Құрмет» орденінің иегері. Төлеби ау данының Құрметті азаматы.

ӘЛИЕВ Мұхит

1952 жылы 11 мамырда Аққұм ауылында туған. 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының инженермеханик факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын Алматы «Культбыстрой-18» кұрылыс- монтаж басқармасында бастаған. 1975-1979 ж.ж. Шымкент Фосфор зауытында құюшы, балқытушы, 1979-1992 ж.ж. Шымкент жүк көлігі басқармасында инженер, бөлім бастығы, кәсіпорын директоры, 1992-1998 ж.ж. ОҚО жолаушылар көлігі кәсіпорнында бас директор, ОҚО-ның әкімшілігі көлік департаментінің бастығы, 1998-1999 ж.ж. Шымкент қаласының әкімінің орынбасары, «ОРДА» ЖШС басқармасының төрағасы, 2002- 2006 ж.ж. Сайрам, Төлеби аудандарының әкімі болған.

ДОСАЛИЕВ Қанатбек

1954 жылы Алғабас ауылында өмір есігін ашқан. 1971 жылы Киров атындағы КазМУ-інің философия факультетін бітірген. Еңбек жолын Жезқазган пединститутында оқытушы болып бастаған. 1980 жылы философия бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1987-2004 ж.ж. Шымкент педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік заң университетінің Шымкент филиалының директоры, ОҚМУ мәдениет және өнер институтының директоры, 2004 жылдан қазірге дейін Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінің директоры. 40-тан астам ғылыми еңбектің, 3 монография, 4 оқу құралының авторы. Заң ғылымдарының докторы.

ҮЙСЕНБИ Қабыл

Д 1959 жылы 26 наурызда Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 1975 жылы «Қаратөбе» орта мектебін, 1980 жылы Қазақ химия- технология институтын, 1998 жылы ОҚ Экономика және құқық колледжін және Аймақтық элеуметтік инновациялық университетін, 2001 жылы М.Әуезов атындағы университеттің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Ташкент облысы, Шыршық қаласындағы Трансформатор зауытында инженертехнолог қызметінен бастап, аға инженер, техбюро бастығы болып еңбек еткен. 1987- 1989 ж.ж. Шыршық «Электрохимпром» өндірістік бірлестігінде мемлекеттік қабылдау органының өкілі, «Капролактам» өндірісінде №4 цех бастығының орынбасары, 1990-1993 ж.ж. Шымкент «Электроаппарат» зауытында кұрастыру-жинау цехының бастығы, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланды.

ЖОЛАЕВ Рақымбек

1979 жылы Аққұм ауылында туған. 2002- 2007 ж.ж. Жамбыл қазақ-түрік ұлдар лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл қазақ-түрік ұлдар лицейінің интернат меңгерушісі. Қостанайдагы дарынды балаларға арналган қазақ-түрік лицейинтернатының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Көкшетаудағы д.б.а. қазақтүрік лицей-интерна- тының, 2007-2011 ж.ж. Жезқазгандагы д.б.а. қазақ-түрік ерлер лицей интернатының, Қарағандыдагы д.б.а. қазақтүрік ерлер лицей-интернатының директоры. 2012-2018 ж.ж. «НұрОрда» қазақ-түрік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қазақ гуманитарлық заң уни- верситетінің проректоры, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана халық- аралық университетінің вице-прези- денті, 2019 жылдан Түркістан облысы- ның адами әлеуетті дамыту басқармасының (білім басқармасының) басшысы.

ЖҰМЖАЕВ Ғалымжан

1958 жылы Көксәйек ауылында туған. Алматы ауылшаруашылық институтын бітірген. Облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жастар одағының бөлім меңгерушісі, Қазығұрт, Төлеби аудандарының және Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Облыстық жер инспекциясының бастығы.

ЗИЯБЕКОВА Зина

1952 жылы 17 қаңтарда Қызыл Әскер ауылында дүниеге келген. 1969 жылы «Жаңажол» орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1970 жылы Қызыл Әскер бөлімшесінің №5 тауарлы-сүт фермасында сауыншы бо- лып бастаған. Комсомол жастар бригадасын құрып, әр бас сиырдан төрт мың литрге дейін сүт сауып, атағы аудан, облыстан асып, республикаға танылған. Қайсар қыздың ерен еңбегі ескеріліп, 1973 жылы облыстық кеңеске, 1980-1985 ж.ж. екі рет Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланады. 1976 жылы Қазақстан компартиясының XIV- съезіне, 1986 жылы XVI съезіне, 1981 жылы КОКП-ның XXVI съезіне Шымкент облысынан делегат болып сайланды. 1976 жылы 24 жасында «Құрмет белгісі», 1985 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің «Құрмет» грамотасымен, ВДНХ- ының күміс, қола медальдарымен марапатталған. 1989-1991 ж.ж. Қызыл Әскер ауылына 740 орынды 3 қабатты жаңа мектеп ғимаратының салынуына көмегін тигізген.

