ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР

Біздің аудан үшін туризмді дамытуға және оған жағдай жасауға мүмкіншіліктеріміз бар. Оған біздің табиғи және климаттық жағдайымыз толық мүмкіншілік береді.

Біздің аудан үшін туризмді дамытуға және оған жағдай жасауға мүмкіншіліктеріміз бар. Оған біздің табиғи және климаттық жағдайымыз толық мүмкіншілік береді.

Қазіргі таңда «Алатау» шаңғы базасына қомақты инвестиция тарту мақсатында бұл нысан ауданының баланысына алынып, «Алатау» ЖШС шаңғы базасы болып жұмыс атқаруда, бұл демалыс аймағы жанындағы кезінде мақсатсыз беріліп кеткен жерлерді қайтарылып, ол жерлерге заман талабына сай демалыс орнына қызмет ететін нысандар салуды қолға аламыз.

Сонымен қатар аудандағы ең көрікті жерлердің бірегейі Балдыберек өзенінің бойында орналасқан Облыс орталығынан 70 км. жол , Балдыберек және Төңкеріс ауылдарының көркем табиғаты мен климаттық жағдайы жазғы және қысқы туризмді дамытуға өте қолайлы.

Аудан аумағындағы Ақсу – Жабағлы мемлекеттік қорығы мен Сайрам – Өгем мемлекеттік паркінің, Біркөлік емдеусауықтыру санаторийі мен Ақмешіт демалыс аймағының, Алатау шаңғы кешені мен жуырда жұмысын бастаған Қасқасу демалыс орнының, т.б. орналасуы туризмнің дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады. Сондай-ақ, Сайрамсу мен Сарыайғыр шатқал-дарында шетелдің және отандық инвесторлардың ауқымды қаражаттарына халықаралық талаптарға сай демалыс – спорттық кешендерін іске қосу қолға алынуда. Сондықтан, таяу жылдары аудандағы туризм саласы экономиканың аудандық, облыстық, тіпті республикалық cекторының бірі ретінде болары анық.

Аудан өндірістің, бизнестің, ғылым мен білімнің ірі орталығы Шымкент қаласы мен жақын орналасуы, онымен автокөлік, теміржол қатынастарының болуы да, туризмнің дамуына оңтайлы жағдай туғызады. Осындай қолда бар мүмкіндіктерді бағалай білгеніміз абзал.

Аудан аумағында жалпы 140 туристік нысан бар. Оның ішінде: 1 шанғы базасы «Тау самалы» 3 емдік сауықтыру орны; «Біркөлік» санаторий және екі саумалмен емдеу сауықтыру орындары - ЖК Еспенбетова Гулмира, ЖК Есимова Гулсім; 71 демалыс аймақтары; 64 саяжайлар жұмыс жасайды.

Оның ішінде 64 саяжайлар тұрғын үй ретінде жер және мүлік салығын ғана төлейді. 2021 жылы демалыс аймақтардан салықтық түсімдердің жалпы сомасы 12377,7 мың тенге құрады, оның ішінде мүлік салығы 12193,4 мың тенге, жер салығы 184,3 мың тенге.

Түркістан облысы туризм басқармасы 2021 жылы 13 желтоқсандағы №43-05-05/750 хатына сәйкес 2021-2025 жылдарға туризм саласы бойынша нысаналы индикаторлардың аудан, қалалар кесіндісіндегі декомпозиция әзірленіп, Төлеби ауданына 2021-2025 жылдарға көрсеткіштерді орындауға жоспарлады .

1 Кемеқалған ауыл округінде 2 туристік нысан
2 Қоғалы ауыл округінде 3 туристік нысан
3 Тасарық ауыл округінде 1 туристік нысан
4 Бірінші Мамыр ауыл округінде 1 туристік нысан
5 Көксәйек ауыл округінде 1 туристік нысан
6 Қасқасу ауыл округінде 13 туристік нысан
7 Алатау ауыл округінде 55 туристік нысан және
64 саяжай орналасқан

«АЛАТАУ» ШАҢҒЫ БАЗАСЫ - 2006 жылы алғашында облыстық туризм және спорт басқармасына қарасты база болып ашылған. 2014 жылы оны «Береке А» корпорациясы аукцион арқылы сатып алған. Жер көлемі 82 гектар. Базада 400 метр биіктікке көтеріле алатын 152 отыр- ғышы бар арқанды жол (канатная дорога) жұмыс істейді. Шаңғы трассасының ұзындығы 1800 метр. (ЖШС басшысы Айнүр Әлішерцызы).

«АЛМА-ТАУ» - Қазығұрттың сол- түстік етегінде бұрынғы Ордабек бауы- ның орнында ашылған демалыс аймағы. Жазғы күндері Мұнда бір мезетте екі жүзге дейін адам демала алады. Демалыс аймағында демалушылар үшін түрлі қы- зықты кештер мен ойын-сауық іс-ша- ралары өткізіледі. (Басшысы Руслан Байзацов).

«БІРКӨЛІК» санаторийі - Алатау сілемдерінің «Біркөлік» деп аталатын шатқалының етегінде құрылысы 1973 жылы басталып, 1975 жылы пайдалануға берілген сауықтыру-оңалту кешені. Бүгінде Мұнда демалушылар мен емде- лушілерге барлық жағдай жасалған. Арнайы коттедждер де бар. Келушілерге сауықтыру шаралары кешенді түрде жүргізіліп, қырыққа жуық емдеу тэсілдері көрсетіледі. Сонымен қатар таудың саф ауасы мен санаторий айналасындағы әсем табиғат көрінісі емделушілердің денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Санаторийде бір мезгілде 300 адам де- малып, денсаулықтарын түзей алады. (Санаторийдің бас дәрігері Ералы Мыңбаев).

«ИЗУМИ» - Біркөлік етегінде орна- ласқан демалыс аймағы. Келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Онда түрлі бас- қосулар мен жиындар өткізіледі. (Басшысы Ирина Бычкова).

«САЙРАМСУ» - Қасқасу ауылының жоғарғы жағындағы Сайрамсу өзенінің бойында орналасқан демалыс аймағы. Демалыс аймағында келушілер үшін барлық жағдай жасалынған.

«ТАУ САМАЛЫ» - 2011 жылы маусым айында ашылған демалыс аймағы. Демалыс аймағы Алатаудың етегіндегі әсем көріністі шатқалда орна- ласқан. Бүгінгі күндері бір мезетте онда мыңға жуық адам демала алады.

Демалыс аймағында 32 коттедж, арнайы қонақ үй бар, «Пекин» рестораны, орыс моншасы, ашық және жабық бассейн бар. Кешкі кездері түрлі ойын-сауық іс-ша- ралары мен қызықты қойылымдар өткі- зіледі. (Аймацтың басшысы Айнүр Әлі- шерцызы).

«ЭКОВИЛЛАДЖ ҚАСҚАСУ» - табиғаты керемет тау етегінен басталып, төменге қарай арқырай аққан көрінісі ерекше Қасқасу өзенінің жағасында орын тепкен демалыс аймағы. (Басшысы Ғани Ташцараев)