ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ӨЛКЕМІЗДЕ СОВЕТ ҮКІМЕТІ БЕЙБІТ ТҮРДЕ ОРНАҒАН

Он айға ғана жуық өмір сүрген Уақытша үкімет елге нақты бір билікті орнатып үлгермейді жэне бұл уақытта бостандыққа ұмтылған түркістандық мұсылмандар қайраткерлері де ойға алған негізгі шаруаларын атқара алмайды.


Ал 1917 жылдың қазан айында үкіметті болыневиктер басып алады. Болыневиктердің жұмыс қарқыны Уақытша үкімет басшыларынікі сияқты шашыраңқы һэм нақтылығы жоқ саясатқа ұқсамаған. Олар үкімет басына нақты бір саясатпен келгендіктен, жер-жерде өз биліктерін тез орнатады. 1917 жылдың 22 қарашасында Ташкентте Түркістан өлкелік кеңестердің үшінші сьезі өтіп, онда аймақтагы билік советтердің қолына тигендігіне байланысты Түркістан халық комиссарлары кеңесінің құрьшганы туралы хабарлама жасалынады. Сөйтіп, мұнда Ресей федеративтік республикасының құрамына кіретін Түркістан федеративтік (кейін автономиялық) республикасы құрылады. Советтік Түркістанның аумагы бұрынгы генерал-губернатор кезіндегі бес облысты еш өзгеріссіз қамтиды. Осыдан кейін Сырдария облысында совет үкіметі ешбір согыссыз орнайды. 1918 жылдың басында Ташкент пен Шымкентте үкіметті қолға алған болыневиктер ең алдымен ашыққандарга көңіл бөліп, халықтың тез арада тойынуына, ес жиюына айтарлықтай ықпал етеді. Уезд орталықтарында аштық комитеттері құрылады. Аштық комитеттері жер-жерде ашыққандарга көмек ұйымдар мен асханалар ашады. Ондай асханалар Қасқасуда, Георгиевкада, Дорофеевкада, Ленгірде, Фогелево ауылдарында орналасып, жан-жақтағы ашыққандардың қарындарын тойдырады. Бір деректе Дорофеевкадағы алғашқы жетімхана осы жылы пайда болған делінеді.
1918 жылдың ортасына таман тойынып, өз-өздеріне келе бастаған Черняев (Шымкент) уездінің жұрты советтік саясатқа орай өмір сүре бастайды. Совет орнаған соң да, облыстар мен уездер атаулары жэне шекара аумақтары бұрынғы күйінде қалады. Патша кезіндегі облыс, уезд бастықтарының лауазым аттары ауысып, олар облыстық, уездік төңкерістік комитеттің төрағалары деп аталады. Төңкерістік комитеттің төрағаларына коммунистік партияның мүшелері болып табылатын болыневиктер тағайындалады. Ал болыстық аумақтарда болыстық төңкерістік атқару комитеттері (Волостнойревисполком) қүрылады.
Қанша дегенмен совет үкіметінің құзыры ауьшдық жерлерге кеш жетеді. Соған байланысты ауыл-ауылдардағы жаңа үкіметтің саясатын жете түсінген кадрлар мэселесі бірден шешілмейді. ¥замай болыстық төңкерістік атқару комитеттері - болыстық атқару комитеттері (болатком) болып қайта қүрьшады. Сол жылы болаткомдармен қатар, эр ауылда ауылнайлар бас болған ауылдық атқару комитеттері де пайда болады. Көптеген болатком төрағалары болып, патшауақытындағы бүрынғы болыстар сайланады. Өйткені совет үкіметінің алғашқы жылдарында болатком төрағалары мен ауылнайлар (ауыл бастықтары) сайлау тэртібі бойынша іріктелетін еді. Әп дегенде жаңа қүрылымның мәнісін түсінбеген жэне жан-жақтағы саяси ахуалды саралауға элі өре-пайымдары жетпеген, оған қоса, бұрынғы болыс- старшындарды қүдайдай санайтын жергілікті қара халық болатком төрағалығына сайлау болғанда бұрынғыша қалыппен өздері сыйлайтын немесе корқатын болыстарға дауыс берген.