ИСАҚҰЛОВ Ержан

1953 жылдың 15 маусымында Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Кеңесарық» (Қарасора) елді мекенінде дүниеге келген. 1974 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетін бітірген. 1974-1976 жылдары «Қазақалтын» тау-кен байыту комбинаты мен Шымкент қорғасын зауытында шебер болып жұмыс атқарған. 1977-2007 жылдар аралығында Қазақ ССР-нің Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитетінде ( әрі қарай-ҰҚК) әскери қызметте болған. 1995-2001 жылдары Ақмола облысы бойынша ҰҚК-і және Астана қаласы бойынша ҰҚК-і Департаменттерінің бастығы болған. Сол жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқару билігін Алматыдан Астанаға көшірілуін қамтамасыз еткен. Саясат ғылымдарының докторы,4 монографияның,3 оқу құралы мен 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

НАЗАРБЕКОВ Төлепбек

1927 жылы 17 мамырда Екпінді ауылында туған. Еңбек жолын ауылдық кеңестің хатшысы болып бастаған. Москвадағы Ленин орденді Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітіргеннен соң әртүрлі басшылық лауазымдарда қызметте болды. Тұрбат МТС-нің бас агрономы, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы, Қазақстан компартиясы Қаратас аудандық комитетінің хатшысы, Қазақстан компартиясы ОҚО комитеті ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық кеңшарлар басқармасы бастығының орынбасары, кеңшар-ұжымшар аймақтық басқармасының бастығы, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Қазақстан компартиясы Созақ, Бөген аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы. 1976-1987 ж.ж. облыстық орман шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде жүріп, Шымкенттегі дендробақтың салынып, көркеюіне үлкен үлес қосты. Шымкент қалалық дендробақ және демалыс аймағын құрып, көріктендіруге қосқан зор үлесі үшін оған Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.

ӨСЕРБАЕВ Аңсар

1976 жылы 10- ма- усымда Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1997 жылы ОҚМУ-ін, 2004 жылы Қарағанды экономи- калық университетін бітірген. 1997-2008 ж.ж. Шымкент қала- лық әкімшілігінің ха- лықты жүмыспен қамту басқармасы және ОҚО халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлімінің бастығы, ОҚО ішкі саясат департаменті бөлімінің бас ма- маны, «Асар» РП РҚБ ОҚО филиалының нұсқаушысы, 2009- 2019 ж.ж. қалалық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, ОҚО дін істері басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, 2020 жыл- дан қазіргі дейін Сайрам ауданының әкімінің орынбасары. Бірнеше Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарының иегері.

ТӘЖИЕВА Жанат

1969 жылы 12 қыркүйекте Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекенінде дүниеге келген.1992 жылы Шымкент педагогикалық институтының бастауыш сынып мұғалімі, 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін қазақ тілі және әдебиет факультетін бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Төле би ауданында «Новострой» орта мектебінде аға пионер вожатый, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдігінен бастаған. 1992-2000 ж.ж. Шымкент қаласындағы №41, №29 орта мектептерде мұғалім, 2000-2005 ж.ж. Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп лицейі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2005-2009 ж.ж. ОҚО білім департаментінде бас маман және бөлім бастығы, 2009- 2014 ж.ж. Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2014-2016 ж.ж.Шымкент қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы, басшысы, 2020 жылдан бері Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы. Ұстаздық жолындағы жеткен жетісіктері «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгілерімен, және Ы.Алтынсарин, «Ерен еңбегі үшін» «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдарымен марапатталған. «Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» атты педагогикалық әдістемелік оқулықтың авторы.

ТЕЛҒАРАЕВ Төлеген

1973 жылы Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы - инженер-механик, экономист-қаржыгер. Еңбек жолын 1990 жылы Шымкент автокөлік кәсіпорынның құрылыс ауласының бетоншысы ретінде бастаған. 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық жекешелендіру комитеті мемлекеттік акция пакеттер және мемлекеттік қатысу үлесі бөлімінің бас маманы, 2004-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншік департаменті жалға беру және жекешелендіру бөлімінің бастығы, осы облыстың қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті еңбек рыногы және квоталау бөлімінің бастығы, ОҚО қаржы департаменті директорының орынбасары, 2008 жылы ОҚО Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен. 2016 жылдан бері Қазығұрт ауданының әкімі болды. 2021 жылдың басынан Төлеби ауданының әкімі.

