ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
Б¥Л ӨҢІРДЕ ТАЛАИ СОЙҚАНДЫ СОҒЫС ӨТКЕН

XIII-XV ғасырлар "Моңғол Шапқыншылығы"" ретінде атап өтілді. Отырықшы және қалалық мәдениеттің құлдырауы болды. Жерді пайдалану жүйесі бұзылды. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халықтың этникалық құрамы бұзылып, көптеген жылдар бойы қазақ ұлтының қалыптасуы жойылды. Шапқыншылық адамдардың жаппай жойылуымен, өндіргіш күштердің жойылуымен, материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуымен қатар жүрді.


1210 жылдан кейін бұл өңір бір мезет Батыс Лияу патшалығы мен Хорезм билеушілерінің билігіне өтті. ¥замай мұнда Шыңгыс ханның қаһарлы эскерлері жетті. Олар Бұқар мен Самарқан тарабына бара жатқанда тура Бадам өзенін кешіп, Қазығұрт етегін басып өтті. Сайрам мен Шымқаланың Ленгір бетіндегі жазықта орналасқан бекеттерде аялдап, алдағы соғыс барысына талдау жасады жэне осында біраз күн аялдады. Шыңғыс хан Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның жерін тұгас иемденгенде Төлеби жері мен Қазығұрт маңайы Шыңгыс ханның екінші баласы Шагатайдың атымен аталған ұлыстың құрамына кірді.
1222-1370 жылдар аралығында өмір сүрген Шагатай ұлысының ордасыбіресе Ташкентте, біресе Бұқара мен Самарқанда болды. Сол кезде бұрынғы Жібек жолының күре тамыры атанган Ташкент пен Сайрам аралыгындагы жол Шагатай ұлысын сонау алыстағы монғол астанасы Қарақорыммен байланыстырып тұратын маңызды қызмет атқарды. Жібек жолы дэуірі кезіндегі Ташкент пен Сайрам аралығындагы керуендер аялдап, демалатын бекеттер, ягни керуенсарайлар содан бастап Қарақорым мен Шағатай ұлысын жалгайтын екі еларалық байланыс қызметін атқарды. Сол кезде эр бекетте алысқа хабар апаратын жаушылар үшін арнайы аттар бағылып, қосалқы шабармандар тобы дайын отырды. Мысалы, Ташкенттен Қарақорымға тттүғыл хабар- ды жеткізуге шыққан шабармандар қосарланған атпен бір тоқтамай қазіргі Дербісек
ауылында болған бекетке дейін шауып келген. Бұларды ол жерде басқа шабармандар ауыстырып, олар Ортабекетке (қазіргі Қазығұрт кенті) дейін жүйткіп келген. Ортабе- кетте ауыстырылған аттар пен шабармандар Шарапхана бекетіне бір-ақ келіп тоқ- таған. Шарапханадан шауып шыққандар қазіргі Рабатқа (бұрынғы Фогелево) бір сагат уақытта жеткен. Рабаттан кейін шабармандар қазіргі Сұлтанрабатта тұрган бекетке шауып келген. Ары қарай шабармандар осындай бекеттер арқылы жолдарын жал- гастырып кете берген. Көне дэуірдегі Жібек жолы бойындагы керуендер аялдайтын, ал Шагатай заманынан бері тттүғыл байланыс рөлін атқарған осынау бекеттердің мұндай қызметтері - кейінгі Ақсақ Темір мен оның ұрпақтары билігі кезінде де, Қазақ Хандыгы тұсында да, қалмақ басқыншылыгы уақытында да, Қоқан хандығының ке- зеңінде де, оңтүстік өңірі орыс отарына түскен мезетте де, тіпті, пойыз жол қатынасы мен телеграф желілері жетілген XX гасырдың басына дейін жалгасты.
