ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР
ЭНЦИКЛОПЕДИЯҒА КІРІСПЕ-Т Ү СІНІКТЕМЕ

Төлеби жері - осы жердің тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін киелі мекен. Бұл жердің эрбір тау-тасы мен сай-жырасы, қыр-жотасы мен жазық-қыраты тарихқа толы. Мұнда бір кездері арғы заманғы бабаларымыз, ілкі түп-тамырымыз болып есептелетін Саңтар мен Үйсіндердің, Қаңлылар мен Огыздардың жұрты жайлаған. Сол жұрттардың осыдан арысы - 22-23, берісі-10-15 ғасыр бұрын қолдан тұрғызған жасанды төрткүл төбелері, қорған төбелері ауданымыздағы тау етекте- рінде, өзен-су жағаларында оқшау-оқшау болып элі іұр. Біздің көпшілік оларды кейде «Қарауылтөбелер» деп те атайды.


Ауданымыздың шығыс жақ бетін тұтастай алып жатқан Талас Алатауының батыс беткейінде ежелгі замандарда су толып аққан, ал бүгінде түптері құрғап, құр аңғар- лары ғана қалған өзен арналары да - ілкі заманнан қалған тағы бір естелік-белгі. Он- дай өзендердің ұзыннан-ұзақ жыра-жыра күйінде созылып жатқан аңғарлары Қайнар мен Алатау, Керегетас пен Диханкөл ауылдарының араларында жағалары кең, түптері терең күйінде элі көрініп жатыр. Бұл ескі өзендер Сайрамсуға келіп құйған. Сілемдері соны меңзейді. Ғалымдардың пайымдауынша, Алатаудың құзар шатқалдарының етегінде жина- лып, айдын болып тұрған Сусіңген көлі де әлденеше мыңдаған жылдар бұрын пайда болған екен. Аудан көлеміндегі барлық бұлақ-бастаулардың суы ықылымнан осы Су- сіңген көлінен келеді екен. Ал сол таулардың беткей-қияларында, сай-аңғарларында өсіп тұрған өсімдіктер мен тал-дарақтардың, арша-шыршалардың да, ондағы жорт- қан аңдар мен ұшқан құстардың да пайда болуы, өсіп-өну кезеңі бүдан бірнеше мың- даған бұрынғы заманның еншісінде. Сол еншіні қазір Өгем-Сайрам табиғи қорығы көздің қарашығындай сақтауда.
Төлеби жері исламдық құндылықтардың да ордасы. Мыңшейіт, Ақбура, Ғайып Ерен-Қырық Шілтен, Мейрам Ана, Мансұр Ата... иэ, бұлардың барлығы исламдық қағидаттар мен наным-сенімнің арқасында пайда болған әулиелі орындар. Олардың әрқайсысы туралы мұсылмандық қағидаттарға сай, бірақ қазақы ұғымға сэйкес келетін аңыздар бар. Оның үстіне Төлеби іргесінде сансыз баптар мекені Сайрам мен Нұх пайғамбардың кемесі қайырлаған әулие тау - Қазығұрт тұр. Бұл да - біздің ау- данымыздың киелі мекен екенін көрсетіп тұр.
Айтпақшы, Қазығұрт тауы да біздің ауданның шегінде жатыр. Сондықтан да, Қазығұрттың ислам әлемі мен қазақ тарихында қандай орны болса, Төлеби ауданы- ның да Алаш жұрты үшін орны сондай. Анығын айтқанда, Төлеби жері - шартты түрде де, географиялық жағынан да Қазығұрт өңірі саналады. Ал Қазығұрт өңірі бағ- зыдағы ¥лы Жібек жолының бойында жатқан қасиетті мекен екені баршаға мағлұм. Сондықтан да Төлеби жері туралы ауызға алғанда, Қазығұрт атауын да қоса айту - міндет. Бұл екеуі - егіз атау! Міне, сондай қасиетті мекенде отырмыз. Қазығұрт - Төлеби жерінің тағы бір қасиеттілігі - орта ғасырларда бұл өңірде жоғарыда айтып өткен тайпалық одақтардан кейін эр кезеңде бірін-бірі алмастырған эр түрлі ұлыстар мен қағанаттар жайлаған. Заманымыздың басында мұнда бір уақыттарда күндей күркіреген Ғұн жұртының бір сілемі Ақ Ғұндар, ягни эфталит- тер өмір сүрген. 552 жылы Түркі қағанаты құрылған кезде ежелгі Қаңлы-Үйсін жұртынан тараған тайпалар одағы болып табылатын «он оқ» рулары түрған. Он оқ өзара «бес Дулу» (Дулат) жэне «Бес Нүшибе» болып бөлінді жэне бұлар Түркі қаға- натының негізін күрады. 603-704 жылдар аралығында Батыс Түркі жұртының орта- лық мекені болды. Одан кейін Төлеби жерін Түргеш (704-756 ж.ж.), Қарлүң (756-940 ж.ж.), Қарахан (942-1210 ж.ж.) қағанаттары иеленді. Бұл қағанаттардың аттары өзде- рінің билік кезеңдеріне орай өзгеріп отырғанымен, құрамындағы ру-тайпалар одағы өзгерген жоқ. Олар сол баяғы Қаңлы-Үйсін одақтарынан таралған ру-тайпалар еді.
