ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ТӨЛЕБИ ЖЕРІ - КӨНЕ ЖҰРТТАР МЕКЕНІ

Аудан жұртшылығының есінде болса, бұдан бұрын да Төлеби ауданының тарихы- на қатысты біраз еңбектер шыққан. Сол еңбектерде ауданымыздың ескі тарихы біршама баяндалған да болатын. Дегенмен, ол шығармалар өңірімізде бұрынғы ғасырларда өткен барлық тарихи оқиғаларды қамти алмаған-ды. Осыған орай біз осы энциклопедияның алғашқы беттерінде сонау ерте заманнан бері қарайғы ауданымыз- дың шегінде болып өткен барлық тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерді қысқаша түрде баяндап шықпақшымыз.


Білген кісіге біздің өлке ықылым замандарда іске асқан түрлі оқиғаларға куэ болған өңір. Қазақ халқының арғы тегі болып саналатын көне тайпалардың ата қонысы, бергі ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған қасиетті мекені. Сонымен қатар шығыс пен батысты жалғастырған эйгілі көне Жібек жолының күре тамыр даңғылы өткен жер. Бұдан басқа көне жазбалардың оңтүстік аймағына қатысты қандайда бір деректерінен шет қалмайтын Алатаудың тарихи мэні жарты әлемге жайылған, ал оның етегінде Өгем мен Қазығұрт, Бадам мен Сайрамсу, Қасқасу мен Балдыберек біздің өлкенің даң- қын көкке көтерген таулар мен өзен-сулар. Исі мұсылманға белгілі Қазығұрт тауының даңқының өзі неге тұрарлық деңіз. Қалай десек те, бүгінгі Төлеби өңірі құшағына талай жұмбақ һэм белгілі сырларды сыйдырған өлке.
Расында, ауданымыздың ашылмаған қаншама тарихы бар жэне зерттеу еңбектер- ден, ақиқат анықтамалардан сырт қалған сырлы дүниелер де мол. Сондықтан да, біз осы жазбамызды көпшілік жұрт күнде көріп жүрсе де, терең тарихына мэн бере бермейтін, қазіргі күндері аудан аймағының бірнеше жерлерінде тұрған базбір ес- керткіштердің сырларына шолу жасаудан бастамақпыз. Ал ғасырлар безбенінде өткен қадау-қадау тарихи оқиғаларды содан кейін рет-ретімен жазбалаймыз. Алдымен жаңағы айтқан ескерткіштеріміздің қандай жәдігерлер екені жайында айтып өтелік. Олар - көненің көзіндей болып өзен-су жагаларында, сондай-ақ биік ңырлар етегіндегі сай табандарында бір ңалыппен әлі бүзылмай түрган төбе- ескерткіштер. Зер салған адам олардың бір кездері қолдан үйіліп, әдейі жасалған төбелер екенін бірден аңғарар еді. Алайда көпшілік жұрт бұлардың қай заманда жэне қай уақытта, сондай-ақ қандай мақсатта тұрғызылғаны жайына көңіл аудара бер- мейді. Көнекөз қарттардан олар туралы сұрасаң, «Ілгеріде ата-бабаларымыз бұл тө- белерді алыстан келе жатқан жауды көріп отыру үшін тұрғызған екен» деген бо- лымсыз жауап береді. Бірақ осылай жауап беретіндер сол төбелердің жанында үлкен таулар мен табиғаттың өзі жаратқан биік жоталар тұрғанда, ата-бабаларымыз оларды сай табандарында неге тұрғызып эуре болған деген қисынды уэж төңірегінде ойла- майды. Негізі, қазақ жерінде жау қарайтын жасанды қарауылтөбелер өте көп. Ал он- дай мақсатта тұрғызылған жасанды төбелер көбіне жазық далаларда орналасқан. Біз- дің облыстың жерінде ондай төбелер Ордабасы, Арыс, Отырар, т.б. сияқты далалы ау- дандардың жерінде мол. Ал біздің аудандагы взен-су жагасындагы жасанды тө- белердің сыры тіпті басңада. Оларды өлкемізді осыдан үш және екімың жылдай бүрын мекендеген Саң-Үйсін тайпалары түргызган. Әр тайпаның көсемі өзі отырған жанға жайлы, желден ық немесе ыстықта салқын болып келетін өзен-су жаға- ларына биік төбелер тұрғызып, сонда отбасымен отырған, керек кезде ел мәселесін шешкен. Былайша айтқанда, ондай төбелер ру-тайпа билеушілерінің резиденциясы қызметін атқарған.
