ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
Т¥РСЫН ХАННЫҢ ЫЛАҢЫ

Осынау ұлы жеңістен соң қазақ халқы тыншып, өрлеу мен дамудың жолына түсіп, бейбіт заманның рахатын көріп, жайдары да жадыраңқы күн, мамыражай күй кешу- мен дәурен сүруі керек еді. Алайда, баста айтқанымыздай, қазақ жазғанға Жаратқан ондай бақытты жазбапты.


Түстік бір мезет тыншығанымен, шығыстағы жоңғар барақат таппаған. Біресе Жетісуға, біресе Зайсанға шабады. Осыған байланысты Есім ханның ендігі күрестері біздің аймақтан тыс жерде өрбіп жатады. Алайда, оның бір кезде оңтүстікті қайта-қайта басқан атының тұяғы, осы жерді, нақтысы Қазығұрт- Төлеби етегін бір арпалысты оқиғаға байланысты тағы басуына тура келеді. Иә, ала- сапыран заманда хан атының тұяғы қай жерді баспас дерсің. Десек те, бұл жолы қазақ- қа жау сырттан емес, өз ішінен келеді. Тәуекелдің ұлы жорығынан кейін Ташкент пен оның маңайындағы шаһарларға қазақтан шыққан төрелер билік жасай бастайды. Ташкентке Жалым сүлтанның үлы Түрсын хан иелік етеді. 1627 жылдың басында Есім хан күллі Алаштан жасақ топтап, Моғолстан тарапындағы мазасыз көрші қалмақтарды жуасыту мақсатында жорыққа аттанады. Тап сол уақытта осыдан бірер жыл бұрын Ташкентте өз атынан теңге шығарып, Сырдың бас жағындағы шаһарларға өзіне табын адамдардан билеушілер қойып, өлкеде жеке басының құзырын арттыруға кіріскен Тұрсын хан Шарапхана арқылы өтетін жолмен Шымқала, Сайрамға, Түлкібас пен Ақсудың басына жетіп, басып алады. Одан соң Түркістанды басады. Мұндағы қандастарға зорлық көрсетіп, Есім ханның билігін емес, өзінің билігін мойындауды пәрмендейді. Қарсылық танытқан би-батырларды қатаң жазаға тартады, көнбеген қара халықты қойша бауыздайды, қысқасы, өз ағайын-тумасы болып табылатын Алашқа жатжұрт- тық жау тэрізді ойран салады. Оның бұл әрекеті - қазақтан бөлініп, өз алдына жеке Ташкент хандығын құрғысы келетінінің белгісі-тұғын.
Бірақ отау ішінен бөтен үй тіккісі келіп, өз қандасына дүтттпандық танытқан опасыздың әрекеті алға баспақ емес. Тұрсынның бұл ісінен дер кезінде хабардар болған Есім хан, қалмақ жорығынан бас тартып, дереу оңтүстікке жетеді. Тұрсын да оны лайықты қарсыламақ болып, бар әскерін соғысқа дайындайды. Есімнің ңалың цолы Түлкібастан асып, Иірсу асуы арңылы бүгінгі Төлеби ауданындагы Қаратөбе ауылының түстігіндегі жазыңңа келіп ат басын іркиді. Түрсын хан әскері ңарама- ңарсы беттегі Балдыберек пен Сайрамсудың ортасындагы тегісте сап түзейді. Екі арада ешқандай да бейбіт келіссөз жайындағы эңгіме де, батырлар арасындағы жекпе-жек те болмайды. Өз бауырының сатқындығына қаны қарая ашуланған Есім хан әскерінің арты алдыңғыларымен қосылған заматта Қаратөбе үстінде соғысты бастауға рұқсат іспеттес белгі - даңғыра шалдырады. (Осы жер кейін Даңғыра Шалды деген атпен аталып кетті).
Содан тек қазақтардан тұратын екі жақтың жауынгерлері өзара аяусыз ұрысқа кіріседі. Қанша дегенмен қолбасшылық дарыны мен қарымы күшті Есім хан бірте- бірте Тұрсын қолын кейін тықсыра бастайды. Ажалдан бас сауғалап, Ташкентке қарай қашқан Тұрсын ханның соңынан топ-топ әскерлері ілеседі. Тұрсынның өзі Ташкентке Қазығұрттың алдындағы Ақбура жотасы арқылы Келес, Тұрбат, Қақпақты баса өтіп қашса, әскерлерінің бір бөлігі оның соңынан, ал бір бөлігі Қазығұрттың сыртын айналып, Көкібел, Қаржан, Шыршық арқылы қашады. Ташкентке барып тығылған Тұрсын бэрібір ажалдан құгылмайды. Есім оны қолға түсірген соң бірден өлім жазасына кеседі. Иә, бұрындары Қазығұрт-Төлеби өңірі өз төсінде қазақтардың жатжұрттықтармен алысқан сансыз шайқастарын өткерсе, осы жолы Тұрсын тэрізді сатқын төренің кесірінен бауыр-бауырмен қырқысқан соғысты да өткеріпті. Әлбетте, бұл мақаланың міндеті - жоғарыда жазылған тарихи оқиғалар мен соғыстарға баға беріп, олардың астарын талдау емес, тек солардың өз өлкемізде қалай жэне қай уақытта өткені жайында оқырманды хабардар ету ғана. Десек те, Қазақ Хандығы бастан өткерген барлық ірі оқиғалардың Қазығұрт-Төлеби өңірімен тікелей байланысты болуы - біздің ауданымыздың бұрынғы тарихының өте бай һэм қастерлі екенін білдіреді.