ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
СПОРТ САЛАСЫ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру - әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік -экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Шынығу – салауатты өмір салтының негізі.

Спорт ғимараттары

Төлеби ауданы бойынша спорт нысандары туралы мәлімет

Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында ауданда 397 спорттық нысандар жұмыс істейді. Соның ішінде: 1- «Жастық»стадионы, 1-тау шаңғы базасы, 2-жүзу бассейіні, 1- «Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 67-спорт залдар, 4-спорттық сауықтыру кешені, 8-мылтық ату тирлері, 294-ашық спорттық ойын алаңдары, 6 - футбол манежі, 13 - бейімделген спорт залдар бар. Ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында ауданда 70 стрит-воркаут қондырғыларыорнатылған. 2022 жылы 14 стрит-воркаут қондырғылары Ленгер, Көксайек, Қаратөбе ауыл округтерінен салынуда.

Бұқаралық спорт

Дене шынықтыру және спортпен ұдайы шұғылданушылар саны

Аудан көлемінде жыл басынан жоспарға сәйкес мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен мектеп лигасы, аудан жастары арасында спорттың 10 түрінен, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт түрлерінен аудандық спартакиадасы, жасөспірімдер арасында футбол, баскетбол, волейбол, бокс, дзюдо, жеңіл атлетикадан, ардагер, зейнеткерлер арасында шахмат, бильярдтан түрлі деңгейдегі аудандық жарыстар өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар,Төлеби ауданында көкпардан жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті және пробация қызметінде есепте тұрғандар азаматтар арасында кіші футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру спорт түрлерінен аудандық спартакиада өткізілді. Спортпен шұғылданушылар саны 46100 адамға жетіп отыр. Яғни жалпы халықтың 38,4 пайызын құрауда.