ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
СЫРДАРИЯ ГУБЕРНИЯСЫНЫҢ ҚУРЫЛУЫ

Түркістан АССР-ының атауы да, өзі де тарих қойнауына кеткеннен кейін бұрынғы Сырдария облысының аты өзгеріп, ол Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасының құрамында Сырдария губерниясы болып қайта құрылады.


Қазақстандағы облыс атауларының губерния болып өзгертілуі -1923 жьшы КСРО мемлекеттік жоспарлау комиссиясының елдегі облыстарды жаңа экімшілік- территориялық бөлініске бөлу бойынша жасаған жоспарына сәйкес іске асады. Біраң Сырдария облысы губерния аталганымен, Қазаңстан жеріндегі ескі террито- риясы сол күйі саңталынып ңалды. 1924 жылдың 12 желтоңсанында губерния орталыгы Шымкент ңаласына келіп орныгады. Губерния алты уездге бөлінеди Олар - Әулиеата, бүрынгы Ташкент уездінің негізінде пайда болган Ташңазаң (Ташкент-ңазак), Түркістан, Аңмешіт, Қазалы, Шымкент уездері. 1925 жылы Аңмешіт атауы - Қызылорда болып озгертіледи 1927 жылы оның ңүрамынан болінген республикадагы алгашңы аудандардың бірі болып, Қарсаңпай ауданы ашылады (орталыгы - Жезңазган). Жаңа Сырдария губерниясының жер көлемі 1925 жылы 434,5мың шаршы шаңырымды ңүраган. 1926 жылгы санаң бойынша, халңының саны 1156,8 мыщягни 1 миллион 156мың 800адам. Оның 77,5 проценті ңазаң, 6,5 проценті озбек, 7,1 проценті орыс, 2,6 проценті украин, 2,1 проценті басңаүлттар.
Сырдария облысы Қазақстанға берілмей тұрғанда Шымкент уездінде эр ауыл төңірегінде кедейлер бірлесіп еңбек ететін шаруашылықтар пайда болған-тын. Ондай шаруашылықтар - «Шаруашылық серіктестік» (егін егу жэне жер өңдеумен айналысатын шаруашылықтар (ТОЗ); «Мақта шаруашылықтары»; «Бай шаруашылықтары»; «Әртел» (бір ауыл немесе бір әулет бүтіндей бірігіп, жұмыс істейтін ұжым) деп аталган еді. 1921-22 жылдары кедей-батырақтардың мүддесін қорғайтын «Қосшы» одағы пайда болады. Бір «Қосшы» одағы бірнеше серіктестікті біріктіреді. Уездерде, облыстарда «Қосшы» одақтарының арнайы комитеттері ұйымдастырылады.
1926 жылы КСРО Ғылым академиясының жанынан одақтас жэне автономиялы республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше Комитет құрылады. Осы комитеттің 1929 жылы Сырдария округында жүргізген зерттеу қорытындылары Алматыда арнайы кітап болып шығады. «Описания округов и районов на территории Сыр- Даръинской области:результаты Казахстанской экспедиции Особого Комитета Академии Наук СССР» деген атпен шыққан бұл арнайы жинақта 1925-29 жылдар аралығындағы эр ауданның жер көлеміне, халқының жэне малының санына, шаруашылығына, экономикасына қатысты мэліметтердің бэрі тізілген. Жинақтың 85 бетіндегі мәлімет бойынша, 1926 жылы Сырдария губерниясында 9 800 елдімекен бар екен, оның іиіінде Шымкент уездінде 2333 елдімекен тіркелген. Ал 138-139 беттердегі деректерде 1926 жылы Төлеби жері 2869 шаршы шаңырымды қамтыган. Георгиевка украиндық-европалық болыстыққа жататын орыс селолары мен Сүлтанрабатты есептемегенде, қазақ болыстықтарына қарайтын (мүпыц ішінде Фогелево мен Царское селолары бар) ауылдардың саны - 186, оларда 42148халық түрган және 8494 шаруашылық бар. 42мыңнан асатын халықтың 40 821-і қазақ, 950-і еуропалық, 111-і шалақазақ, 51-і сарт, 225-і басқа үлттар.
1925 жылы біздің аудан көлемінде 6 895 гектар суармалы егістікке, 7 467 гектар тэлімі (богарная) егістікке арналган жер болган. Мұның 388 гектар алқабына мақта егілген. Сол жылы торт болыстықтагы жалпы мал саны (Георгиевка, Дорофеевка, Бадам, Қазыгүрт) 125 614-ке жеткен. Оның ішінде 8367 жылқы, 12 155 ірі қара, 1919 түйе, 103 183 үсақ түяқ болыпты. (Бірақ жинақта бұл сандардың нақты еместігі, мал басы осы сандардан әлдеқайда көп екендігі ескертіліп жазылған).
1926 жылы бүкіл Қазақстан бойынша болыстықтарды ірілендіру саясаты жүргізіледі. Соған орай Шымкент уездіндегі 1925 жылғы 21 болыстық - Бадам, Қараспан, Беловод, Түлкібас, Шаян, Георгиевкаукраин-еуропалық, Ванновка орыс сияқты жеті болыстық комитетке біріктіріледі. Төлеби аумағы Бадам жэне Георгиевка болыстықтарынан тұрады. Бірақ бұл екеуінің де құрамына қазіргі Сайрам жэне Түлкібас аудандарының бірталай жерлері кірген. Бадамғажеті ауылдық, Георгиевкага (бұрынгы Дорофеевкага қараған орыс селоларының бэрі осыған кірген) төрт селолық-поселкалық кеңестер қарайды. Жоғарыда көрсетілген 186 қазақ ауылдары осы Бадам болыстығына ғана қараған елді-мекендердің саны. Ол кезде эр жерде әулет-әулет болып отырған он бес-жиырма үйлі қазақтар да бір-бір ауыл деп танылған. 1926-1927 жылдары Бадам мен Георгиевка болыстықтарында 18 әртел, 2 коммуна, 24 жер өңдеу серіктестігі құрылады. Бұлармен қатар 12 аса жэне 53 орта байлар шаруашылығы болады.
Облыстың архивте жатқан Сырдария статистикалың комитеті бастыгының орынбасары Айдос Қошңаров жазып ңалдырган ңүжатта 1927 жылы Сырдария губерниясында 1 миллион 400 мың халың (оның 1 миллион 100 мыңы ңазаң), 361 мың жылңы, 664мың ірі ңара, 181 мың түйе, 5миллион 634мың ңой-ешкі, 25 мың есек, 15 мың шошңа-барлыгы - бмиллион 880 басмал тіркелген. Ол сол документте былай деп ескерту жазган: «Біз уаңыт пен аңшаның тапшылыгына байланысты шалгай далалардагы және алыс тау ңуыстарындагы ңазаңтар мен олардагы малдардың сандарьт дәл аныңтай алмадың. Осыган байланысты біздің ішкі жобалың есебімізше, 200 мыңдай ңазаң пен 300 мыңдай мал санаңтан тыс ңалды...»
...Иә, оқырман, осы деректі оқығаныңызда 1927 жылы біздің өлкеде осынша қазақ пен соншама малдың болғанын жэне осыдан үш-төрт жыл кейінгі, нақтысы 1931-33 жылдардағы ашаршылықтан соң мұншама жүрт пен малдың тек 30-40-ақ проценті ғана қалғанын бір сәт ойлап қойыңызшы...