Ташкент архивіндегі 1-қор, №1-тізбе, №92-істегі құжаттарда сақталған дерек бойынша, 1918 жылдың жазы кезінде Шымкент уезіндегі 49 болыстықтың бірталайы таратылады, кейбіреулерінің атаулары өзгереді, кейбіреулері жаңадан бой көтереді. Нэтижесінде, 45 болыстық төңкерістік комитет пайда болады. Олар мыналар: Қазыгұрт, Қаратөбе, Сайрам, Бадам, Сайрамсу, Совет, Дорофеев, Трехсвятка, Георгиевка, Кәлената, Сарыбүлаң, Қарабүлаң, Аңсу, Қошңарата, Алексеев, Высокинская, Манкент, Беловод, Қарамүрт, Чиркино-Аңманбет, Ванновский, Жабагылы, Майлыкент, Түлкібас, Кокбүлаң, Сергеевская, Умяновская. Арыстанды, Боралдай, Глинков, Сарыкол, Аңтас, Қорганжар, Мамаев, Байтогай, Сырдария, Қошңарата, Тассай, Ойыңты, Мыңбүлаң, Бәйжігіт, Боген, Боріжар, Арыс, Байырңүм. Бұлардың ішінде біздің аудан жеріне жататындары — сегіз ауыл қараған Қазыгүрт болыстыгы (болыстық төңкерістік атқару комитетінің төрағасы Асан Құлманов, төраға жолдасы Әбділлэ Қасымбеков, хатшысы Сиқымбай Жортаев);
Он ауыл кірген Қаратобе болыстыгы (болатком төрағасы Жүніс Қабанов, төраға жолдасы Құншары Сұлтанбеков, хатшысы Кәрібек Оңғарбаев); Үш ауыл қараған Бадам болыстыгы (болатком төрағасы Арысбай Тұранов, төраға жолдасы Жүніс Құрышев, хатшысы Милыбай Кебекбаев); Бес ауыл қараған Сайрамсу болыстыгы (болатком төрағасы Тасболат Сарыбеков, төраға жолдасы Омарэлі Бэкіров, хатшысы Түтыбаев); Совет, Сахаровка, Веряховка, Рудневка атты төрт орыс поселкасы мен үш қазақ ауылы қараған Совет болыстыгы (болатком төрағасы Михлик, төраға жолдасы Бөрібек Жұмашев, хатшысы Лысов); Александровка, Троцкое, Дорофеевка, Нестеровка, Покровка, Михайловка, Фогелево, Рождественское, Скреплевка сияқты тоғыз орыс поселкасы мен төрт қазақ ауылдары қараған Дорофеевка болыстыгы (болатком төрағасы Алексей Коробовин, төраға жолдасы Бахадыр Абылаев, екінші төраға жолдасы Дмитрий Головков, хатшысы Гета Емикбянин); Сегіз қазақ ауылдары мен екі орыс селосы қараған Трехсвятское болыстыгы (болатком төрағасы Иван Зуев, төраға жолдасы Жүніс Жолдасбеков, хатшысы Александр Школьник); Георгиевка, Колосовка, Галкино, Суплатовка тэрізді орыс селосын біріктірген Георгиевка болыстыгы (болатком төрағасы Прокофий Руднев, төраға жолдасы Прохор Раскошный, хатшысы Матвей Матвиенко).
Біздің өлкені орыстар жаулап алып, елді - облыс, уезд, болыстық қүрылым тәртібімен басқару басталған кезде қазақ ауылдарын нөмірлеу саясаты жүрген. Орыс қүжаттарында қазақ ауылдарының сол кездегі атаулары өте сирек жазылған. Бір болыстықта он ауыл болса, №1-ден бастап №10-ға дейін ауыл бар деп жазылады да, қай ауылдың қандай нөмірмен белгіленгенін айтпайды. Сондықтан, осы мәселені анықтау бізге көп қиындық тудырды.