ТЕМІРБЕКОВ Сәдуақас

1932 жылы Ұзынбұлақ (кейінгі Алғабас) ауылында туған. 1949 жылы ауылдағы мектепті бітірген соң КазМУ-інде алғаш ашылған философияэкономика факультетіне түседі. Оны бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық лекция бюросының директоры, ОҚО «Білім» қоғамының референті, Шымкент пединститутындағы марксизм-ленинизм кабинетінің меңгерушісі болып еңбек еткен. 1965 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы ғалымдар кеңесінің қолдауымен «Социализм құрылысы кезіндегі ауылдардың мәдени дамуының заңдылықтары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1967-1978 ж.ж. Шымкентте жаңадан ашылған педагогикалық мәдениет институтының директоры, 1978-1986 ж.ж. Қазақстан Компартиясы ОК ғылым және оқу мекемелері бөлімінің меңгерушісі. Осы жылдары Қазақ КСР жоғары кеңесіне екі рет депутат болып сайланған. 1986-1999 ж.ж. ҚазМҰУінде философия және мәдениеттану кафедрасының профессоры ретінде дәріс оқыды. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» сияқты айтулы медальдармен марапатталған.

ТӨЛЕМЕТОВ Қуанышбек

1942 жылы 4 қарашада Майбұлақ ауылында туған. «Көксәйек» орта мектебін бітірген. 1964 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия - технология институтына түсіп, еңбектен қол үзбей Шымкенттегі Асбестцемент конструкциялары комби-натына жұмыс істейді. Комбинатта мастерліктен директорлыққа дейін көтеріліп, 16 жыл қызмет етеді. 1981 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1993 жылға дейін облыста түрлі жауапты қызметтер атқарған. 1993- 1999 ж.ж. Шымкент қалалық кеңесінің төрағасы, «Шымкентмұнайөнімдері» Акционерлік қоғамының төрағасы,1999 жылдан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланған. Қ.Төлеметов - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ақынның «Мәңгілік мезет», «Арғымақ жылдар, ақындар...», «Век аргимака» деген кітаптары бар. Жазушы Қ.Қазиевтің, композитор Ш.Қалдақовтың өмірінен жазған пьесалары бар. Шымкент қаласының, Төлеби ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

ТҰРАШБЕКОВ Нұрбол

1980 жылы 20 шілдеде Көксәйек ауылында дүниеге келген. 2000 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды, 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 2001-2012 ж.ж. «Жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми- өндірістік орталығы» Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Ордабасы жер-кадастрлық бюросында техник-жерге орналастырушы, «Оңтүстік Қазақстан жер ғылыми-өндірістік орталығының» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Шымкент қаласының құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» жер ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны Сайрам жер кадастрлық бюросының меңгерушісі, директоры, 2012-2017 ж.ж. Астана қаласындағы «Жер ғылыми-өндірістік орталығының» республикалық кәсіпорны бас директордың бірінші орынбасары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мем лекеттік жер кадастры басқармасының басшысы. 2017-2020 ж.ж. Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылы маусым айынан Ордабасы ауданының әкімі. Бүгінде Түркістан қаласының әкімі.

ТҰРҒЫМБЕКОВ Әуелхан

1959 жылы 29 қазанда Бірінші Мамыр елді мекенінде туған. 1976 жылы орта мектепті бітіріп, Қазақ ауыл шаруашылық институтында инженер - механик мамандығын алып шықты. Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983- 1994 ж.ж. Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, ОҚО әкімшілігі ұйымдастыруталдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1994-2009 ж.ж. ОҚО әкімі аппараты ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара және Сайрам аудандарының әкімі, «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының ОҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2009-2018 ж.ж. Төлеби және Түлкібас аудандарының әкімі. 2018 жылдан Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы.

ТҰРЫМБЕТОВА Ақбота

Чайковский атындағы музыкалық колледжін, Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра сыныбын бітірген. 2005-2002 ж.ж. Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра кафедрасының меңгерушісі, колледж және мектеп бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, сондай-ақ жоғары және жоғары білімнен кейінгі академиялық мәселелер бойынша қызметтерінің басшысы. Осы оқу орнының проректоры. Бірнеше республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты. ҚР мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.

ТҮКТІБАЕВ Нәдір -

1922 жылы Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Керегетас бастауыш мектебін, 1940 жылы «Кеңесарық» 7 жылдық мектебін бітіреді. 1941 жылы әскер қатарына алынып, Тараз қаласында 105 атты әскерлер дивизиясында болады. 1942 жылы Москва түбінде Ногинск қаласында атты эскерден басқа полкке ауыстырылып, 179 артирелиялық полкінің сапында Сталинград майданында соғысқа түседі. Кейін Запорожье қаласын азат етуге қатысып, Украина майданына жіберіледі. 1943 жылы Киев қаласын азат етіп, 1944 жылы Висла өзені бойында Сандомир қаласындагы шайқасқа қатысады. Жеңісті 1945 жылы 8-мамырда Украинаның Бердишев қаласында қарсы алады.1946 жылы елге оралады. 1947 жылы «Қасқасу» ұжымшары төрағасының хатшысы, ревкомиссияның төрағасы, 1955 жылдан Жоғарғы Қасқасу ауылында №2 бригаданың бригадирі болып, жұмыс істеді. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы», ІІІ-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, т.б. медальдарымен марапатталған.

