ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
«ЖЫЛАНТАҚЫР» Ж¥ТЫ ЖӘНЕ УАҚЫТША ҮКІМЕТТІҢ ОРНАУЫ

Өткен замандарда исі қазақтың өсіп-өркендеуі жолында оңтүстік жері қаншалықты маңыз атқарған болса - XX ғасырдың басында да оңтүстік өңірі бүкіл қазаққа үлгі боларлық көптеген игі істерге бастамашы болды.


Бізге таяқ тастам жерде түрған Ташкентті ілкідегі өз шаһарымыз, Қазақстанның түстік өлкесінің басты орталыгы деп білсек, XX гасырдагы қазақ халқы үшін атқарылған ұлы істердің барлыгының басы осы қалада басталды. 1915-17 жылдары қазақтың барлық оқымыстылары мен зиялыларының басым бөлігі Ташкентте оқыды, жұмыс істеді, қазаққа қатысты саяси маңызы бар істердің әмбесін осында талқылады. Қазақ зиялылары «Алаш» партия- сын құру жобасын да алдымен осы Ташкентте көтерді. 1915 жылы Көлбай Төгісовтың бастамасымен осында шыққан «Алаш» газеті аталмыш жобаны дәріптеген алғашқы ақпарат құралы еді. Мұстафа Шоқайдың тек жергілікті жұрттың мүддесін көздейтін Түркістан Республикасын, Тұрар Рысқұловтың біртұгас Түрік коммунистік пар- тиясын құру идеялары да қазақ азаттығын аңсаған арман жолындагы қадамдар бола- тын.
Сырдария облысының орталыгы Ташкентте болгандықтан, қаладагы саяси өзгеріс- тер мен агым-багыттардың ықпалы іргедегі біздің далага да қатты әсер еткені анық. Жогарыда айтылган 1916 жылгы көтеріліс те Ташкентте бой көтере бастаган револю- циялық агымдардың ықпалымен іске асқаны кэміл. Иә, оқырман, жогарыдагы барлық деректерге ден қойсақ, Қазығұрт-Т ө леби жерінің Алаш баласына қатысты болған қан- дайда бір саяси оқиғаларды өз төсінде алғашқы болып өткерген аймақ екеніне көзіміз жетеді.
Бүгінгі көпшіліктің есінде қалмаған тағы бір зұлматты оқиға өлкемізде 1917-18 жылдары өткен. 1917 жылдың көктемінде қазақша жьш санау бойынша жылан жылы кірген. Сәуір туа салысымен күн қатты жылып, аспаннан бір тамшы жаңбыр жаумай қойған. Айдың аяғында күннің ысығаны сондай, мамырдың басында ауа-райы шілдедегідей аса ысып, жердегі көктесін бірден қураған. Жүрттың көктемгі егісі ыстықтан өспей бастары қурап, аңызақ желмен ұшып кеткен. Жаз аптап ыстықты болып, шілденің басында даланың шөбі күйреп, жер-дүниенің шаңы шыққан. Малы барлар тау-тауға қашып, мал-жандарын аман алып қалудың қамына кіріссе де, бэрібір, алдымен тістем шөп таппаған төрт түлік ашығып, қойларға топалаң, қара малға қарасан тиіп, жылқы маңқаға ұшырап, қырыла бастаған. Малдармен бірге тамақ таппай, ылғи өлген төрт түліктің етін жеген адамдар іш ауруына, тырысқақ дертіне шалдығып, жапырылып түскен.
1917 жылдың басында басталған құрғақшылық 1918 жылдың қысы басына дейін созылып, бір жылға таяу уақыт не жаңбыр, не қар жаумай қойған. Арты алапат ашаршылық пен жұтқа ұласқан осынау зұлмат Ташкент пен Алматы облыстарының аралығын қамтыпты. Түрар Рысңүловтың мәліметінше, осы жүтта Сырдария мен Жетісу облыстарының өңірінде үш миллиондай мал, 500 мыңдай адам опат кетіпті. Таулардың сонау терең қойнауларына уақтылы жеткен немесе өзен-су жағалап отырған жұрттың біразы әупіріммен аман қалған бұл жұтты халық жылан жылына байланысты «Жылантақыр» деп атаған. Дэл осы «Жылантақырда» біздің аудан жеріндегі қанша тұрғын опат кетті, ол жағы тағы белгісіз. Ол жайында уақытында жазып қалдырған, кейін зерделеп, зерттеген тағы ешкім болмапты. Оңтүстік жұрты осынау жұттан қырылып жатқанда Петерборда үкімет өзгерген. Патшаны тақтан құлатып, билікті қолына алған. Уақытша үкіметтің жер-жердегі өкілдері ашыққан адамдардың жай-күйін ойлаудың орнына өз үкіметінің бағыты мен құрамын анықтаумен эуре болып кеткен. Оған қоса, бүкіл Ресейде, сондай-ақ оның құзырындағы барлық өңірлерде капитализмды дамыту бағытын ұстанған Уақытша үкіметпен бірге, социализмді құруды мақсат еткен жұмысшы-шаруалар мен солдат депутаттары кеңесі де үкімет басына келеді. Ол аздай, бұлармен қатар эмбе Ресей аумағында эсерлер, кадеттер, меныневиктер партиялары бас көтеріп, қара халық қайсысының бағыты дұрыс, қайсысының соңына ерудің тиімді екенін білмей, сенделіп кетеді. Ол кезде Орта Азиядағы саяси ахуалдың бэрі Ташкент арқылы өрбіп отыратын. Ташкент - Орта Азиядағы жэне қазақтар жайлаған Сырдария облысының орталығы. Онда бой көтерген саяси өзгерістердің бэрі алдымен Сырдария жеріндегі қазақтарға әсер ететін. Петерборда билік ауысқан соң Ташкенттегі патша өкілі генерел-губернатор тақтан тайып, оның орнына уақытша үкіметтің Түркістан бойын- ша комитеті құрылады. Оның төрағасы болып, меныневик Щепкин тағайындалады.
