1928 жылдың басында бүкіл елде губернияларды жойып, олардың орнына округтер кұрылған үлкен территориялық өзгеріс орын алды. Республика аумагын округтерге бөлу туралы жоба 1928 жылдың 17 қаңтар күніАлматыда өткен ҚазАКСР-ының ОАК кезекті бір сессиясында жасалады.
Ол сол жылдың 15 наурызында іске асады. Жобаны 1928 жылдың 3 қыркүйегінде Бүкілодақтық орталық атқару комитеті бекітеді. Соның негізінде, Қазақстанда 12 округ пайда болады. Сырдария губерния- сының территориясынан Сырдария жэне Қызылорда округтері құрылады. Сырдария- га бұрынгы Түркістан, Ташқазақ, Әулиеата, Шымкентуездерінің жерлері кіреді.
Округ құрылган соң уездер де таратьшады. Олардың орнына аудандар пайда болады. Қазақстан жерін округтерге бөлу жэне аудандастыру мәселесі 1926 жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе еді. Коммунистік партия басшылары жер-жерде округ пен аудандарды құру - заман талабына орайғы іс деп шешеді. Өйткені бұрынгы губерниялар құрамындағы уездердегі ауылдар мен елді-мекендер бір-бірінен тым шалғай жатты. Мұндай күйде оларды бір орталықтан басқару күннен-күнге қиындай түскен. Сол үшін де эр аймақты экімшілік жэне экономикалық тұрғыда жеңіл басқару үшін аудан құру керек болады. ҚазАКСР орталық атқару комитетінде осы аудандастыру мәселесі екі жыл бойы барлық тараптан бүге-шігесіне дейін талқыланады. Болашақ аудандардың шекарасы айқындалады. Осыдан кейін ғана барып, бұл мәселе іске асады.
Сырдария округіне қараған төрт уездің жерінен 21 аудан жэне 3 қала қурылады. 21 ауданды санамаласақ - Арыс, Аңсу, Әулиеата, Бадам, Бостандың, Жаңаңорган, Жуалы, Иіржар, Қаратас, Қараспан, Келес, Қызылңум, Манкент-Сайрам, Меркі, Сарысу, Созаң, Талас, Түркістан, Түлкібас, Шаян, Шу. Үш қала санатына - Әулиеата, Түркістан, Шымкент жатады. 21 ауданның құрамына 567 ауылдық- қышлақтық жэне селолық кеңестер кіреді. Аудандар - көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы болып үш түрге бөлінді. Жартылай көшпелі жэне отырықшы аудандардың аумағы 50-60 шақырымды, көшпелі аудандардың аумағы 80-120 шақырымды құрайды. Бір ауданның халқының саны кемі 20-25 мың адамнан асуы тиіс болды.
1928 жылдың 17 ңаңтарында ҚазАКСР орталық атқару комитетінің кезекті сессиясында қабылданып, сол жылдың 15 наурыз күні жүзеге асқан аудандастыру саясатының нәтижесінде, Сырдария округінің кұрамында 21 ауданның бірі болып құрылған Бадам (кейінгі Ленгір) ауданы - бұрынғы Бадам, Қазыгүрт және Георгиевка болыстыңтарының аумағынан бой көтереді. 1925-28 жылдары Бадам болыстығына қараған Кәленатаның жэне Қарабұлақ пен Қарамұрттың көп аумағы жэне Сұлтанрабат - Манкент-Сайрам ауданына, Фогелево мен Ақжар - Қараспан ауданына беріледі. Бадам ауданының орталығы алғашқыда Шымкент қаласында орынтебеді.
1928 жылдың күзінде аудан бойынша халың саны - 43 мың 114 адамга жеткен. Ал мал саны мынадай болган: жылңы -18 677, ірі ңара -11 613, түйе - 2 015, ңой- ешкі -111 796, шошңа -1 270, есек - 2 114. Малдардың 60 проценті ірі жэне орта байлар шаруашылықтарында шоғырланыпты.
Бұрын уездік комитеттер Бүкілодақтық коммунистік партияның (болыневиктер- дің) уездік комитеті деп аталса, аудандар құрылған соң ВКП(б) аудандық партия комитеті деп аталды. Бадам аупарткомының алғашқы жауапты хатшысы (кейін бұлар бірінші хатшы аталды )ҚарымбекДүйсенов, ауатком төрағасыДосан Тәберов.
Жалпы архивтерде Бадам (Ленгір) ауданының 1928-30 жылдар арасындағы тари- хын баяндайтын документтер өте аз сақталған. Сақталғаны - аудан көлеміндегі алғашқы партия ұяларының жэне құрылған колхоздардың сандары. Сол деректерді сөйлетсек, 1929 жылы ауданда 77 коммунист, 69 партияға кандидат, 8 партия ұясы (ячейкасы), 27 комсомол мүшесітіркелген. Олардың арасында 121 орыс, 15 қазақбар.
1928 жылы бүкіл Қазақстанда жаппай колхоздастыру мен байларды тәркілеу науқаны қатар басталған. Елдегі колхоздастыру саясаты өте қатал эрі жалпы халыққа түсініксіз тәртіппен жүргізілді. Бірақ сол кезеңде Қазақстан үкіметін басқарған Голощекинге бүкіл шаруашылықтарды колхоздастырудан бұрын елдегі «Бай шаруа- шылықтарын» құртып алу маңыздырақ болыпты...