ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - БАСТАПҚЫ КЕЛБЕТІН САҚТАП ҚАЛҒАН ЖЕР

Қала тұрғындары

ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ!

- Бүгін аудандық мәдениет үйінде мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз жолы - ұлы жол!» атты мерекелік жиын өтті. Жиынға құрметті қонағы болып аудан әкімінің орынбасары С.Дуйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, ардагер ұстаздар, білім саласының мамандары қатысты.
- Ұстаздар — мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы — ұстаздың бүгінгі тәлімінде.
- Білім саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктермен нәтижелерге қол жеткізген ұстаздарды Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен, «Алғыс хат», аудандық мәслихаттың Грамотасымен аудан әкімінің орынбасары С.Дуйсебаев және аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров марапаттады.


i1 i2 i2