- Зертас ауылында туған. Дзюдо, самбо, қазақ күресінен спорт шебері. Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін және Азия чемпионатының жеңімпазы. Европа кубогының жүлдегері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
- Майбұлақ ауылында туған. Жамбы атудан ҚР үш дүркін жеңімпазы. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегері. Халықара- лық «Алтын жебе» фестивальінің күміс жүлдегері.
- Көксәйек ауылында туған. 2018 жылы Қостанай қала- сында кикбоксингтан қыздар арасында ҚР чемпионатында І-орын алған. Бокстан ҚР чемпионы.
- Майбүлақ ауылында туған. ҚР аударыспақтан 3 дүркін жеңімпазы. ҚР спорт шебері. Азия ойындарының күміс жүлдегері. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері.
- Сарқы- рама ауылында туған. Қазақстан біріншілігінің 2 дүркін женімпазы. ІІ-ші Еуразия ойындарының женімпазы, Әзірбайжандағы Президент Кубогінің женім- пазы, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Ережесіз жекпе-жекте Әлем жеңімпазы. Қазіргі уақытта «Аzia Ргісіе» құрама командасының мүшесі.
- Алшалы ауылында туған. Грек-рим күресінен КСРО еңбегі сіңген спорт шебері, Әлем кубогінің үш дүркін жеңімпазы. Еуропа жеңімпазы. КСРО чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
- Нысанбек ауылында туған. Дзюдо күресінен 2016 жылдың жүлдегері. Самбодан және қазақ күресінен 2016-2017 жылдардағы Қазақстан чемпионы.
- 1951 жылы 14 наурызда Жаңаұйым ауылында туған. Күрестен спорт шебері. Ленгір қаласында дзюдо, самбо және қазақша күрес түрлерінің, сондай-ақ шығыс жекпе-жегі каратэ-доның негізін салушы. «ҚР Халық ағарту ісінің үздігі», ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Құрметті спорт қайраткері, «Дзюдо тарланы» орденінің, «Батыр шапағаты» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, сонымен бірге бірнеше халықаралық жарыстардагы жеңісі үшін алуан түрлі спорттық марапаттардың иегері. Бірнеше ондаған шәкірттері әлемдік және құрьшықтық, республикалық және облыстық жарыстарда әлденеше мәрте жүлделі орындарды иеленген. Бүгінде Ленгір қаланындағы балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры.
- Қаратөбе ауылында туған. Аударыспақтан Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы. Халық- аралық дәрежедегі спорт шебері. Азия жеңімпазы.
- Ленгір қаласының тұрғыны. Еркін күрестен Әлем және Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы».
- 1980 жылы Мэскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпи- онатының күміс жүлдегері (1982), әлем кубогының екі дүркін иегері (1979,1981), Еуропаның екі дүркін чемпионы (1979, 1981).
- Көксәйек ауылында туған. Еркін күрестен спорт шебері. Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қазір Шымкент қаласының тұрғыны.
- Майбұлақ ауылында туған. Аударыспақтан ҚР 9- дүркін жеңімпазы. Азияның 2 дүркін жеңімпазы. «ЭКСПО-2017» Халықаралық турнир жеңімпазы. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
- 1997 жылы 2 қаңтарда Мәдени ауылында дүниеге келген. 2003 жылы «Мәдени» жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2007- 2008 ж.ж. Шымкент қаласындагы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалар мектеп интернатында, 2009 жылы Қарағанды қаласындағы Әлия Молдагұлова атындағы спорт мектебінде оқыған. 2014 жылы Алматыда өткен жасөспірімдер арасындагы жарыста Евразия чемпионы, 2014 жылы Тайландта өткен жасөспірімдер арасындағы сайыста Азия чемпионы, 2014 жылы Словенияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 2014 жылы Қытай мемлекетінің Нанкин қаласында өткен олимпиаданың чемпионы.
- Зертас ауылының 1949 жылғы тумасы. 1967-1978 ж.ж. Көксәйек ауылындағы және Спатаев атындағы мектептерде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 1978-1996 ж.ж. Шымкент дене шынықтыру техникумында мұғалім, облыстық дене шынықтыру басқармасында нұсқаушы, 1996-2012 ж.ж. дарынды балалар интернатының және ОҚО Білім басқармасының қарасты «Аймақтық балалар және жасөспірімдер ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының» директоры. 2020 жылдан «Спорт ардагерлері кеңесі» қоғамының төрағасы.
