ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
1916 ЖЫЛҒЫ ¥ЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС

Екінші бір қырғын 1916 жылғы ¥лт-Азаттық көтеріліс кезінде орын алды. 1914 жылы Николай патша бірінші дүниежүзілік соғысқа араласып, миллиондаған солдаттарын құрбандыққа тап қылатын мағынасыз майданға кіріседі де кетеді. Соғысқа кіріскен елдің шығыны да көп болатыны бесенеден белгілі. Сол жылдан бастап майданға кетіп жатқан шығынның орнын Орта Азия мен Қазақ жеріндегі мұсылман жүрттың есебінен толтыруды мақсаттаған патша халыққа салынатын салықты бес-алты есеге көбейтіп жібереді. Жер-жерде бұған наразы топ көбейіп, бас көтере бастайды. Ақыры нешеме жылдан бері халықтың көкірегіне мұз боп қатқан шыдам мен кектің көбесін ақ патша 1916 жылдың 25 шілдесінде шығарған жарлығымен өзі бұзады.


Бұл жарлықта патша батыста жүріп жатқан Антанта мен Австро-Герман блогы майданының қара жұмысына мұсылман жастарын шақыру туралы бұйрығы бар еді. Бұл туралы тарихшы К. Аманжолов былай деп жазды:
«Импералистік соғыс жылдарында Ресейдің қарулы күштері 10 миллион адамға жеткен. Соған қарамастан, соғыстың барысы қиындай түсті. Орыстар өлімге ұшыра- ғанда, бұлар неге сыртта қалады деген оймен, патша өкіметі мұсылман халықта- рының 19 бен 31 жас аралығындағы жігіттерін майдан шебіндегі қаражұмысқа салуға ұйғарым етті. Миллиондаған қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. ұлттардың азаматтарын майданға қаруландырмай аттандыру - оларды құрбандыққа шалумен, жаппай қыруға ай- даумен бірдей еді. («Түркі халықтарының тарихы» 3-том, 224 бет).
Жарлықтың мэтіні мен мазмұнын Түркістан өлкесіндегі қалалар мен уезд бастық- тары, ауыл-ауылдардағы болыстар мен старшындар лезде халыққа таратып, патша бұйрығын орындауға тез кіріседі. Алайда олар эп дегенде-ақ халық тарапынан қар- сылыққа ұшырайды. Патша шенеуніктерінің зорлығы мен қысымынан әбден зәрәзап болған халық жарлыққа көнбейтінін бірден білдіреді. Алғашқыда патша шенеуніктері мұндай кішігірім бас көтерулер үлкен көтеріліске ұласып кетеді деп эсте ойламайды. Бұрынғы бейбіт кезде екі-үш-ақ мылтықты солдатпен бір ауылға барып ойран салатын эдеттеріне басып, уездік полицейлер эр ауылға екі-үшеуден аттанып, жарлыққа қарсы шыққандарды жазаламақ болады. Алайда не болса да тайынбауға кіріскен ауыл адамдары ондай полицейлерді ұрып- соғып, аттарын тартып алып, өздерін жаяу қайтуға мэжбүр етеді. Мұндай оқиғалар күллі Түркістан өлкесіне қарасты облыстарда күнбе-күн қайталанып жатады. Бұдан секем алған Түркістан генерал-губернаторының міндетін атқарушы Ерофеев патша- дан осы өлкеге эскери жағдай енгізуді сұрайды. Сұранысы сол күні қабьшданып, II Николай «Түркістан әскери округі согыс жагдайында» дегенуказга қол қояды. Пат- шаның бұл қылығы бүкіл Орта Азия мен Қазақстан халқын «дұшпан армиясы» деп жариялаумен парапар болатын.
Біздің тарихи эдебиетте 1916 жылғы Торғайдағы Аманкелді Иманов пен Жетісудағы Бекболат Әшекеев бастаған ¥лт-Азаттық көтерілістер кеңінен зерттеліп жазылғандықтан, көпшілікке сол жылы патша жарлығына қатысты көтеріліс тек сол екі аймақта ғана болғандай көрінеді. Ал, ақиқатында, бұл жылы Орта Азия мен Қазақстанның көптеген жерлерінде патша жарлығына қарсы сандаған толқулар мен бірнеше көтерілістер болған. Тіпті, өзіміздің Черняев (Шымкент) уездінің жеті жерінде соғыс болып, жүздеген адам шейіт кеткен. Олардың ең үлкені қазіргі Қазығұрт ауданының жерінде Мошқал Тоқтамысов бастаған көтеріліс-тұғын. Оған біздің аудан аумағынан қанша кісінің барып қатысқаны жайында ешқандай мәлімет жоқ. Бір анық мәлімет - Түркістан өлкесінің бастығы генерал-адьюдант Куро- паткиннің «Туркестанские ведомости» газетінің 30 тамыз күнгі нөмірінде біздің аудан жеріндегі болыстықтардан майдандағы қара жұмысқа қанша жігіттің алынуы керекті- гі жайында шыққан бұйрығында көрсетілген сандар.
Бұйрық бойынша - Бадам болыстығынан - 207, Қазығұрт болыстығынан - 169, Қарабұлақ болыстығынан - 202, Қаратөбе болыстығынан - 204, Қаратас болыс- тығынан - 153, Сайрамсу болыстығынан - 167 жігіт батыстағы майданның қара жұ- мысына алынуы тиіс. Сонда бір ғана осы Төлеби жеріндегі бұрынғы болыстықтардан батыстағы мағынасыз майданға 1102 жас жігіт аттануы керек екен. Түркістан ұлықтары эу баста Сырдария облысынан осы жұмысқа 60 мың жігітті алуды жоспарлаған. Бірақ эр жердегі қарсылық көтерілістерге байланысты бұл ойларын дер кезінде іске асыра алмайды. Есесіне, орыстың мұздай қаруланған отрядтары екі ай ішінде бүкіл Орта Азия елдері мен Сырдария өлкесіндегі көтеріліс- терді қанға бөктіре басып, үш мыңнан аса адамды қырып салады. Облыс көлемінен 107 кісіні ату жазасына кесіп, 72 кісіні дарға асады. 312 адамды каторгаға айдайды. Сонымен біраз болса да дегендеріне жетіп, Черняев (Шымкент) уездінен бес мыңдай жігітті 1916 жылдың қазан-желтоқсан, 1917 жылдың қаңтар-ақпан айларында батыс майдандағы қара жұмысқа аттандырады.
Сол жігіттердің арасында біздің болыстықтардан алынуы тиіс 1102 азаматтың бэрі майданға аттандырылды ма, жоқ па, ол жайында да еш мәлімет сақталынбаған. Тіпті олардың кейінгі тағдырлары не болды, қаншасы майдан даласында қалды, қаншасы елге қайта оралды, бұл туралы да не архивтік, не ауызекі дерек жоқ. Осылайша, тағы бір тарихтың нақты мәліметтерінен мақұрым қалыппыз. Әттең-ай, осыдан 100 жыл- дан ғана аса бұрын өткен осынау қаралы оқиғалардың қасіретті мәліметтерін сауатты заманның сауатты бір азаматы жазып қалдырмапты-ау...