ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
АЙТУЛОВ Нұрбол

- 1984 жылы 7 қаңтарда туған. Өнер жолын аудандық әзіл-сықақ байқауынан бастаған. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де студент болып жүріп «Көңілді тапқырлар клубында» өнер көрсеткен. Қазір «Нысана» театрының актері болып жұмыс істейді.

ЕСЕНӘЛИЕВ Байғали

- 1962 жылы 10 желтоқсанда Майбұлақ ауылында дүниеге келген. Бірнеше республикалық фестивальдердің лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері. Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік өнер академиясының актерлік факультетін бітірген. Сахнада тарихи тұлғалармен қатар замандастар бейнесін «Ең әдемі келіншек» спектаклінде - Абдолла, «Ауылдан келген ару» қойылымында - Ақын, «Бақыт пен мұңда» - Сері жігіт сынды бір-біріне ұқсамайтын көптеген кейіпкерлер жасаған актер. 30-ға жуық образдарды сомдады. Сонымен қатар ол орын- даған Ә.Бейсеуов, Ә.Телғозиев, И.Сапарбай, Т.Ізтаев, Г.Шәмшиева, И.Бәйгісиев, т.б. авторлардың әндері қазақ радиосының «Алтын қорына» енген. Қазір Алматыдағы авторлар қоғамына жетекшілік жасап, өнімді еңбек етіп жүр.

БӨКЕНОВ Болат

- 1962 жылы Қаратөбе ауылында туған. ҚР еңбек сіңірген әртісі. Опера әншісі. Алматы опера және балет театрында қызмет атқарған. Ол атқарған рөльдер: Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайындағы» - Әзім; Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара- сындағы» - Естай; Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамысындағы» - Кейқуат; «Қамар сұлудағы» - Тезекбай; Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегіндегі» - Шеге; Джузеппе Вердидің «Травиатасындағы» - Гастон; «Аидадағы» - қуғыншы және «Риголеттодағы» - Борс... Ол опера және балет театрымен қоса, Құрманғазы атындағы оркестрмен, «Отырар сазы» және «Сазген сазы» ансамблімен бірге Италия қалаларында сол елдердің әнін орындағанда, оның әншілік өнеріне тәнті болған көрермендер оны «Паворотти Пикалло» (кішкентай Пикалло) деп атаған. «ҚР еңбек сіңірген қайраткері».

ЖОРАБАЕВА Алтынай

- Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. ҚР еңбек сіңірген әртісі. ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері». «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Төлеби, Қазығұрт аудандарының Құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің, ТМД елдерінің «Мәдениет пен өнердің дамуына сіңірген еңбегі үшін» алтын медалінің иегері. X халықаралық «Азия Дауысы» фестивалінің, Болгарияда өткен VIII Халықаралық «Дискавери» байқауының, Египетте өткен «Александрия» ән байқауының лауреаты. Халықаралық «Славянский базар» фестивалінің дипломанты. Латвияның Юрмала қаласында өткен «Янтарьная звезда» ән байқауының бас жүлдегері. Орындаушылық шеберлік бойынша әлем чемпионатының екі алтын, екі күміс медалінің иегері.

ЖОРАБАЕВ Талғат

- Бейнеткеш ауылында туған. Актер, әнші. Болгария халықаралық «Дискавери» байқауында III орын, Молдова халықаралық «Песни мира» байқауында II орын, Румыния халықаралық «Сostineshty» фестивалінде Гран При жүлдесін иеленген. Белорусияда өткен халықаралық «Славянский базар» фестивалінің дипломымен марапатталған.

ӨНЕРБАЕВ Нұрлан

- 1961 жылы 4 қарашада Қазақстан ауылында дүниеге келген. Әнші, актер, Қазақстан Жастар одагы сыйлығының және «Дарын» сыйлығының иегері, ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі. М.Әуезов атындағы драма театры жанындагы актерлер студиясын бітіріп, осы театрда он жылдай еңбек етті. «Ана - Жер Ана» спектаклінде Жайнақ рөлін, «Қан мен терде» Рай рөлін ойнады. Тағы басқа 15 шақты спектакльдерде ірілі- ұсақты кейіпкерлерді сомдады. 1990- 1998 ж.ж. республикалық қазақ радиосында диктор, 1996-1998 ж.ж. «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі, 1998-2002 ж.ж. республикалық Президент оркестрінің әншісі. 2003-2008 ж.ж. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының бас директоры. Алматы қаласы мәдениет департаментінің директоры. 2008 жылы төртінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты. «Қыран» федерациясының Құрметті президенті. «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Қазақ- станның еңбек сіңірген қайраткері». «Алтын Барыс» алтын төсбелгісімен наградталған.

СИҚЫМБАЕВА Гүлнар

- 1961 жылы 24 шілдеде Майбұлақ ауылында туған. ҚР еңбек сіңірген әртісі, Республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы өнер байқауының лауреаты, Қазақстан және Қырғызстан республикалары арасын- дағы еларалық өнер байқауының жүл- дегері. ҚР «Еңбек сіңірген әртісі», Республикалық және Халықаралық ән конкурстарының бірнеше рет лауреаты атанған.

СТУПИН Владимир

- 1969 жылы Маятас ауылында туған. ҚР еңбек сіңірген әртісі. Республикалық «Арай- 1996» байқауының бас жүлдегері. Республикалық «Жас қанат», Халықаралық «Азия дауысы» байқауының, Халықаралық «Славянский базар» және Халықаралық «Морской узел» фестивальдерінің лауреаты.