- 1983 жылы 25 тамызда Ленгір қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Ленгір қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 орта мектепті, 2000 жылы Ленгір қаласындағы №8 колледжді, 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2006 жылы Алматы экономикалық университетін, 2008 жылы Шымкент университетін бітірген. 2007-2011 ж.ж. халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, 2011-2012 ж.ж. Төлеби аудандық эділет басқарма- сында тіркеуші қызметін атқарған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Самбо, дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат. Қазақша күрестен спорт шебері. Аудандық балалар спорт мектебінің директоры.
- Екпінді ауылының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі бөлімін бітірген. Еңбек жолын Ленгір қаласындағы «Дарын» арнайы балалар мектебінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдігінен бастаған. 2001-2018 ж.ж. аудандық спорт, дене шынықтыру және саясат бөлімінің, осы екі сала бөлінген соң алдымен ішкі саясат, кейіннен дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің бас маманы болды. 2018 жылдың ақпанынан қазіргі кезге дейін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.
- 1962 жылы 6 тамызда Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «8-Март» атындағы орта мектепті, 1981 жылы Шымкент совхоз техникумын, 1989 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы ОҚО балық базасында экономист болып бастаған. 1994-1997 ж.ж. ОҚО салық полициясында аға инспектор, 1997 жылдан осы уақытқа дейін Шымкент қаласы бойынша салық комитетінде және ОҚО бойынша салық департаментінің басшылық қызметін атқарып келеді. Облыстағы және аудандағы қазақтың ұлттық көкпар спортын дамытуға үлкен үлесін қосқан азамат. Көкпардан «Қазақстан Республи- касының Ұлттық спорт төрешісі».
- Көксәйек ауылында туған. Еркін күрестен спорт шебері. Азия чемпионатының жүлдегері. ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазір Шымкент қаласында тұрады.
- 1949 жылы Зертас ауылында туған. 1978 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. 1982-1996 ж.ж. ҚазХТИ оқытушы, кафедра меңгерушісі, Шымкент дене тәрбиесі институтында кафедра меңгерушісі, 1996-2012 ж.ж. ОҚМУ факультет деканы, проректоры, ХҚТУ ШИ спорт пәндері кафедрасының меңгерушісі, деканы, ОҚМП институтында факультет деканы. Каратэден 7-дан иегері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «ҚР Құрметті спорт қайраткері».
- Зертас ауылында туған. 2014 жылы Венгрия мемлекеті Сигед қаласында кикбокстан Әлем кубогінде І-орын, 2014 жылы Италия мемлекеті Римини қаласында кикбокстан Әлем чемпионатында жүлделі ІІ-орын, 2016 жылы Ресей мемлекеті Челябинск қала- сында бокстан «Олимпийские надежды» атындағы І-халықаралық турнирінде I- орын алған.
- Төлеби жері бұрыннан-ақ шабандоздар мен атбегілер елі болған. Сол үрдістің арқау тіні, алтын жібі үзілмей, біздің заманымызға дейін жеткен. Өткен ғасырдың бас жағында жоғарыда айтылып өткен Есенқұлдың шабандоз тоғыз баласынан бөлек біздің өңірде аттары алысқа кеткен Құлажан, Нүржан, Айтуар, Өрісбай, Дәулетбай, Ертай, сондай-ақ 1950-1970 жылдары есімдері күллі қазаққа белгілі болған Әскер, Ешенқұл, Жақсылық, Наушан, Қаппар, Ілес, Айнақұл, Анаш, Сәмет, Әлі, Әбдірайым, Мұса, Танабай, Есімхан, Тұрсынхан сияқты мықты палуандар шық- қан. Жаза берсең, олардың тізімдері ұзаққа созылады. Сол өнерді бүгінгі ұрпақтар арасынан - Ақылбай, Шадияр, Темірхан (Қошқар), Сабыр, Самат, Омархан, Дәулет, Жанбатыр, Сырым, Жасүлан, Баян, Біржан, Түймебек тәрізді аса мықты шабандоздар жалғастырып келеді. Бұлардың арасында Қазақстан, және облыс құрама командаларының белді мүшелері бар.
- Қаратөбе ауылында туған. Аударыспақтан ҚР 9- дүркін жеңімпазы. Азияның 2 дүркін жеңімпазы. «ЭКСПО-2017» Халықаралық турнир жеңімпазы. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.