ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ЖҮНІСҚОЖА ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

Бұдан басқа, оңтүстіктің өткенінде елеулі ізі бар, бірақ бұл да уақытында айтылмаған, жазылмаған соң жаңа ұрпақтың есінен ұмыт болған тағы екі үлкен тарихи оқиға бар. Оның бірі -1784 жылдан 1807 жылға дейін Ташкент уэлаятын жеке құзырында ұстаған Жүнісқожа билігі, енді бірі — шығысы - Ұзынағаш, солтүстігі - Сарысу, батысы - Арал жеріне дейін жаулаған Қоқан басқыншылығы.


Ташкент шаһары сонау Тәуекел хан заманынан бері қазаққа қарап келген. XVIII ғасырдың бел ортасында оның билігі Төле биге көшті. Төле би қайтыс болғанда оның орнын кіші ұлы Қожамжар басады. 1780 жылдары Ташкент - Бесағаш, Шайхантэуір, Сибзар, Көкше болып, төрт билеушісі бар төрт орамға бөлініп кетеді. ¥замай төрт билеушінің арасында шаһар билігі үшін күрес басталады. Қоқан бектігімен жэне бұқарлықтармен жақсы тіл табысып, солардан көмек алған Шайхантэуір билеушісі Жүнісқожа бірте-бірте үстемдікке жете бастайды. Көкше билеушісіҚожамжар жан- жақтағы қазақтарды жиып, онымен ұзақ жыл күреске түседі. Бірақ бірін-бірі жеңе алмайды. 1798 жылы Шыршық бойында екеуінің арасында шешуші шайқас өтеді. Қоқаннан мол қару мен жасақ алған Жүнісқожа осы жолы Қожамжар жақтастарын қирата жеңеді. Қашқан қазақтарды Келестің орта тұсына дейін өкшелей қуып келеді де, шайқаста оқ пен сойылдан аман қалғандарды қолға түсіріп, Тұрбат етегіндегі сайға әкеліп жинайды. Осында бэрінің бастарын кесіп бір шұқанаққа, денелерін басқа бір шұқанаққа тастайды.
Ал, Шыршық бойында қолға түскендердің бастарын тау қылып үйгізіп, отқа жақтырады. Бүл қырғын ескі тарихта «Қазаң ңыргыны» деген атпен аталған болатын. Алайда қазақ тарихшылары бұл ұрысқа ден қоймағандықтан, ол туралы жазыла да, айтыла да бермейді. Тіпті елеусіз мағлұмат ретінде қазақ жадынан тіптен ұмытылды. Ал кейінгі өзбек тарихы мұны «Жүнісңожа жеңісі» деген атпен жазбаларына кіргізіп, Жүнісқожа мен өзбекті асыра мақтап жүр. Мақтанғандары сондай, Жүнісқо- жаның өзбек емес, бір кездері Төле бидің табанын жалаған қызметшісі болғанын, арғы тегі ұйғырға сіңген қожа екенін де естеріне алмайды.
Көрші елдің тарихшылары осындай айқын ақиқаттан аттап кетіп, өткен ғасырларда өз өкілдері жазған тарихи шындықты елемей кетеді. Бэлкім эдейі елемейді. Әйтпесе, Жүнісқожа қазақ пен өзбек мүддесі үшін күрескен емес. Өзбек тарихшысы Салық Ташканди бұл жайында анық жазған. Ол Ташкентті билеген кезде оның құзырындағы уэлаятқа қазақтың Шымқала, Сайрам, Созақ, Түркістан өңірлері тегіс қараған. Ақиқаты - ол осы өңірлерді жаулап алған. Сөйтіп, нағыз өзбек хандықтары болып табылатын Қоқанмен де, Бұқармен де, Хиуамен де текетіреске түскен. Оның қарақазандар деп аталған әскері сапында өзбектер де, сарттар да, қазақтар да, ұйғыр мен қашғарлықтар да, тәжік-түрікмендер де, құрамалар да болған. Жүнісқожада тек бір ұлттың мерейін үстем етем деген ой да болмаған. Ол өз құзырындағы халықтың қайсысы болмасын, аямай қанаған. Әсіресе қазақ даласындағы жұртты түрлі салық- тармен қан қақсатқан. Пирдауи атты өзбек жазбагерінің жазуы бойынша, бірде салық- ты уақтылы төлей алмаған біздің аудан жеріндегі Доңызтау мен Жылауықата ауылда- рының қазақтары ішінен бас көтерер елу шақты еркектерді күз мезгілінде жинап алып, үш күн бойы Бадам суына батырып қорлаған. Төртінші күні бэрінің аяқ-қолда- рын байлап, су түбіне іұншықтырып өлтірген. Дэл осындай оқиға бүгінгі Қазығұрт ауданына қарасты ауылдарда да орын алған.
1800 жылдан бастап, бір кездері өзіне қазақтарды жеңуге көмектескен Қоқан бектігімен шарпыса бастайды. 1801 жылы Жүнісқожаны қоқандықтар бір шайқастан соң Өгемдегі Қырыққыз сайында қуалап жүріп ұстайды да, сақал-мұртын түгел күйдіріп, мұсылман үшін масқара өліммен өлтіреді. Ал оның бар қылмысын ақтап алып, өз хандары еткісі келген өзбек тарихшылары Жүнісңожаны туберкулезден өлген деген өтірік аңпарат шыгарып алган. Оның орнын басқан үлкен ұлы Мүхамедңожа да өзбек хандықтарымен қырқысып өтеді. Оны да қоқандық өзбектер өлтіреді. Одан кейін Ташкент билігін қолға алған екінші ұлы Сүлтанңожага 1806 жылы Қапланбектің қазақтары ажал құштырады. Жүнісқожа уэлаятының соңғы билеушісі - үшінші ұлы Хамитңожаның билігі бір жылға да бармайды. 1807 жылдың басында Ташкентті Қоқан бегі Әлім жаулап алады. Әлім Ташкентті алған күні Сұлтанқожаны дарға астырып, өзін Қоқан ханымын деп жариялайды. Содан былай Қоқан бектігі - Қоқан Хандығы деп аталады.