Одан кейін де қаншама тарихи оқиғалар өтті. Төлеби өлкесін жайлаған ежелгі ата- бабаларымыз сол тарихи оқиғалармен біте қайнасып, туған өлкені сақтауға күш сал- ды. Ғасырлар безбенінде ұрпақтар жалғастығын үзбей, бізге бүгінгідей жарқын болашақты сыйлады. Ендеше, олар өмір сүрген уақыттың шын болмысын барынша көрсетіп, өткен кезеңдердің шынайы келбетін ақиақат тұрғысында жазу - осы энциклопедияның жэне бір міндеті болды. Соған орай барлық кезеңнің тарихына ба- рынша мұқият қарап, оларды анықтама түрінде қысқаша жазып шықтық. Энциклопедия - өзіне тақырып болған аймақтың кешегісі мен бүгінгісін тарихи түрғыдан анық көрсететін шарайна. Сол үшін де, өткен замандарда болып өткен оқиғаларды, өлкемізде өмір сүрген үкіметтік құрылымдарды, іске асқан саяси өзге- рістерді, санамызда һэм эртүрлі тарихи жазбаларымызда естелік ретінде қалған ай- шықты құбылыстарды сол күйінде жазбаладық. Әнебір замандағы оқиға қазіргі ұр- паққа керек емес, түген кезеңдегі болган өзгерістер ертеңге қажет емес деген пікір- лерді ойымыздан ысырып тастап, ілкінің шынайы көрінісін бүгінгі үрпаққа жеткізуге күш салдық. Әлбетте, тарих жасаушы адам екені хақ. Ендеше, ата-бабаларымыздың жеңісті күндері мен жеңілісті кезеңдерінің бэрі - осы энциклопедияға енгізілуі шарт.
Тағы бір баса назар аударатын нәрсе - бүл энциклопедия бір ғана адамның еңбегі емес. Әрине, бүған бастамашы өзіміз болсақ та, қолдау мен жарыққа шығару - аудан экімі мен аудандық мәслихат хатшысының һэм депутаттарының демеуі бойынша қолга алынды. Содан кейін ғана ұйымдастыру алқасы мен ақылдастар алқасының тобы құрылып, құжаттар мен мәліметтер жинақтауға кірістік. Бұл жұмысқа аудандагы белсенді азаматтармен бірге, жергілікті өлкетанушылар, өңір тарихын зерттеушілер, сондай-ақ ауыл әкімдерінің барлығы тартылды. Барлық материалдар осы комиссия- лардың талқысына салынып, тексеруінен өткізілді.
Энциклопедияны жазу барысында көптеген мэселелерді тыңнан қарастыруға тура келді. Мәселен, бұл кітаптың басқа еңбектерге ұқсап кетпеуіне баса ден қойдық. Осы орайда кейбір мәселелерді бас редактордың өзі шешуіне тура келді. Енді қолдарыңыз- дағы энциклопедияга енген мэліметтердің қандай тэртіппен жазылғаны жайында аз- кем түсінік бере кетейік:
1. Төлеби ауданына қарасты жер-су аттарын жазу барысында бұрын біздің ауданға қараған Қазыгұрт етегіндегі, қазір Сайрам ауданына қарайтын кейбір ауылдар мен колхоз-совхоздар тарихы, сондай-ақ әулиелі орындар мен киелі жерлер туралы мәліметтер де қатар жазылды.
2. Энциклопедияга енетін тұлғаларды сараптау аудан ақсақалдары мен ауылдардың өкілдері қатысқан жиналыста мақұлданган жоба бойынша жасалынды. Соның негізінде, полковниктен жоғары шенге жеткен эскерилер, ғылымға барынша еңбегі сіңген атақты ғалымдар, аудан басшылары мен олардан жоғары қызметте болғандар, республикалық деңгейдегі жэне облыстық басқармалар мен мекемелерді басқарған- дар, Социалистік Еңбек Ерлері, ¥лы Отан согысының айтулы ардагерлері, өлкемізден шыққан ақын-жазушьшар, өнер саңлақтары, суретшілер, өңірімізге еңбегі сіңген кол- хоз бастықтары, совхоз директорлары, аудан мақтанышына айналған еңбек озаттары, қазыналы қариялар түгел енді.
