ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ТАРИХ
ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА КІРІСПЕ-Т Ү СІНІКТЕМЕ

Төлеби жері - осы жердің тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін киелі мекен. Бұл жердің эрбір тау-тасы мен сай-жырасы, қыр-жотасы мен жазық-қыраты тарихқа толы. Мұнда бір кездері арғы заманғы бабаларымыз, ілкі түп-тамырымыз болып есептелетін Саңтар мен Үйсіндердің, Қаңлылар мен Огыздардың жұрты жайлаған. Сол жұрттардың осыдан арысы - 22-23, берісі-10-15 ғасыр бұрын қолдан тұрғызған жасанды төрткүл төбелері, қорған төбелері ауданымыздағы тау етекте- рінде, өзен-су жағаларында оқшау-оқшау болып элі іұр. Біздің көпшілік оларды кейде «Қарауылтөбелер» деп те атайды...

ТАРИХ
ТӨЛЕБИ ЖЕРІ - КӨНЕ ЖҰРТТАР МЕКЕНІ

Аудан жұртшылығының есінде болса, бұдан бұрын да Төлеби ауданының тарихы- на қатысты біраз еңбектер шыққан. Сол еңбектерде ауданымыздың ескі тарихы біршама баяндалған да болатын. Дегенмен, ол шығармалар өңірімізде бұрынғы ғасырларда өткен барлық тарихи оқиғаларды қамти алмаған-ды. Осыған орай біз осы энциклопедияның алғашқы беттерінде сонау ерте заманнан бері қарайғы ауданымыз- дың шегінде болып өткен барлық тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерді қысқаша түрде баяндап шықпақшымыз...

ТАРИХ
Б¥Л ӨҢІРДЕ ТАЛАИ СОЙҚАНДЫ СОҒЫС ӨТКЕН

XIII-XV ғасырлар "Моңғол Шапқыншылығы"" ретінде атап өтілді. Отырықшы және қалалық мәдениеттің құлдырауы болды. Жерді пайдалану жүйесі бұзылды. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халықтың этникалық құрамы бұзылып, көптеген жылдар бойы қазақ ұлтының қалыптасуы жойылды. Шапқыншылық адамдардың жаппай жойылуымен, өндіргіш күштердің жойылуымен, материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуымен қатар жүрді...

ТАРИХ
ӨЛКЕМІЗДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ Т¥СЫНДАҒЫ ТАРИХЫ

Тағы бір талассыз ақиқат - Қазақ Хандығы орнаған уақыттан бастап, ұлысымыз- дың ордасының іргеленуі мен кеңеюі жэне түбі мен тегі тамырлас алаштық тайпалар- дың бір тудың астына бірігіп, жеке ел болу жолындағы тұңғыш күрестері, елдік мүдде тұрғысында жасаған алғашқы қадамдары, иә, бабаларымыздың Қазақ болып ұйым- дасу мұратындағы барлық әрекеттері - осы оңтүстіктен, нақты айтқанда, Қазығұрт- Төлеби өңірінен бастау алған...

ТАРИХ
Т¥РСЫН ХАННЫҢ ЫЛАҢЫ

Осынау ұлы жеңістен соң қазақ халқы тыншып, өрлеу мен дамудың жолына түсіп, бейбіт заманның рахатын көріп, жайдары да жадыраңқы күн, мамыражай күй кешу- мен дәурен сүруі керек еді. Алайда, баста айтқанымыздай, қазақ жазғанға Жаратқан ондай бақытты жазбапты...

ТАРИХ
ӨЛКЕМІЗДІҢ ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІАХУАЛЫ

Қазығұрт-Төлеби өңірінің Қазақ Хандығымен жэне тұтас қазақ халқымен тарихи байланысы жоғарыдағы оқиғалармен шектеліп қалмайды. Қазақ тарихында ең көп айтылған жэне ең көп жазылған, тіпті, осы күнде жауыр тақырыпқа айналған, сонымен бірге көп жарнамаланғаны соншалық, бүгінгі үрпақтың санасына ілгеріде атам қазаққа олардан басқа жау болмаған сияқты ұғым сіңген қазақ-қалмақ соғысының басты оқиғаларының біразы да біздің өлкеде өткен...

ТАРИХ
ЖҮНІСҚОЖА ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

Бұдан басқа, оңтүстіктің өткенінде елеулі ізі бар, бірақ бұл да уақытында айтылмаған, жазылмаған соң жаңа ұрпақтың есінен ұмыт болған тағы екі үлкен тарихи оқиға бар. Оның бірі -1784 жылдан 1807 жылға дейін Ташкент уэлаятын жеке құзырында ұстаған Жүнісқожа билігі, енді бірі — шығысы - Ұзынағаш, солтүстігі - Сарысу, батысы - Арал жеріне дейін жаулаған Қоқан басқыншылығы...

