ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР

Бүкіл ауданның имамдары

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

- Бүгін аудандық «Ақ босаға» мейрамханасында мұсылман баласы үшін шаттық пен қуанышқа толы «Мәуліт мерекесі» аталып өтті. Рухани кешке белгілі дінтанушы, теолог, ҚМДБ өкілі А.Қуанышбай, аудан әкімі Т.Телғараев және аудандық мәслихатының депутаттары, мекеме басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, мешіт ұстаздары мен шәкірттері жиналды.
- «Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт» дегенді білдіреді. Мұсылман жұртшылығы «мәуліт» сөзін Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күні ұғымында қолданады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күнін атап өтуге арналған жиындардың арқасында, халқымыз Пайғамбарымызды жақыннан тани түсіп, жүректерге имандылық ұялайды. Ал, имандылық – адамзат баласының тату-тәтті, ауызбіршілікте өмір сүруіне жол бастайды.
- Мәуліт ән-Нәби – пайғамбарымыз әзірет Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күні жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналып келеді. Жиын соңында мұсылман қауім бір-бірін құттықтап, аман-саулық тілесіп тарқасып жатты


i1 i2