Мысалы, бір қүжатта Қазығүрт болыстығында №1-ші ауыл Атбүлақ деп көрсетілсе, кейінгі құжаттарды Атбұлақ пен Жылбике №2-ші ауыл болып көрсетіледі. 1890 жылғы құжаттарда Бадам ауданындағы Қожамжар ауылы № 1 -ші, Ниязбек ауылы №2-ші делінсе, 1896 жылғы документтерде Қожамжар ауылы №8-ші болады да, Ниязбек №10-шы болып кетеді. Бұлар шатасқан сан ба, әлде, орыс билігі ауыл нөмірлерін жиі өзгертіп отырған ба, ол жағын да нақтылай алмадық. Сол үшін де, 1919 жылғы жоғарыда аталған болыстықтарға қандай қазақ ауылдары жатқанын дэл атай алмадық. Документтерде ауылдарды өз аттарымен атамай, нөмірлері бойынша көрсету тэртібі 1930 жылдарға дейін жалғасқанын біз архивтік деректерден анық көрдік. Не айтсақ та, совет үкіметі - кедейлер үкіметі еді. 1918-24 жылдары облыстық, уездік комитеттерде, болаткомдарда патша кезіндегі қызметкерлер элі көп болғанымен, олармен қатарлас кедей таптың өкілдері де қызметке көптеп ілікті. Соған орай, болаткомға төраға болғандарды халық жалпақ тілмен «кедей болыс» деп атады. Мәнісі - кедейлер үкіметінің болысы дегенді білдірген. Бір айтарымыз, болыстар тарихын жазатын кейбір тарихшы-жазбагерлер патша кезіндегі болыс пен осы «кедей болыстың» ара-жігін ажырата алмай жүр. «Кедей болыс» атауы ел арасында болыстықтар тараған 1928 жылга дейін қолданыста болды. 1919 жылдан бастап Түркістан советтікреспубликасы халыцты оқыту багы- тында оңды істерді жолга цоя бастайды. Соның негізінде, Сайрамда, Сұлтан- рабатта, Жалгандыцта жәдид агымымен оцытатын мектеп-медреселер жүмыстары жанданады. Шымкент уезді көлемінде сол кездегі жәдид мектепте- рінде білім алган бірталай жастар кейін совет органдарында әжептеуір қызметтер атқарады. Бұлардың қатарына Шымкент уезі бастығының орынбасары болған Талапбай Жэмшітов, Қазығұрт ауылдық кеңесінің төрағасы болған Ә. Естемесов, Бадам аудандық атқару комитетінің алғашқы төрағасы болған Досан Тәберов, Бадам аудандық милициясының бастығы болған Ноғай Ордабеков, Ташкент қалалық парткомының мүшесі болған Смайыл Сайлаубеков, т. с. сияқты өз кездерінде ел үшін еңбек еткен бірталай азаматтар бар.
1920 жылдардан бастап, уездегі ауылдар ұжымдасып егіс еге бастаған. Әр үй жыл сайын түтін салығымен қатар, еккен егісіне қарай салық төледі. Аталған жылы Лениннің қол қоюымен қабьшданған «Кооперативтер туралы қаулысына» орай қалалар мен ауылдардағы делдалдардың, алыс жақтарға мал айдап, бұйым тасып пайда табатын саудагерлер мен алыпсатарлардың қызметтеріне шектеу қойылады. Оған керісінше, жер-жердегі байлардың мал-мүліктері уездік есеп басқармасының тізіміне алынады. Енді қазақ байлары кооперативті жүйеге көшіп, малдарының санына, еккен егістерінің көлеміне қарай үкіметке салық төлейтін жэне қол астындағы жұмысшыларға жалақы төлеп, мал-егістен үлес беретін болып міндеттеледі. Бұрын ауқаттьшардың құзырына қарап келген жерлер мемлекет меншігі деп жарияланады. Уездегі болыстық комитеттер өз құзырларында мініс аттар мен азық қорларын ұстайды. Патша кезінде облыс қазынасы қазыналық-қаржылық жэне мүліктік-бұйымдық банктерде сақталатын. Уезд орталықтарында да ақша сақтайтын банктер жұмыс істеді. Совет кезінде де осы жүйе сақталады жэне барлық салық түрлерінен түсетін қаржылар уездік банктерге жиналып, облыстық қазынаға жіберіліп отырылды. Түркістан республикасы көлемінде 1919 жылға дейін 1915 жылы шығарылған Николай ақшасы жүреді. Онымен бірге Уақытша үкімет шығарған «Киренка» ақшасы да жүреді. Оларды 1919 жылы советтік үлгіде шығарылған сомдар мен тиындар шетке ысырады. Жаңа ақша пайда болғанда үкімет Шымкент уезінің жергілікті қазақ байларына Николай ақшаларын жаңа ақшаға ауыстыруға кеңес берген. Сол уақытқа қатысты тарихи жазбалардың бірінде сонда бұрынғы Бадам болыстығының болысы, Қоқан кезінде атақты датқа болған Шойбек ұрпағы Ордабек пен Жанбай ауылының байы Ысақ Сарманов уезд орталығындағы банкке бес-бес қаптан ақша әкеп ауыстырған деген дерек сақталған.
