ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ӨЛКЕМІЗДІҢ ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІАХУАЛЫ

Қазығұрт-Төлеби өңірінің Қазақ Хандығымен жэне тұтас қазақ халқымен тарихи байланысы жоғарыдағы оқиғалармен шектеліп қалмайды. Қазақ тарихында ең көп айтылған жэне ең көп жазылған, тіпті, осы күнде жауыр тақырыпқа айналған, сонымен бірге көп жарнамаланғаны соншалық, бүгінгі үрпақтың санасына ілгеріде атам қазаққа олардан басқа жау болмаған сияқты ұғым сіңген қазақ-қалмақ соғысының басты оқиғаларының біразы да біздің өлкеде өткен.


Әрине, екі ғасырдан астам уақытқа созылған бұл соғыс қазақ жадына мэңгілік сіңбегенде қайтсін. Оның үстіне кешегі совет кезінде біздің қазақтың өткен тарихы тек қазақ-қалмақ соғысына ғана байланыстырылып оқытьшғаны да - бүған үлкен ықпал.
Негізі, қазац-ңалмац жауластыгы 1520 жылдардан басталып, ара-түра гана үзілістермен 1758 жылга дейін жалгасты. Бірақ сонау Қасым ханнан бастап, 1652 жылы майданда қаза тапқан Жэңгір ханға дейін қазақтар қалмақтарға еш дес бермеген. 1681 жылға дейін олар қазақтың жерін жаулап, бір пүтттпақ жерін де иелігіне ала алмаған. Міне, осы жылы екі халық арасындағы екі жүз жылдық соғыстың жаңа кезеңі басталады. Тэуке ханның таққа отырғанына бір жыл толған 1681 жылы айрықша қуатқа жеткен қалмақ ұлысының ханы Қалдан-Бошықты жолындағының бэрін жапырып, Жетісуды жаулайды. Одан соң сол екпінмен Шу-Таластан асып, Арысқа жетеді, цазацтың цалың жиынтыц ортасы Сайрамга таяйды. Осылайша, қалмақ аяғы кезекті рет оңтүстік жеріне тиеді.
Қазақ-қалмақ соғысы біздің тарихта қаншалықты көп жазылды дегенімен, оның кейбір тұстары элі де көмескі күйі зерттелінбей жатыр. Мәселен, олардың оңтүстікке жасаған жорықтары мен осындағы халыққа әкелген зардаптары, сондай-ақ қай жылы оңтүстіктің қай тарапын жаулады, Келес-Ташкент, Қазыгұрт-Төлеби жеріне қай уақытта келді деген сүрақтардың басы элі ашық күйде қалуда. Жалпы, қазақтың тарихи ғылымында оңтүстік тарихы өте аз зерттелінген. Солардың ең маңызды- ларының бірі - осы Сайрам соғысы. Қалмақтар 1681-1684 жылдар аралығында Сайрамға төрт рет шабуыл жасайды. Алдыңғы үш рет шабуылда қамалды ала алмағанымен, осы өңірден мыңдаған мал-мүлік олжалап, сансыз адамдарды айдап кетеді. Төртінші шабуылды Қалданның інісі, болашақта қазақтың басына зор қауіп төндірген хан болған Сыбан Раптан бастайды. Ол бірнеше зеңбіректерінің күшімен қамалды тас-талқан қылады, қарсыласқан қазақтарды мыңдап қырады. Өзбек тарихшысы Асат Сапиевтың жазбасына ден қойсақ, осы соғыста қазақ ханы Тэуке көрінбеген, шайқасқа тек жергілікті қазақ батырлары бас болған. Сайрамды талқандаған қалмақтар Қазығүрт тауынан асып, Келес бойына дейін келеді. Бұрынғы әдеттерінше мұндағы жұртты да ұлардай шулатып, мал-мүліктен мол олжа әкетеді.