Уақытша үкімет эу баста Түркістан өлкесіндегі патша езгісін әбден тартқан мұсылман ұлттарына бостандық беруге уэде етеді. Бірақ Түркістан комитетінің басшылығында отырған орыс үлықтары мұндай бостандыққа қарсы болып бағады. Оған қарсылық ретінде һэм бостандық бағытындағы өз ойларын іске асыру үшін Уақытша үкіметтің Түркістан мұсылмандары комитеті құрылып, оның төрағалығына Мұстафа Шоқай тағайындалады. Ол комитет Түркістан өлкесіндегі мұсылман жұртының құқықтарын жэне биліктегі құзырларын күшейту мақсатымен облыстық, уездік, болыстық комитеттер құрады. Орыс құзырынан құтылатын кез енді келді деп ниеттенген Мұстафа Шоқай комитеті Сырдария облысының қазақтарына көп үміт артады. Сол кезде Уақытша үкіметтің Сырдария облыстық комитетіне Сералы Лапин, Черняев (Шымкент) уездік мұсылман комитетіне Алдаберген Мангелдин, Бадам болыстық комитетіне Ноғай Батырбеков, Қазығұрт болыстық комитетіне Әбдісаттар Естемесов деген кісілер тағайындалыпты.
Қанша дегенмен Уақытша үкіметтің басшьшарының дені мұсылман жұрттарының үстінен мэңгілік үстемдік құруды қалайтын бұрынғы орыс шовинистерінің пиғьшын ұстанатын шенеуніктер еді. Ондайлар Түркістан мұсылмандарының көсемдері аңсаған азаттыққа барынша кедергі жасап бағады эрі мүндай қарсылықтары нәтижелі шығып, өлкеде орыс үстемдігі сақталып қалады. Уақытша үкіметтің алғашқы төрағасы князь Львов те, кейінгі басшысы Керенский де батыста жүріп жатқан бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтатуға мүдделі болмады. Ал Уақытша үкіметтің Түркістан мұсылмандары комитеті 1917 жылдың қысында Орта Азия мен Қазақстанның жас жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алынып жатқан науқанға қарсы тұрып, оны тоқтатуға қол жеткізеді. 1917 жылдың 14 наурызында Уақытша үкімет бұған қатысты арнайы қаулы қабылдайды. Сол жылдың 5 мамырында аталған үкімет тыл жұмысына аттанған мұсылман жігіттерін елдеріне қайтару туралы бұйрық та шығарады. Жоғарыдағы билік өкілдеріне мұндай қаулы мен бұйрықты шығартуға Түркістан комитетінің ықпалы орасан болды. Әлбетте, бұл комитет болмаса, Уақытша үкімет басшылары мұндай қаулы-бұйрықтарды шығармас таеді.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Түркістан өлкесінде жастарды қадымша оқытудан гөрі жәдид бағытымен оқыту қатты қолға алына бастайды. Бұл екеуіне түсінік берсек, қадымша оқыту - мектеп-медіреселердегі оқушыларды тек ислами қағидаттар аясында, яғни құран сүрелері мен хадистер ілімі бойынша оқыту болса, жәдид - исламдық заңдылықтарымен қатар жаратылыстану ілімдерін де қосып оқыту, сонымен бірге батыстық үлгідегі заманға орайғы білімді де өрістету бағытын ұстанған. Әрине, ескі көзқарастағы ұстанымдар мен тек діндік ілімді ғана насихат- тайтын кадымшылардан гөрі, заманға қарай икемделген білімді уағыздайтын жәдид- шілердің мақсаттары дұрыс-тұғын. Патша кезінде орыс отаршылдары тарапынан мұ- сылман жастарының заманға байланысты ілім алуларына көп кедергілер келтірілген еді. Ал Уақытша үкімет кезінде бұған кең жол ашылған-тын. Халықты заманауи бі- лімге үйретуге қатты талпынған Түркістан комитеті бүл бағытта да көп істер тынды- рып қалуға тырысады. Соның нәтижесінде, елде жүріп жатқан алапат жүттың қасірет- қиыншылықтарына қарамай, Шымкент уездік комитеті Жалғандық пен Сұлтан- рабаттағы мектеп-медіреселерде жэдитша оқытудың бағдарламасын ендіреді. Бірақ «балапан басымен, түрымтай тұсымен» болған «Жылантақыр» жұты жылында медіресеге оқушылар келмегені себепті, бұл бағдарлама іске аспапты. Есесіне, жэдид оқуы аталмыш мектеп-медіреселерде 1918 жылдан 1924 жылға дейін жүріпті.