ТҮКТІБАЕВ Жанша -

1923 жылы 15 мамырда Қасқасу ауылында туған. 1942 жылы әскерге алынып, алгашқы жорығы Воронеж майданынан басталган. 1942- 1943 ж.ж. Украина майданында соғысады. 1944 жылы Пенза қаласы үшін болған шайқаста жарақат алады. 1944 жылы 18 бригаданың 211 полкында көздеуші болып, кіші сержант атағын алған ол, Ленинградты, Эстония, Латвия, Полынаны жаудан азат етуге қатысып, 1945 жылы Германия жеріне кірген. ІІ-ІІІ- Белоруссия майданында болып, Берлин шабуылына қатысқан. 1946 жылы желтоқсанда елге оралып, ұжымшарда тракторшылар бригадирі, 1966 жылы ұжым есепшісі, қойма меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Қызыл жұлдыз», І-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және де басқада бірнеше әскери медальдармен марапатталған.

ТШАНОВ Амалбек -

1942 жылдың 4 сәуірінде Совет ауылында өмірге келген. Қазақ химия-технология институтының түлегі. Еңбек жолын 1958 жылы ауыл мектебінде лаборант, 1961 жылы Шымкент Цемент зауытында слесарь болып бастаған. 1961 жылы институтты бітіргеннен кейін еңбекке белсене араласып, түрлі салада жұмыс істей жүріп, басшылық қызметке дейін көтерілді. 1992- 1994 ж.ж. Шымкент қаласының әкімі. 1994-1999 ж.ж. ҚР Құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрі, Жамбыл облысының әкімі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші және 13-ші, 1999-2004 ж.ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші, 2004-2007 ж.ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты болған. 2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Алматы қаласындағы республикалық Спорт колледжінің директоры қыз- метін атқаруда. «Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

ШАЛХАРОВ Сайлаубек

1946 жылы Бейнеткеш ауылында өмір есігін ашқан. 1964 жылы Ленгірдегі медучилищені, 1975 жылы Алматы мединститутының емдеу факультетін бітірген. 1975- 1990 ж.ж. аталмыш оқу орнында машықтанушызерттеуші, аға лаборнат, ассистент, ғылыми-зерттеу секторының бастығы, 1991-1993 ж.ж. Ясауи атындағы уни-ерситетте кафедра меңгерушісі, декан орынбасары, 1994-2006 ж.ж. Түркістан медицина колледжінің директоры, 2006 жылдан «Джи-Ай» Білім беру және сауықтыру холдингінің президенті. 1999- 2007 ж.ж. ОҚ мәслихатының депутаты, Түркістан қаласының және Төлеби ауданының Құрметті азаматы, Ы. Алтын- сарин және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының және басқа да бірнеше атаулы төсбелгілер мен Құрмет грамоталарының иегері, медицина ғылымдарының докторы, профессор

ШЫНЫБЕКҰЛЫ Өмір

1962 жылы Оңтүстік ауылында дүниеге келген. 1969 жылы «Оңтүстік» бастауыш мектебінің табалдырығын аттап, 1979 жылы Блинков (Тасарық) ортамектебінде 10-сыныпты тәмамдаған. Мектептен соң Қазақ химия-технология институтының механика факультетін, М.Әуезов атындағы ОҚ- МУ-дің тарих-география факультетін бітірген. 1982-1995 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Южказагропромпроект» жобалау институтында инженер-техник қызметін атқарған. 2003 жылдан бүгінге дейін Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі. Өлке тарихы, білім және тәрбие тақырыптарындағы кітаптардың авторы, мақалалары мерзімдік баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрады.

ЫСҚАҚ Бегман

1940 жылы 22 қыркүйекте Аққұм ауылында туған. 1956 жылы Георгиевка селосындағы №1 К.Ворошилов мектебін, 1965 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Сайрам ауданына қарасты №9 мектеп-интернатының мүғалімі болып бастаған. 1970 жылы Бөген ауданына қарасты №29 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1979- 1994 ж.ж. Шымкент педагогикалық институтында психология кафедрасының аға оқытушысы, 1994-2005 ж.ж. түркітаным кафедрасының меңгерушісі, 2005- 2011 ж.ж. қазақ тілі кафедрасының про- фессоры қызметтерін атқарған. 2014 жылдан Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің педагогика және психология кафедрасының доценті, 1982 жылы «Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың методикасы» тақырыбы бойынша диссертация қорғап, педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алған, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгі- сімен марапатталған. 1994 жылы доцент, 1998 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, 2010 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атақтары берілген.