3. Өлкеміздің тарихында өзіндік із қалдырган бұрынгы гасырлардагы даңқты қолбасшылар мен батыр-билердің, елге аты белгілі датқа-болыстардың өмірбаяндары да осы еңбектен шет қалдырмауға тырыстық.
4. Ата-тегі жэне туған жері Төлеби ауданы болғанымен, өздері басқа жақта қызмет атқарып, аттары мэшһүр болган кісілердің есімдерін барынша түгел жазуға талпын- дық.
5. Энциклопедияга берілген мэліметтердің барлыгы түпнұсқага бейімделіп, қажет болган жағдайда ғьшыми дерекнамалармен салыстырылып барып жазылды. Соган орай шығу тегі немесе жұртқа белгілі атауының қалыптасуы жайында бірнеше аңыздық түрлері бар жер-сулар, өзен көлдер, тау-тастар аттарының ғылым мен наным-сенімге дэлірек келетін бір ғана нұсқасын жаздық.
6. Кейбір тұлғалар туралы мэліметтер жеткіліксіз болғандықтан, өмірбаяндары толық қамтылмай, лауазымдарын атаумен ғана шектелдік (мысалы, Досан Тәберов, ПетрКачесов). 7. Кітапқа қазіргі кездегі аудан экімшілігінің аппараты мен бөлім басшыларының, аудандық мәслихат басшыларының, ауыл әкімдерінің суреттерін топтап салдық. Ал айтулы тұлғалардың суреттерін энциклопедия шартына сай бердік.
8. Энциклопедияға Төлеби өңірінде өмірге келген тұлғалардың тек ауылдарының аттары гана жазылып, аудан-облыс аттары көрсетілген жоқ.
9. Ауданымыздан совет үкіметі кезінде 17 Социалистік Еңбек Ері, 7 ¥лы Отан согысының Батыры шыққан, 3 тұлға министр, 2 кісі облыс экімі, 8 азамат аудан экімі болған. 5 азаматымыз генерал деген жоғары әскери шен алган. 3 кісі ҚР Парламентіне, ал 7 азамат облыстық мәслихатқа депутат сайланған. Ақын-жазушылар мен журна- листердің, әнші-күйшілер мен сазгерлердің саны - 47, жалпы ғалымдардың саны - 162, оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлар - 65, ғылым кандидаттары - 97. Киелі жерлердің саны - 47, заманымыздан бұрынғы жэне кейінгі Сақ-Үйсін жэне Көк түркілер заманында салынған, ел ішінде қарауылтөбелер, қорғантөбелер, қорғанды обалар, ал кейде әулиелі төбелер аталып жүрген жасанды, қолдан үйілген төбелердің саны — 27. Энциклопедияға осы аталған тұлғалардың аттары мен жер-су атауларының бэрін кіргіздік. Бірінші тарауға ауданымыздың екі мың жылдық тарихын нақты деректер арқылы кезең-кезеңімен қысқаша түрде жазып шықтық. Жалпы, бұл кітапқа 781 адамның өмірбаяндары енді, ескілікті 115 колхоздың, 40-қа жуық ауылдардың, қазіргі 12 ауылдық округтің, бұрынғы үш совхоздың тарихы жазылды. 1994 жылдан бері бері аудандық мәслихатқа 106 азамат депутат болған. Ал ауданның Құрметті азаматы деген атақты осы күнге дейін 249 кісі иеленіпті. Кітапқа бұлардың барлығының тізімі енгізілді.
10. Энциклопедияға пайдаланылған әдебиеттердің, жеке зерттеушілер мен жазба- герлердің кітаптарын, мақалалар тізімдерін жэне архивтік материалдардың қорлары мен тізбелік нөмірлерін ең соңғы бетте арнайы көрсеттік. Сонымен, құрметті қауым, аудан тарихы жэне жеке тұлғалар мен киелі жерлер, сондай-ақ көрікті мекендеріміз жайында қысқаша болса да арнайы мәлімет берілген, бірақ та, ішінде маңызды оқиғалар мен көптеген деректер жазьшған энциклопедия қолдарыңызда. Мұны дайындаған һэм жазған кісілер бұрынғы ғасырларда аудан көлемінде болып өткен оқиғалардың ешқайсысын да назарларынан тыс қалдырмауға тырысып бақты. Дегенмен, бэрібір, бұл энциклопедияға ілікпей қалған базбір деректердің бар болуы да кэдік. Ондай олқылық болса, Сіздерден алдын-ала кешірім сұраймыз. Ал, мұның ішінде керектеріңізге жарайтын мәліметтер болса, мархабат, алыңыз да, кәдеңізге жаратыңыз!