Мүндай жасанды төбелер ру-тайпа билеушілерінің ордасы болумен қатар басқа да қызмет атқарған. Біздің аудан жеріндегі көптеген жасанды төбелер Сақ жэне Қаңлы- Үйсін жұртының үлкен бір тайпасы шоғырланып отырған мекені немесе басқаларға үстем, билеуші тайпаның орталығы екенін білдіру үшін арнайы тұрғызылған. Мұндай жерлерде тайпалардың ең мықты билеуші-көсемдері отырған. Ертедегі Сақ жэне Үйсін-Қаңлы көсемдері өмірден өткенде артында қалған ұрпақтары олардың мэйіттерін алтын-күмістерге орап, сондай төбелердің түбіне жерлеген. Мұндай дәстүр сол заманның көсемдерін мына өмірде өзгеден биік болғанын жэне ана дүниеде де басқадан артық, сол үшін де өлігі оқшау биік төбе түбінде жатуы керек деген ұғыммен байланыстырылған. Мұндай төбелер түбіне тайпа көсемдерімен бірге олардың кейінгі ұрпақтары да жерленген. Былайша айтқанда, бір төбе әлдеқандай көсемнің отбасылық моласы болған. Кейбірі әулеттік молаға да айналған. Мысалы, Сайрамсудың бас жағындағы «Мыңшейіт» қорымы сол ескі заманнан қалған бір көне тайпаның эулеттік қорымы болуы кэдік. Бұл қорым «Алтын адам» табылған Алматы облысындағы Бесшатыр обасына біршама ұқсайды. Бір айырмашылығы, «Мыңшейіт» қия жерде орын тепкен эрі мола саны көп, одан соң үйілген төбешіктер пәстеу. Қалай дегенде де, «Мыңшейіт» қорымы өз бойына талай құпияны жасырып тұрған орын. Бір өкініштісі, осы жерге заманға сай археологиялық қазбалар жүргізілмеді. Егер жүргізілсе, талай сырдың беті ашьшар еді. Ал ел арасында осы «Мыңшейіт» қорымы туралы айтылып жүрген аңыз - кейінгі ислам ді- ніне байланысты туындаған эңгіме сияқты... Орыстар біздің өлкемізді отарлап кел- генде мүндай жасанды төбелер мен молаларды тонап, мәйіттерді шашып, ондағы та- лай қазыналарды алып кеткен.
Төлеби ауданы жерінде өзен-су жагалары мен сай табандарында орналасцан төбелердің саны жиырмадан асады. Олардың көрнектілері Бадам өзенінің Ақайдар, Жаңажол тарапындагы бірнеиіе түсында, Тогыс маңында, Балдыберек бойында, Сайрамсу жагасында, Қасқасу, Кеңесарық (Есімхан тобе), Екпінді, Алатау, Нысанбек, Красино, Алгабас, Әңгірата, Аманата ауылдарында, Қазыгүрт етегінде козге әдемі корініп түр. (Бұлардың көбі қазір ауыл молаларына айналып кеткен). Міне, көне ғасырлардың жанды куәсі ретінде бұзылмай тұрған осынау төбелер біздің ауданның жері - көне ата-бабаларымыз болып саналатын тайпалардың байырғы түп-қазақ мекені екенін дәлелдеп тұр. Бір айта кетерлігі, өз уақтысында бұл төбелер өте биік болып тұрғызылған. Содан бері өткен сандаған ғасырлар ішінде әбден шөгіп, қазіргі қалыпқа түскен. Олар сонда да биік, өздерінің эу бастағы қалпынан онша өзгере қоймаған. Шіркін-ай, көкейімізде көптен жүрген бір арман - күндердің күнінде арнайы зерттеушілер шығып, осы төбелердің өн-бойларына тұнған құпияларды ашса ғой...
Төлеби ауданы - шартты түрде де, географиялық жағынан да Қазығұрт өңірі саналады. Бұл өлке Сақ, Үйсін, Қаңлы сияқты көне тайпалар заманынан кейін эр кезеңде бірін-бірі алмастырган эр түрлі ұлыстар мен қаганаттардың иелігінде болды. Бір кезде бұл жерді атақты Ғұн жұртының бір сілемі Ақ Ғүндар, ягни эфталиттер жайлады. 552 жылы Түркі қағанаты құрылған кезде ежелгі Қаңлы-Үйсін жұртынан тараган тайпалар одагы болып табылатын «он оқ» рулары тұрды. Он оқ өзара «бес Ду-лу» (Дулат) жэне «Бес Нүшибе» болып бөлінді жэне бұлар Түркі қаганатының негізін құрады. 603-704 жылдар аралыгындаБатыс Түркі жұртының орталық мекені болды. Одан кейін Төлеби жерін Түргеш (704-756 ж.ж.), Қарлүқ (756-940 ж.ж.), Қарахан (942-1210 ж.ж.) қағанаттары иеленді. Бұл қаганаттардың аттары өздерінің билік кезеңдеріне орай өзгеріп отырғанымен, құрамындағы ру-тайпалар одагы өзгерген жоқ. Олар сол баягы Қаңлы-Үйсін одақтарынан таралган ру-тайпалар еді.