Осы жерде қалмақтар өздерінің жорық жылдарында Сайрамға қай жақтан шабуылдады деген сұрақ туындайды. Өйткені ол кезде Ақсуда су мол, атты адам беймарал өте алмайды, сондықтан мыңдаған әскердің асау сулы өзеннен бір сәтте өте салуы тіпті қиын. Бір жағы - бергі жақта оларды қарсылап тұрған қазақ сарбаздары жаудың өзенге түскен қалың әскерін эп-сэтте жапырып салады. Оның үстіне шабуылдаушы әскер қазіргі Ақсу селосы тұрған тегіспен келсе, Сайрамға таяр тұста табиғаттың өзі қамал сияқты етіп жаратқан ұзыннан-ұзақ созылған эрі биік жота бар. Аз санды қазақтар осы жотаның үстінде тұрып-ақ, етектегі көп қалмақтың бетін оп- оңай қайтаруға мүмкіндіктері болған.
Расында, тарихи деректерге қарасақ, алдыңғы соғыстарда Ақсудың элгі асау ағысы мен оның жағасындағы биік жотаның қазақтарға пайдасы қатты тиіпті. Су жағасы мен биік жотаны жақсы бекініс ете білген қазақтар оларды үш жыл қатарынан Сайрамға таятпайды. Төртінші жылы қалмақтар басқа әрекетке көшеді. 1684 жылдың күзіне таман Қалдан Бошықты ханның тайшысы Бұғда бастаған он түйеге зеңбірек артқан жэне төрт жүз мылтығы бар сегіз мың қол Дэубаба асуынан асып, Ақсудың жоғары тұсына жетеді. Сол жақтан тіке батысты бетке ала еңістеп, Көксәйектің солтүстік жағын басып өтеді де, Сайрамға шығыс беттегі жазықпен шабуылдайды. Бүл жолы Сайрамсу жагасында туып-өскен жаныс Түгелбай, Өтебай, оларгакөмеккекелген цоңырат Баймүрат, шекті Тілеу батырлар Сайрам түбінде қалмаққа қарсы жанкешті үрыс салса да, қаруы озың жауга есе жіберуге мәжбүр болады. Ал жеңіске жеткен қалмақтар неше ғасырдан бері гүлденіп, думаны шалқып тұрған қаланы қамалымен қосып қиратып салады. Иә, өткенге осылайша көз салсақ, қазақ тарихында элі күнге дейін арнайы зерттелінбей эрі өз бағасын толық ала алмай келе жатқан Сайрам соғысының қасіретінің бір шеті біздің аудан жерінде де өткенін байқаймыз.
Қалмақтар бұл жылдары Жетісу жерін толық иемденіп алса да, осы жолғы соғыста қазақтың басқа жерлерін иелену мақсатында емес, тек олжа үшін шапқан болатын. Өйткені олар осы уақытта қытаймен соғысып жатқан эрі бар күшін соған жұмсау үстінде-тұғын. Ал қазақ жеріне келген Қалдан эскерінің оннан бір бөлігі ғана болатын. Осыдан кейін жоңгар баңандай он үиг жыл ңазақңа тиіспейді. 1697 жылы кезекті рет бір шабуыл жасайды. Бұл жолы қазақтар олардың беттерін бір қайтарғанға ұқсайды. Одан соң 1710 жылга дейін ңұба қалмаң тагы тым-тырыс жатады. Бірақ қазаққа тиіспеді демесең, осы уақыт аралығында жоңғар қытаймен қырқысумен болған. Содан арада сегіз жыл откенде 1718 жылы ңазаңңа тагы тиіседі де, Қаратау етегіндегі ел-жүртты ңырып келіп, Аңсу, Бадам, Қасңасу, Қазыгүрт оңіріндегіруларды да ңан ңаңсатып кетеді.