1921 жылы Түркістан республикасына қарасты облыстар мен уездердегі болыстықтардың бірталайы таратылып, олардың экімшілік-аумақтық көлемдері іріленеді. Осы жылыуездік комитеттің шеиіімімен Черняев цаласы - Шымкент цаласы, Черняевуезді-Шымкентуезді болып цайта өзгертіледі (оны 1922 жылы 7 маусымда ТүркАКСР ОАК бекітеді). 1919 жылғы Шымкент уездіне қараған 45 болыстықтың біразы жаңадан ашылған Түркістан уездіне өтеді. Шымкент уездінде 21 болыстық қалады. Олар - Арыс, Ацтас, Алексеев, Бадам, Беловод, Боралдай, Ванновка, Георгиев, Дорофеев, Жылыбүлац, Қарабүлац, Қазыгұрт, Қаракол, Машат, Мыңбүлақ, Сырдария, Сарыкөл, Сайрам, Темірлан, Түлкібас,Шаян. 1921 жылы Төлеби жеріндегі 1915 жылы құрылған Трехсвятка - Дорофеевке, Сахаровка - Георгиевке, Сайрамсу, Қаратөбе, болыстықтары - Бадам болыстыгына қосылады. Осы жылы Сахаровка мен Веряховка бірігіп - Совет селосы болып өзгертіледі жэне ТүркАКСР үкіметі барлық жердегі болыстықтарды ұлт-ұлттарға қарай іріктейді. Соған байланысты Бадам мен Қазыгүрт болыстықтарына ірілі- ұсақты 41 қазақ ауылдары кіреді, ал Георгиев мен Дорофеев болыстықтарына европалық нәсілден тұратын селолар қарайды. Атап айтқанда, еуропалық Дорофеев болыстыгына - Александровка, Дорофеевка, Красино, Михайловка, Нестеровка, Скреплевка, Фогелево, Трехсвятка, Троицкое селолары, ал украиндық Георгиев болыстыгына - Георгиевка, Галкино, Петропавловка, Суплатовка, Советское, Руднево, Покровка, Борисовка, Г авриловка, Колосовка поселкалары біріктіріледі.
Совет үкіметі алғаш орнаған жылдары жергілікті билік кұрылымдары - облыстық, уездік, болыстық, ауылдық төңкеріс комитеттері деп аталған. 1921 жылға қарай олардан төңкерістік деген тіркес алынып тасталынады. Облысты басқаратын орган - Ресей коммунистік партиясы РКП (б) облыстық комитеті, уезді басқаратын мекеме РКП (б) уездік комитеті аталады. Облыс пен уезді басқарушы бастық аталған.
Атқару комитеттері алғашқыда жұмысшы-шаруалар жэне қызыл әскерлер депутаттары кеңесі аталады. 1922 жылы бұл атау - жұмысшылар, қызыл әскерлер жэне дихандар кеңесі болып өзгертіледі. Оның басшысы төраға аталады. Советтік Шымкент уездінің алғашқы төңкерістік комиссары Н.Кузнецов, солдат депутаттары кеңесінің төрағасы 3. Романов. 1924 жылы Трехсвятка - Пролетаровка, Манджурия - Карл Маркс, Дорофеевка болыстығы - БіріншіМай болыстығы, Дорофеевка поселкасы - БіріншіМай селосы болып өзгертіледі.