Бір аныгы, ислам діні де бүкіл қазаққа Оңтүстік жері, нақтысы Қазығұрт өлкесі арқылы тарады. Ислам дінін таратушылар Саманидтер мен Согды жұрты, сонымен бірге көнедегі Қаңлы-Үйсін ұлысынан тарап шыққан тайпалар жэне Огыздар жайлайтын Орта Азия жеріне VIII гасырдың алғашқы ширегінде келе бастады. Әлбетте, жаңа діннің негізін салушылар өз наным-сенімін басқа жұртқа ендіру барысында күш пен басқыншылыққа жол берген. Сол сияқты Орта Азияға ислам дінін алгаш таратушылар өз үгіт насихаттарымен бірге қылыш-найзаларын да сүйретіп келген. Соган орай Самарқан, Бұқара, Ташкент, Қазығұрт төңірегіндегі жергілікті халық пен арабтар арасында біраз уақытқа созылган согыстар жүреді. Осы кезде бар тараптан кемеліне келіп тұрган қытай елі Түргеш қаганатының элсірегенін пайдала- нып, Орта Азияға ислам дінін таратуды көздеген арабтардың алдын орау мақсатында Сыр бойындағы елдерге шабуыл жасайды жэне 749 жылы Ташкентті жаулайды. Таш- кенттің Багатүр атты билеушісі қытайдың үстемдігін мойындайды. Дегенмен қытайлар оны өлім жазасына кеседі. Осыган ашуланган Бағатұрдың баласы Хора- санда жатқан арабтардан көмек сұрайды, эрі жауды жеңген жағдайда Ташкент (оның ішінде Ленгір, Қасқасу маңайы да бар) айналасындагы согды жұрты болсын, түркі елі болсын, бірден ислам дінін қабылдайды деп уэде береді. Кешікпей Ташкентке арабтардың Әбу Мүсілім бастаган көп жасағы келеді. Олар Ташкенттен қытайларды алгашқы шайқаста-ақ ысырып тастайды. Бұл жаққа эу баста Сайрам мен Қазығұрт етегі арқылы келген қытайлар шегініс жасаган қайтар жолдарында да Келесті жағалап, қазіргі Қазығұрт кенті тұрган жазықпен Шарап- хананы басып өтіп, Бадам өзені арқылы Тараз бен Талас жаққа кетеді. Бұдан кейін тарихта айқын мэлім болғанындай, арабтармен ңытайлардың соңгы шайқасы 751 жылы Талас озенінің жогаргы жагасындагы коне Атлах ңаласы маңында өтеді. Қытайдың 100 мың әскерінің 50 мыңы ажал құшқан осынау ұлы қырғында арабтарга соғдылар мен түркілер жасақтары көп көмек көрсетеді. Міне, осы жылдан бастап, біздің өлкеде ислам діні берік орнықты жэне Алаш даласына мұсылмандық қағи-
даттар келді. Содан бастап ислам ілімін таратушылардың дені осы біздің Қазығұрт һэм Төлеби жері арқылы Түркістан мен Отырар, Тараз бен Арқа, Еділ мен Қазан жері- не өтті. Қазығұрт-Т ө леби өңірінде УІІІ-ХІҮ ғасырлар аралығында небір мұсылман ғұлама- лары өмір сүрді. Олар дін ілімі арқылы жергілікті халықтың рухани байлығын арт- тырып, өмірге жаңа көзқарас пен білім әкелді. Өлкеміздегі түрлі әулиелік орындар сол замандардағы ата-бабаларымыздың дүниетанымын мүлдем өзгерткен ғұламалардан қалған белгілер екенінде ешкімнің дауы болмаса керек. Қысқасын айтқанда, дүние- дегі ең беделді діннің бірі - исламның шығыс пен пен батысты жайлаған түркілік жүртқа кең таралуына Қазығұрт-Төлеби өлкесі, осылайша, айрықша маңыз атқарды. XIV ғасырдың екінші жартысында мұнда Мәуреннаһрды билеген Ақсаң Темірдің үстемдігі жүре бастайды. 1360 жылдары қазіргі Өзбекстан, Тэжікстан мен Түрік- менстан жерінің бэрін жаулап, өз алдына эмірлік құрған Ақсақ Темір 1365 жылы Таш- кент пен Қазығұрттың шығыс жағын иеленіп отырған Моғолстан ханы Ілияс Қожаға қарсы соғыс бастайды. Ақсақ Темір алдымен Ілияс Қожаның Ташкенттегі эскерін талқандайды. Шайқастан аман қалған Моғолстан эскері Қазығұртқа қарай шегінеді де, Бадамнан өтіп, бүгінгі Сайрам елді-мекенінің Ленгір жақ бетіндегі жазыққа келіп аялдайды. Мұнда оларға Түлкібас жақтан Ілияс Қожа хан бастап келген отыз мыңдық әскер қосылады. Сөйтіп, саны қырық мыңға жуықтаған Моғолстан эскері осы жерде арттан қуып келген Темір әскерлеріне қарсы тұрады.
Бұл соғыста жеңіліс тапқанымен, кейін күш жинап, эмірлік тақты берік иеленген Ақсақ Темір XV ғасырдың үшінші ширегінің өн-бойында Қазығұрт, Бадам, Арыс, Сайрамсу бойын, Қаратау-Алатауды, жиып айтқанда, Түркістан өлкесін жайлаған моғолстандықтарға элденеше рет шабуыл жасайды жэне бұл жорықтарының бэрі сэтті өтеді. Жорығының басын Ташкент пен Шыршық жерінен бастаған ол, барлық шеруін (кейде қиян-кескі майдандарын) Келес бойы мен Қазығұрт-Төлеби аумағы арқылы жүргізіп отырды. Өйткені Қазығұрт етегінен басқа оның Түркістан өлкесіне баратын тікелей жолы жоқ-ты.
Міне, уақыт шаңына көміліп ұмытылған, соның кесірінен бүгінгі көпшіліктің жад- санасында қалмаған тарихи ақиқаттардың бір парасы осындай.