Бұл уақытта қазақтың ханы Болат еді. Болат оңтүстік жерін жапырған жауға еш қарсылық танытпай, тым-тырыс отыра береді. Одан бұрынғы ел аузында әз-Тәуке деген атпен қалған Тэуке хан да іргедегі қалмақтың әрекетін аңдамайды, ол шапса, лайықты қарсылық көрсетпейді. Ол хандық құрған отыз бес жыл ішінде қазақ бұ- рынғы хандардың кезіндегідей бірде-бір мерейлі жеңіске жетпепті. Тарихқа әйтпесе былай болар еді деген үкім жүрмейді, бірақ та кейінгі ұрпақ өткен тарихты тара- зылауға құқылы. Осыған сайсақ, отыз бес жыл ішінде қайта-қайта шапқан жаудың аңысын аңдамай, оның келешектегі жоспарын сараламай күн кешкен сол кездегі қазақ билеушілері ара кідік болған бейбіт кезеңдерге тоқмейілсіп, бір күндік тыныштыққа барақат тауып, екі күн бейбітшілікке мойынсұнып, қамсыз, ойсыз отыра берген бе дерсің. Әйтпесе, қыр астында қарулы жасағы, сойылды аламаны ат үстінде дайын отырған, кез келген уақытта жота асып, су кешіп келіп қалуы ықтимал дұшпанның ой- ниетін неліктен байқамаган, іс-әрекетін неге бақыламаган?
Бүгінгі үрпаңтың бәріне белгілі жәйт - ңалмаңтың біздің далага ең жойңын шабуылы 1723 жылдың ортасьіна таман іске асты. Қазақтың азып-тозып құты қашқан, екісінің бірі өліп, Ақтабан шұбырындыға түскен кезі осы тұс. Қалмақ бұл жолы Алаш даласына бұрынғыдай мал-мүлік олжалау үшін аттанып келген жоқ, қытаймен өткерген көп жылғы согыстан соң жері тарылғаны себепті жаңа қоныс иелену мақсатымен бізге шабуылдаған. Шабуыл барысында ол кері қайтуды ойлама- ған, қай жерді басса, сонда орнықпаққа бекінген. Ақтабан шұбырынды кезеңінде Іле-Балқаш, Шу-Талас, Қаратау алабынан Сыр- дария мен Ташкент тарапқа босқан жұрт Қазығұрт-Төлеби жерін шаң қылған. Қал- мақтардың 1723 жылғы шабуылының негізгі бағытыназер салсақ, алдымен олар Ала- тау мен Сарысу аралығындағы оңтүстік алапты басқан. Содан соң Түркістан мен Сай- рам арасындағы руларды шауып, Шыршыққа дейін барған. Біздің тарихшылар 1723-24 жылдардағы Ақтабан шұбырындыдан кейін қалмақ қолдары оңтүстіктің қай тарапына ұйысып отырды деген сұраққа элі назар салмай жүр. Ақиқатында, жоңғарлар қазақтарды Ақтабан шұбырындыға түсіріп, Шыршыққа дейін түре қуғанымен кері қайтып, Түлкібас жақта шоғырлана отырған. Ал негізгі күші Әулиеата маңы мен Жетісуга қайтып орнықңан. Осыны пайдаланған қазақ билеушілері ес жиып, 1726 жылы Ордабасыдағы атақты жиынды өткізген. Әйтпесе, жаудың жиынтық күші Қазыгүрт пен Арыстың бойында отырған болса, олар қазақтардың Ордабасыға жиналуына мүмкіндік берер ме еді...
Негізінде, олардың Қазығұрт-Төлеби мен Келес маңайына орнығуы 1729 жылдары орын алған. 1728 жылы Бұланты өзені бойындағы үрыста бір рет жеңілген қалмақ артынша дереу ес жиып, қазақтар шоғырланып отырған Ташкентті жаулап алуға кіріседі. Содан әскери күштерін Ташкентке жақын маңайға орнықтыра бастайды. 1729 жылы Ташкентті алгаш рет жаулайды да, шаһарда отырмай Келес, Бадам бойы мен Қазыгүрт етегіне келіп, шогыр-шогыр болып отырады. Тайшылары мен әскербасылары баяғы Сақ-Үйсіндерден қалған жасанды төбелерді мекендейді. Осындай төбелерді кешегі қариялардың «Қалмақ отырған төбе». «Қалмақ төбе» деп атап жүргендерінің себебі осы. Мысалы, Айтуби ауылының жоғарғы түсындағы жота басында қалмақтардан қалған зынданның орны бар. Мұндай зынданның орны Кеңесарық маңындағы Есім хан ордасында да жатыр.