ТАРИХ
ҚОҚАН ХАНДЫҒЫНЫҢ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ

Бұдан кейінгі оңтүстік тарихы жаңа айтқанымыздай, Қоқан хандыгына қатысты өрбиді. Қазақ-қыргыз қақтыгысы бізге уақытында оқытылмаганы себепті осыган дейін белгісіз болып келсе, Қоқан хандыгының да оңтүстіктегі үш облысқа жасаган шабуылы, билігі, жаулап түрган уақытта қазаққа көрсеткен қысымы, жалпы, осы кезеңнің тарихы да көпшілік үшін күңгірт...

ТАРИХ
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕИДІҢ ОТАРШЫЛДЫҒЫ

1808 жылы Қазығұрт-Төлеби жері өз төсінде қазақ даласына қарай шеру тартқан Қоқан қолының дүбірін өткерсе, 1864 жьшы сол хандықтың орыстардан қашқан аламандарының айқай-сүреңге басып, Ташкент жаққа шегінген жөңкілін тағы көрді. Мұндай жөңку мен сапырылыс патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азиядағы өзбек хандықтарын басып алуға багытталған басқыншьшыгына байла- нысты орын алды...

ТАРИХ
ХХ-ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ӨЗГЕРІСТЕР

Орыс отаршьшдары Түркістан өлкесін отарлап алғаннан кейін осы өлкедегі іске асып жатқан барлық саяси, қоғамдық өзгерістерді, өздері жүргізіп отырған жұмыс- тарды тізбелеп, жьш сайын эртүрлі жинақтар шығарып отырған. Соларға қарап отырып, біз ата-бабаларымыздың өткен жолдарын, жүрген іздерін, атқарған істерін көреміз...

ТАРИХ
ТӨЛЕБИ ЖЕРІНДЕ ОРЫС СЕЛОЛАРЫНЫҢ ОРНАУЫ

Төлеби жеріне орыс отаршылдарының алғаш аяқ басқан кезі 1864 жылдың қара күзі. Осы жылдың қыркүйегінде полковник Черняев бастаған орыс отряды Шымкент- ті жаулайды да, қазан айында Ташкентке таяйды...

ТАРИХ
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕИ БИЛІГІ КЕЗІНДЕГІ МЕДРЕСЕЛЕР МЕН МЕКТЕПТЕР

Түркістан өлкесін билеген орыс шенеуніктері жыл сайын эр облыстың эконо- микасына, тыныс-тіршілігіне, ауа-райына, халқының эл-ауқатына, егін мен мал ша- руашылығына, өнеркәсіп пен қол өнердің дамуына, өлкедегі мұсылман жұрттарының этнографиясы мен ауыз әдебиетіне, ертедегі һэм кейінгі құрылыс нысандарына, өзен- су атауларына, жалпы, табиғи ерекшеліктер мен өмірдің барлық...

ТАРИХ
1906 ЖЫЛҒЫ БАДАМ КӨТЕРІЛІСІ

Біз эдетте бір зерттеу мақала жазсақ, тек тарихи оқиғаларды ғана тізбектеп кететін эдетіміз бар жэне де тарих дегенде тек өткеннің қаралы беттерін көбірек ақтаруға әуеспіз...

ТАРИХ
1916 ЖЫЛҒЫ ¥ЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС

Екінші бір қырғын 1916 жылғы ¥лт-Азаттық көтеріліс кезінде орын алды. 1914 жылы Николай патша бірінші дүниежүзілік соғысқа араласып, миллиондаған солдаттарын құрбандыққа тап қылатын мағынасыз майданға кіріседі де кетеді...

ТАРИХ
«ЖЫЛАНТАҚЫР» Ж¥ТЫ ЖӘНЕ УАҚЫТША ҮКІМЕТТІҢ ОРНАУЫ

Өткен замандарда исі қазақтың өсіп-өркендеуі жолында оңтүстік жері қаншалықты маңыз атқарған болса - XX ғасырдың басында да оңтүстік өңірі бүкіл қазаққа үлгі боларлық көптеген игі істерге бастамашы болды...

ТАРИХ
ӨЛКЕМІЗДЕ СОВЕТ ҮКІМЕТІ БЕЙБІТ ТҮРДЕ ОРНАҒАН

Он айға ғана жуық өмір сүрген Уақытша үкімет елге нақты бір билікті орнатып үлгермейді жэне бұл уақытта бостандыққа ұмтылған түркістандық мұсылмандар қайраткерлері де ойға алған негізгі шаруаларын атқара алмайды...

ТАРИХ
СЫРДАРИЯ ГУБЕРНИЯСЫНЫҢ ҚУРЫЛУЫ

Түркістан АССР-ының атауы да, өзі де тарих қойнауына кеткеннен кейін бұрынғы Сырдария облысының аты өзгеріп, ол Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасының құрамында Сырдария губерниясы болып қайта құрылады...

ТАРИХ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОКРУГТЕР МЕН АУДАНДАРДЫҢ ҚҮРЫЛУЫ

1928 жылдың басында бүкіл елде губернияларды жойып, олардың орнына округтер кұрылған үлкен территориялық өзгеріс орын алды. Республика аумагын округтерге бөлу туралы жоба 1928 жылдың 17 қаңтар күніАлматыда өткен ҚазАКСР-ының ОАК кезекті бір сессиясында жасалады...