Қалдан Сереннің әскері Ташкентті 1735 жылы тагы шауып, 1739 жылга дейін ңүзырында үстайды. Осы жылы ңазаңтар шаһарды ңайта ңайтарып алады. Үзамай ңалмаңтар тагы басады. Содан 1745 жылы Толе би бастаган ңазаңтар оны басңыншыдан біржолата тазартады. Міне, осы жылдардағы шайқастардың бэріне — Ташкентке барарда да, Ташкенттен шегінгенде де - қалмақ қосындары тура Қазығұрт-Төлеби жерін басып өткен. 1745 жылдың күзінде Сары Мэнжі тайшы бастаған қалмақтар мен қазақтардың Төле би мен Бердіқожа батыр басқарған аламандары Ленгір мен Көксәйек арасындағы төбе-жазықта шайқасқа түскен. Бұл шайқас оңтүстіктегі қазақ-қалмақ соғысының түйіндісі еді десе де болады. Өйткені 1745-47 жылдардағы шайқастардан кейін жоңғарлар бір ғана Қазығұрт-Төлеби жерінен ғана емес, күллі оңтүстік өлкесінен түпкілікті қуылған.
Иә, қадірлі оқырман, көне тарихты осылай сөз етсек, қазақ тарихына қатысты қандайда бір оқиғалар болмасын, Қазығұрт-Төлеби төңірегінен айналып өтпегенін көреміз. Расында, Қазығұрт-Төлеби маңайы ел отыруға ыңғайлы мекен болумен қатар, ары-бері жорық жасаған басқыншылардың да, сол басқыншыларды түре қуған жеңімпаздардың да, бейбіт кезеңде алысқа тартқан көп аттының да, көлденең өткен көк аттының да жолы болыпты. Өйткені жорыққа шыққан әскер елсізбен емес, халық жиын отырған тау етегі мен өзен жағасына жақын маңды жаулай отырып алға жылжиды. Одан қалса, сапар барысында күн ыстықта жанға жайлы салқын табиғаты бар сулы аймақты, күн суықта желден ық, бораннан пана болатын іұсты таңдайды. Басқыншыны қуған әскер де осы жолмен жүрері хақ. Қазығұрт-Төлеби өлкесі осы талаптардың бэріне лайықты аймақ болғаны даусыз.
Иә, айта берсек, бұрынғы замандарда аудан көлемінде болып өткен, бірақ элі тарихи сырлары ашылмаған деректер өте көп. Біздің туған өлке тарихын зерттеу бұрыннан шұғылданып келе жатқан тақырыбымыз болатын. Дегенмен, бұрындары ол туралы жалпылай жазып кететінбіз. Ал бұл жолы сол әдетімізден арылуды жөн санадық жэне де жоғарыдағыдай тәсілмен эр кезеңдегі өткен оқиғаларға қысқаша болса да тиянақты мағлұмат беріп кетуді мақсаттадық. Бір ескерте кететін жэйт - біз жоғарыда Қазығұрт-Төлеби өлкесінің күллі қазақ тарихына байланысты тұстарын ғана атап өттік. Енді қалмақ соғысынан кейінгі оқиғаларды қозғау барысында Оңтүстік Қазақстан жері мен тікелей өз ауданымызға қатысты тарихты сөз етеміз. Соған орай соңғы екі-екі жарым ғасыр аралығында тек өзіміздің өлкемізде өткен қызғылықты эрі зүлматты тарихи оқиғаларды әңгімелекпіз. Әрине, осынау тарихты ақтарып шығудың өзі де ауыр тақырып. Әрі мұнда біз бүрын ешбір жазбаларда, газет- журналдарда, кітаптарда, жалпы көпшілікке тарайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған, осы күнге дейін архивтер қоймалары мен кітапхана- лардағы сирек қолжазбалар қорларында сақталып келген жалпы жұрт үшін тосын мәліметтерді жазбаламақпыз.